А. Б. Молдашев экономика ғылымдарының докторы, профессор


ЖЕР КАДАСТРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



Pdf көрінісі
бет4/45
Дата21.12.2023
өлшемі0.91 Mb.
#487219
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
рег.учет. зем.

ЖЕР КАДАСТРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Жер кадастры туралы түсінік жəне 
Қазақстан Республикасында жер реформасы 
жағдайындағы оның мазмұны
Материалдық игілік қайнар көзі жəне салық салу объектісі 
ретінде жер туралы мағлұматтарды объективті түрде алу қажет-
тілігінен тарихи жер кадастры туындады. Мемлекеттің пайда болу-
ымен бірге жер мемлекеттік кіріс жəне арнайы салық объектісіне 
айналды.Сондықтан, қоғамның бір белгілі даму сатысында алды-
мен жерді есепке алу, содан кейін оны бағалау керектігі пайда бо-
лады, яғни жер кадастрын жүргізу қажеттілігі туындайды.
«Кадастр» сөзі латынның «capіtastrum» деген сөзінен шыққан. 
Бұл сөз «салық салынатын заттардың тізімі» деген ұғым береді. 
Осыған байланысты əуелі кадастр деп салықтанатын заттардың 
тізімі тіркелген кітапты (реестр) айтатын. Есепке, бағалауға алынған 
объектіге байланысты жер, су, орман жəне т.б. кадастрлері деп 
бөлінді. Сонымен бір жақты түсінікте жеркадастры – жер салығы 
салынатын заттар туралы кітап, ал кең түсінікте – жерге салық 
салу үшін жер туралы мəліметтерді алу мақсатымен жерді есепке 
алу, жазу жəне бағалау бойынша мемлекеттің жүргізетін əрекеттер 
жүйесі. Кадастрлердің басқа түрлерінен жеркадастрыөзінің 
объектісімен (жер – өндіріс құралы жəне материалдық игіліктердің 
қайнар көзі) ерекшелінеді. Жер кадастры əдістемесінің ерекшелігі 
жердің ерекшеліктерімен себептеледі. Ол ерекшеліктері келесідей:
1. Қоғам өмірінде жер еңбектің жалпы заты жəне шарты болып 
келеді. Ол қандай болмасын өндіріс үдерісінің болуына шартты. 
Бірақ оның рөлі қоғам өндірісінің əртүрлі сала қорында бірдей емес. 
Өңдеуші өнеркəсіпте жəне құрылыста ол кеңістік іс орны (еңбек 
жасалатын орын) ретінде көрінеді. Өңдеуші өнеркəсіпте, оның 
үстіне ол ерекше қойма ретінде қаралады. Ауылшаруашылығында 


