Октябрьский ауылдық округінің әкімі С. В. Коротковтың 2015 жылғы есебінің тезисі



жүктеу 49.05 Kb.
Дата24.02.2016
өлшемі49.05 Kb.
ОКТЯБРЬСКИЙ АУЫЛДық округінің әкімі С.В.Коротковтың

2015 жылғы есебінің тезисі
Октябрьский ауылдық округінің құрамына жалпы тұрғындар саны 1514 адамнан тұратын үш елді мекен: Октябрьский, Садовой, Луговой елді мекендері кіреді. Округ тұрғындарының этникалық құрамы бойынша көпұлтты, оның ішінде қазақтар-13%, орыстар-81%, басқалары-6%.

Округтің орталығы – Октябрьский ауылы. Округ аумағы – 18 937 га, соның ішінде елді мекен жерлері 1947 га. Ауыл шаруашылыққа арналған жерлер 15 592 га, оның ішінде жыртылған жерлер – 12 135 га, жайылым жерлер 5041 га.

Өткен жыл әлеуметтік-экономикалық жағынан тұрақты сипатталады: мекемелерде қызметкерлердің жаппай босатылуы, округтің ауылшаруашылық құрамаларында, шағын кәсіпкерліктерде орын алған қысқартулар болған жоқ

Округтің жұмысы округ әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға мақсатталды.

2014 жылғы қорытындылар бойынша, аудан әкімінің тұрғылықты халықпен есептік кездесулерінде, тұрғындар 3 сұрақ пен ұсынымдар берген болатын; оның ішінде 2-не толық жауап беріліп, сол жерде түсіндірілді, 1 сұрақ округ әкімінің бақылауы мен орындалуына алынд, атап айтқанда ФАП фельдшерінің жоқтығы. 2015 жылы бұл мәселе оңды шешімін тапты.

Округтің кешенді саласы-ауыл шаруашылық.

Округте 10 ауылшаруашылық құрылымы, оның ішінде 2 ірі: «Шемонаихинский» ШҚ және «Воробьев Н. және Ко» КС, жыртылған жерлері 11 524 га 8 шағын шаруа қожалықтарының жыртылған жерлері-581 га.

2015 жылға ірі шаруашылықтар бойынша жалпы астық жинау – 80 520 ц. құрады, орташа астық өнімділігі гектарына 14,7 ц., қүнбағыс – 24 010 ц. орташа астық өнімділігі гектарына 14,2 ц. Шағын шаруашылықтар бойынша орташа астық өнімділігі, гектарына астық - 9 және күнбағыс 12 центнер.

Ірі ауылшаруашылық құрамаларында жыл сайын көлік-тракторлық паркін жаңарту жүруде. 2015 жылға 1638,0 мың теңге сомаға жаңа технологияның 1 бірлігі алынды.

Мал шаруашылығымен үш ауылшаруашылық құрылымдары: «Шемонаихинский» ШҚ, «Воробьев Н. және Ко» КС, «Прохорович» ШҚ және елді мекен тұрғындары айналысады.

2016 жылғы 1 қаңтарға мал басы: ІҚМ 3954 бас, оның ішінде сиыр - 1057 бас (өткен жылмен салыстырғанда 2 % өскен); жылқы - 181 бас, (өткен жылғы деңгейде); қой және ешкі - 671 бас. (өткен жылмен салыстырғанда 6 % кеміген); шошқа-860 бас. (13 % кеміген); құстардың басы - 2947 (өткен жылғы деңгейде) құрайды.

Ет 470 тн. (өткен жыл деңгейінде), сүт - 3609 тн. (өткен жылғы деңгейде), жұмыртқа - 530 (өткен жылғы деңгейде) өндірілді.

Білім беру

Округте 2 мектеп: «Жалпы білім беретін орта мектеп-балабақша» Октябрьский кешені» КММ, «Октябрьский негізгі орта мектебі» КММ, онда 192 оқушы оқиды, мектепке дейінгі даярлау топтарында-30. Балабақшаға-43 бала барады. Балаларды мектепке дейінгі даярлау және оқытумен қамту-94%. Оқушылардың білім сапасы-45%. ҰБТ орташа бал– 75,5, өткен жылғы-55.

Округтің ауылшаруашылық құрамаларының асханасынан тамақтану мөлшеріне сүт мен бал қосып, оқушыларды ыстық тамақпен қамту ұйымдастырылған.

Мектеп автобусымен Луговой және Садовой ауылдарынан 12 оқушыны апару жүзеге асырылады.



Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау нысандары – 1 ФАП. Медициналық қызметкерлермен қамтамасыз етілген.

Денсаулық сақтау жағдайы: туылған-14, өлген-19; бала және ана өлімі жоқ; туберкулезбен ауыратын аса қауіпті ауру жағдайлары жоқ, есепте 2 адам тұр. Онкологиялық аурулар бойынша 21 адам есепте тұр.

Флюробайқаудан 778 адам өтті, жоспарда – 730. Скринингтік бағдарламалар бойынша тұрғындарды тексеру жұмыстары жоспар бойынша өтуде, 800 адам өтті.



