Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы № 1 (49), 2021
71
Сабақ соңында үйге
тапсырма беріліп, білім алушылармен кері байланыс орнатылды.
Кері байланыста тақырыпқа сай табиғат құбылыстары таңдап алынды.
Уақытымен үлгеріп жұмыс істеген
білім
алушылар
оны
ZOOM
платформасының чатына жіберді, ал
үлгермеген
кейбір студенттер топтың
уотсаптағы чатына салды.
Білім
алушыларға
ZOOM
платформасының хабарландыру тақтасын
студенттермен
«бірлесіп
пайдалану»
арқылы,
ассоциограмманы
барынша
түрлендіріп ұсынуға болады. Мысалы,
төмендегі суреттегідей тек бір ғана түсті
қолданып, тақтаға өзіңіз жазып шығуға
болады.
Немесе
мына
суреттегідей
әр
студентке әртүрлі түсті беріп,
тақтаны
«бірлесіп қолдануға» болады. Түстерді
белгілі бір студентке бекітіп беру арқылы
кімнің қандай сөздерді жазғанын,
кімнің
қанша сөз жазғанын шамалай аласыз.
Сонымен қоса, студент тақтаға жазып
жатқанда, оның аты-жөні көрініп тұрады.
Бұл да өте ыңғайлы.
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы № 1 (49), 2021
72
Я болмаса, төмендегі суретте көрсетілгендей, актив лексиканы басқа түспен, пассив
лексиканы екінші бір түспен жазып шығуыңызға да болады.
Сонымен қоса,
мына суретте көрсетілгендей, сіз ZOOM-ға өзіңіз алдын ала кіріп,
тақтаны дайындап қоюыңызға да болады:
ZOOM
платформасының
хабарландыру тақтасын пайдаланудың
тағы бір артықшылығы, оны сақтап қоюға
да болады. Өшіргіш те бар. Сонымен қоса,
тек өзіңіз
жазғанды ғана немесе тек
студенттердің жазғандарын ғана өшіруге
мүмкіндік жасалған.
Жалпы ZOOM платформасында сабақ
өткенде қазіргі заманауи әдіс-тәсілдер мен
интербелсенді
технологиялардың
көпшілігін еш
қиындықсыз пайдалануға
болады.
Мәселен,
фильмдер
мен
роликтерді презентацияларды көруден
бөлек мұнда Венн диаграммасын, SWOT-