9
жер тек қана өндіріс үрдісі жүзеге асырылатын орын ғана емес, ол 
еңбектің заты жəне құралы болып табылады. 
2. Жер кеңістікте көлем бойынша шектелген жəне ештеңемен 
ауыстырыла алмайды. Өндірістің басқа құралдары өнімділік 
күштер даму барысында сан жөнінде өзгере алады, ескіргендері 
жаңа, жетілдірілген, экономикалық тұрғыда ұтымды құралдарға 
ауыстырыла алады.
3. Жерді құрал ретінде пайдалану оның кеңістік орнымен жəне 
ол орынның тұрақтылығымен байланысты. Басқа құралдарды əр 
орындарда пайдалануға жəне бір орыннан басқа орынға жылжытуға 
болады, ал жер ресурсы бір орнынан басқа орынға жылжымайды.
4. Жер өндірістің мəңгі, ауыстырылмайтын құралы болып та-
былады. Ауыл шаруашылығында жер өндірістің ең басты құралы 
болып, өсімдіктердің өсуіне жағдай жасаушы өте маңызды жəне 
ерекше қасиетімен, құнарлылығымен сипатталады. Жерді дұрыс 
пайдаланса, оның сапасы төмендемейді, керісінше, жақсарады, 
сөйтіп, оның құнарлығы жоғарылайды.
Жердің айрықша ерекшелігі – ауылшаруашылық өндірісінде 
оны пайдалану сипаты. Жерде көптеген ауылшаруашылық дақыл-
дарының түрлері өсіріледі.
Жердің осындай ерекшеліктері жер кадастрының мазмұнын, 
оны жүргізу əдістерін жəне тəсілдерін алдын ала есептейді. Жал-
пы түрде жер кадастрына: 
1. Жерлерді есепке алу; 
2. Жерлерді баяндау;
3. Жерлерді бағалау сияқты əрекеттер тəн.
Жерлерді есепке алуда алқаптардың кеңістік жайы, олардың 
көлемдері, құрамы жəне сапасы анықталады. 
Жерлерді баяндауда олардың жаратылыс-тарихи жəне эконо-
микалық қасиеттері анықталып жазылады.
Жерлерді бағалауда жердің өндіріс құралы ретінде құндылығы 
жəне пайдалылығы анықталады. 
Кадастрдың осы аталған əр əрекеті – өзінше бірқатар 
техникалық тəсілдерден тұрады. Ал олар барлығы бірге жердің 
санына, сапасына, негізгі қасиеттеріне, нышандарына ең толық 
сипаттама береді жəне шаруалау, салық салу объектісі ретінде 
салыстырмалы құныдылығын көрсетеді. Кадастрды жүргізуде əр 


10
əрекеттің маңызы туралы сұрақ əр кезеңде жəне əр елде əр түрлі 
қойылған. Бір жағдайда кадастрда ең басты көңіл – жерлерді 
есепке алуға, басқа жағдайда – жерлерді жаратылыс-тарихи не-
месе экономикалық баяндауға, ал үшінші жағдайда – жерлерді 
бағалауға немесе əрекеттерді қалай болса да үйлестіруге бөлінген. 
Барлық жағдайларда жер кадастрының құрамдық бөліктері бо-
лып, жерлерді сөзсіз есепке алу жəне бағалау жататын. Міндетті 
түрде жерлердің кеңістік жайлары ескеріледі. Сондықтан əр елдің 
əр уақытта жүргізілген жер кадастрлері бір-бірінен мазмұны жəне 
жүргізу техникасы, ұйымдастырылуы бойынша кəдімгідей айы-
рылады. Кадастрдың барлық əрекеттері бірден жəне бір уақытта 
пайда болып, жүргізілген емес. Қоғамның ең ертедегі даму сатыла-
рында жерлер тек қана есепке алынса, арада көп уақыт өте оларды 
бағалау басталды. 
Жерді есепке алу қажеттілігі оны адам тамақтану үшін пайдала-
на бастағаннан (егіншілік пайда болғанда) туындады. Егіншіліктің 
жəне мал шаруашылықтың дамуы бірінші кезекте оларды пай-
далану сипаты (жыртылатын жер, жайылым), яғни алқаптардың 
түрлері бойынша есепке алуды талап етті. 
Өндіріс құралдарының жəне өмірлік құралдарды табу 
тəсілдерінің əрі қарай жетілуі, егіншіліктің, мал шаруашылығының 
дамуы еңбектің, айырбастың қоғамдық бөлінуінің жеке меншіктің, 
мүлікті теңсіздіктің пайда болуына жəне қоғамның топтарға 
бөлінуіне, алғашқы қауымдық құрылыстың құлиеленуші құры-
лысына көшуіне əкеліп тіреді.
Құлиеленушілер шаруаларға көп салық салып, əртүрлі мін-
деттерді орындауға мəжбүр етті. Жердің көп ауданы мемлекет 
иелігінде болды. Сондықтан құлиеленуші құрылыста жерлер 
жəне иеленген жерлер есепке алынып, қайта саналды, жоспарлар 
құрастырылды, жерлердің жəне алқаптардың аудандары туралы 
мəліметтер көрсетілетін арнайы құжаттар құрылды. Құлиеленуші 
қоғамның тиісті даму сатысында жерлерді сапа бойынша есеп-
ке алу басталды. Жерлердің сапасын салыстырмалы бағалау 
қажеттілігі пайда болды. Сонымен, жерге жеке меншіктік пайда бо-
луымен жерге салық салу үшін жерлерді есепке алу мəліметтердің 
қажеттілігі туындады. 


11
Жер кадастры салық салудың ең бір маңызды құралы болған. 
Оның мəліметтері жериеленушілерге салық мөлшерін белгілеуде 
негіз болған. Уақыт өте кадастрдың құқық жағының маңызы 
күшейе түскен. Ол жерді меншіктеу құқығын рəсімдеумен байла-
нысты болды жəне сол арқылы пайдаланатын жерлердің шекара-
лары туралы азаматтық істер шешіле бастады. 
Қоғамның даму кезеңдері басында негізінен жер көлемдері 
туралы мəліметтер тіркелген болатын. Содан кейін алқаптар 
жəне олардың сапалық күйі бойынша есепке алу қажеттілік пай-
да болды.Содан соң алқаптарды топырақ жəне құнарлығы бой-
ынша сипаттай бастады. Жер кадастры мəліметтерін тек мəтіндік 
құжаттарда ғана белгілей бастады. Топырақтардың сапасына қарай 
олар топтарға бөлінді. Оған тарихтың көне ескерткіштері куə. Олар 
қазіргі дəуірге дейін көптеген жүздеген жылдан бұрын жер жəне 
топырақтарда сапасы бойынша топтастыру туралы мəліметтерден 
тұратын жер кадастрының болғандығын куəландырады. 
Мысалы, Қытайда біздің дəуірімізге дейінгі 3 мыңыншы жыл-
дары топырақтарды 9 класқа бөлген. Мұндай мəліметтер Ежелгі 
Греция, Египет, Римнің көптеген ескерткіштерінде бар. Ежелгі 
Римнің жер кадастрында жер телімдерінің көлемдері бойын-
ша олардың сапасы, пайдалылығы, қолданатын өңдеу тəсілдері 
туралы мəліметтері баяндалған. Сонымен қатар жер бетінде 
дəл өлшеулердің жүргізілгендігі жəне сапасын анықтау тура-
лы карталардың жасалғандығы келтіріледі. Жер иелері өздерінің 
жерлері, шаруа жабдықтары туралы толық мəліметтерді беріп 
отыруға міндетті болған.
Батыс Еуропада Франция королі Ұлы Карл (768-814 ж.), 
ағылшын королі Эдуард І (1272-1307 ж.) кездерінде олардың 
жерлерінен алынатын табыстарын баяндайтын жер салықтарын
Фридрих ІІ кезінде Сицилияда (1192-1250 ж.), сонымен қатар 
Калабрияда (1327 ж.), Дофине провинциясында жүргізілген жер 
кадастрлерін айтуға болады. 
Жер кадастры арнайы шара ретінде феодалдық өндіріс тəсілі 
жағдайында əрі қарай дамыды, рəсімделді. Жерге жеке меншіктік 
күшейген феодалдық қоғамда əртүрлі жер иелеріне салық салу 
мөлшері бірдей болған жоқ. Ірі жер иелері жер салығын төлеуде 
көптеген жеңілдіктерді пайдаланған.