Мәдениет және спорт.

Мәдениет нысандары – 1 АМҮ, 1 кітапхана. Штатттық саны – 2 адам.

2015 жылға мәдени ұйымдастырушы мен кітапханашы 4211 адамды қамтитын 180 іс-шара өткізді. Округ кітапханашысы «Есірткіге жоқ», «Темекі тарту жоқ», «Қоршаған ортаны қорғау үшін», «Қауіпсіз қозғалыс» тақырыптарына 4 флешмоб өткізді. Округ мектептерінде ай сайын қарт адамдарға көмек көрсетуде «Забота» акциясы өткізіледі. Көркемөнерпаздар ұжымы үнемі аудандық іс шараларға қатысады.

Жеңіл атлетика, волейбол, баскетбол, ауыр атлетика, коньки, карате спорт түрлері дамытылуда. Аудандық спрот жарыстарында 7- сынып оқушылары жеңіл атлетика бойынша екінші орын алды. Октябрьский ауылында ауданы 120 ш.м. мұзайдын құйылды.



Халықты әлеуметтік қорғау

Жұмыс істемейтін ресми тіркелгендердің саны – 1 адам, жұмысқа орналастыру мәселесімен 9 адам өтініш білдірген, олардың 4-і жұмысқа орналастырылды және 4-уі қоғамдық жұмыстарға жіберілді. Округте қоғамдық төленетін жұмыста 4 адам жұмыс істейді.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатындардың саны 87,2 мың теңге сомаға -1 адам, тұрғын үй көмегін алатындар 289,0 мың теңге сомаға – 15 отбасы.

Округтегі әлеуметтік сипаттағы мәселерді шешуде ынтымақтастық ету және әлеуметтік жағдайдың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында, 15,057 млн. теңге сомаға 5 меморандум жасалды. 2015 жылғы 1 қаңтарға орындалғаны -100 % құрады. Жеке кәсіпкерлермен тамақ өнімдері мен ең бірінші қажет тауарлар бағалары өсуінің болмауы жөнінде меморандум жасалды (сауда қосылымы 10-15 % көп емес). Екі сауда нүктелерінде аз қамтылған азаматтарға арналған әлеуметтік бөлім құрылып және жұмыс істеуде (11 адам).



Мемлекетік қызметтерді көрсету

2015 жылғы 12 айға жеке тұлғалардан 10 өтініш, әртүрлі 23 анықтама берілді, 155 нотариалдық іс-қимылдар жасалды.

Барлық өтініштер сәйкес мерзімде жауап берумен қаралды.

Қаржылық-бюджеттік сала.

Жергілікті салықтан (жер, мүлік, көлік) 3092,1 млн. тг. сомасына немесе 100% салық жиналды.

2015 жылға бюджеттен жолдарды қыста ұстауға - 650,0 м.т., қоқысты үйіп сақтауға 182,0 м.т. бөлінді. Бюджеттік қаражаттар қаржыландыру жоспарына сәйкес 100 % игерілді.

Октябрьский ауылдық округі әкімінің жергілікті өзін-өзі басқару қызметтерін жүзеге асыруға бағытталған ақша түсімдерінің жоспарына сәйкес 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша түсім сомасы 2290,0 мың теңге, жоспарланған сома мөлшері 2002,5 мың теңгені құрайды. Оның көше жарықтандыру мен жолдарды қысқы кезеңде ұстауға 1447,0 мың теңге игерілді.



Құқықтық тәртіпті қорғау.

Округте тәртіп бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында, өзара ынтымақтастықпен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша біріккен жоспар әзірленіп және бекітіліп және оның орындалуы бойынша барлық іс-шаралар қабылдануда. Жыл бойы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, ескертулер бойынша 20 астам «Құқықтық тәртіп», «Тұрмыс», «Жасөспірім», «Допинг» және т.б. жедел – алдын алу іс-шаралары өткізілді. 2015 жылға 11 қылмысқа жасалған. 91 әкімшілік хаттамалар құрылды.



Октябрьский ауылдық округінің 2016 жылға арналған міндеттері мен дамуының болашағы:

1.Ауылшаруашылығы саласында

-елді мекеннің шағын ауылшаруашылық құрылымдарын ірілендіру;

-ылғалсақтау технологиясы бойынша егістік алаңдарын көбейту;

-жердің құнарлығын қамтамасыз ету;

-өндірістік үй-жайлар салу және жөндеу;

-ауылшаруашылық құрылымдары және округ тұрғындары мал бастарын көбейту;

-Октяьбрьское ауылында мал қорымын салу.

2.Инфрақұрылым және абаттандыруды дамыту

-ауылдық мәдениет үйіне концерттік киімдер мен музыкалық аспаптар сатып алу;

-Октябрьское ауылында Поперечка өзені арқылы өтетін автомобиль көпірін жөндеу;

-Октябрьский ауылдық округінің елді мекендерін абаттандыру және көгалдандыру.



Октябрьский ауылдық округінің әкімі С.Коротков


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет