Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы № 1 (49), 2021
69
жазылымды
толықтай
іске
асыруға
мүмкіндік бар. Әр сабақта интербелсенді
әдістемені қолданып,
қызықты өткізуге
болады.
Біз мақалада қазақ тілін ZOOM
платформасында
оқытудағы
өз
тәжірибемізбен бөліспекпіз. Ойымызды
нақты мысалдармен келтірсек, мәселен, В1
деңгейі бойынша оқитын топтарда 1-
триместрде «
Адам және табиғат» деген
модуль бар.
Сол модульді меңгеру
барысында,
мәселен,
ZOOM
платформасының мүмкіндіктері молынан
пайдаланылды: ассоциограмма, кластер
құру, Т-кестесі,
топтық жұмыс, жұптық
жұмыс түрлерін пайдаландық.
Нақтырақ
айтсақ,
ассоциограмма,
кластер құруда ZOOM платформасының
мүмкіндіктері
зор.
Хабарландыру
тақтасының
мүмкіндіктерін
тиімді
пайдалануға
болады,
тақтаны
білім
алушылармен
«бірлесіп
пайдалана»
отырып, тақтаның жұмыс құралдарын:
«сурет салу»-ды, «қарындаш»-ты, «мәтін»-
ді қолдана отырып, «Табиғат» сөзіне
ассоциограмма құрдық.
Әсіресе «Экологиялық сот отырысы»,
«Эколог-маманмен тілші сұхбаты»
рөлдік
ойындары
студенттердің
қызығушылықтарын оятып, қызықты өтті.
Екі сессиялық залда рөлдік ойындарға
дайындалу үшін топтық және жұптық
жұмыс жүргізілді. Бірінші залдағы топқа
«Экологиялық сот отырысына», екінші
сессиялық
залға
жіберілген
жұпқа
«Эколог-маманмен
тілші
сұхбатына»
дайындық жасауға тапсырма берілді. Екі
сессиялық
залда топтық және жұптық
жұмыстарға
студенттер
дайындалып
жатқанда негізгі бөлмеде жеке жұмыс
жүргізілді.
Бір
студент
Т-кестесін
толтырып, адамзаттың табиғатқа тигізген
әсері
(жағымды,
жағымсыз)
туралы
ойымен бөлісті.
ZOOM
платформасының
хабарландыру тақтасын студенттермен
«бірлесіп пайдалана» отырып, суреттерді
атауларымен
сәйкестендіру
де
өте
қолайлы. Мәселен,
біз өтіп жатқан
тақырыпқа сай «Құстар мен аңдардың
атауларын сәйкестендіріңіз», «Табиғат
құбылыстары
мен
атауларын
сәйкестендіріңіз» деген тапсырмаларды
бердік. Тақтаны білім алушылармен
«бірлесіп пайдалана» отырып, тақтаның
жұмыс құралдарын: «сурет салу»-ды,
«қарындаш»-ты
қолдана
отырып,
суреттерді атауларымен сәйкестендірдік.