12
Дамып келе жатқан капиталистік мемлекеттер өсіп кеткен 
мемлекеттік аппаратын, армиясын қамтамасыз ету мақсатымен 
жəне басқа да мəселелерді шешу үшін қаражат көбейтуге мəжбүр 
болды. Сондықтан феодалдық-басыбайлы қатынастарының жойы-
луына, жерді пайдаланушылардың, иеленушілердің салықтанатын 
санын көбейтуге, пайдаланатын жерлердің бəріне салық салуға 
мүдделі ретінде жерді есепке алушы, зерттеуші, баяндаушы жəне 
бағалаушы жер кадастры қызметі қажет болды. 
Капиталистік құрылыс жағдайында жер кадастры күрделі 
шара ретінде арнайы жер-кадастрлық қызметі арқылы жүзеге 
асырылады. Жер кадастрының қазіргі түсініктегі негізгі түрлері 
капиталистік қоғамда қалыптасқан. Сондықтан салық салу мақ-
саты жерді бағалау мəні жəне тəсілдері бойынша айырылады. 
Капиталистік мемлекеттерді жер кадастрымен қатар жерді 
заңды тіркеу жүргізіледі. Оның міндеті жерді иелену жəне 
меншіктеу құқығын рəсімдеу болып табылады. Жерді тіркеу жер-
ге жеке меншік құқығын қорғауға көзделген. Оның мəліметтерінің 
құқықтық маңызы бар. Олар тұлғалық жəне мүліктік болып 
бөлінеді. Біріншісі жер иелері бойынша, екіншісі – пайдалана-
тын жерлер бойынша жүргізіледі. Заңды жерді тіркеуді жүзеге 
асыру нəтижесінде жер иесінің жерге құқығы рəсімделеді. Ол 
нотариалдық мекемелерде арнайы құжаттармен заңдастырылады. 
Көпшілік капиталистік елдерде жерді заңды тіркеу арнайы жер 
кітаптарында жүргізіледі. Көптеген мелекеттерде жер кадастры 
мен заңды жер тіркеу арасында тығыз байланыс бар. 
Жер-кадастрлық мəліметтерді жер-құқықтық мəселелерді ше-
шуде кеңінен қолданады. Олар тек қана салық салу мүддесінде 
емес, басқа да қажеттіліктер үшін (жерді сату, сатып алу, жалға 
беру, пайдалану жəне топырақтар эрозиясымен күресу бойынша 
ұсыныстарды жасау) пайдаланылады. Жер кадастрының негізгі 
міндеті жер иелерінің алатын пайданың бөлігін мемлекеттің алу 
мақсатымен тиісті мəліметтермен қамтамасыз ету болып қала берді. 
Бұл капиталистік жер қатынастарының мəнімен есептеледі – əр 
елде жəне əр уақытта жүргізілген жер кадастрлық жұмыстарының 
мазмұны мен əдістемелерінің ерекшеліктері болса да, жалпы 
оларға жер туралы мəліметтерді алу тəн болған. 


13
Жер кадастры жерді арнайы есепке алып, бағалау шара-
сы ретінде қоғам дамуының бір сатысында пайда болып, жетіле 
берді. Ең алдымен, зерттеу, есепке алу, бағалау, алқап түрлері 
жəне олардың сапасы бойынша топтастыру əдістерін, тəсілдерін 
жетілдіре түсті. Жаңа əдістерді, құралдарды қолдану арқасында 
жүйелі түрде жер кадастрлық ақпарат дəлдігі жоғарылады, 
құжаттардың рəсімі, мазмұны жетілді. Жер кадастры арнайы 
дайындықты, білімді талап ететін күрделі шараға айналды.
Кеңес кезеңінде Қазақстанда қолданған жер кадастрының 
жүйесі КСРО-ның барлық республикасына ортақ болатын. 
Бұл жүйеде ең басты мақсат барлық жер қорының иесі мемле-
кет мүддесін қорғау болып табылатын. Одақтың ыдырауымен 
жəне республикалардың егемендік алуымен байланысты жер 
қатынастары да түбегейлі өзгерді. Қазақстан Республикасында 
басталған жер реформасы жерге деген меншіктің көп түрлерін 
енгізуді, жерлердің кейбір санаттарын жеке меншіктеуге көшуді 
көздеді. Мұндағы ой, жерді жеке меншікке алған азаматтар жəне 
заңды тұлғалар ауылшаруашылық өнімдерін алу жəне басқа да 
мақсаттар үшін олар жерлерді тиімді пайдаланады.
Жер реформасы жүру барысында жер қатынастары өзгеріп, 
жетілуде жаңа заң, нормативтік хаттамаларды қабылдау кең орын 
алуда. Мысалы, «Меншік туралы», «Жер реформасы туралы», 
«Жер кодексі», «Шаруа қожалықтары» заңдары қабылданып, 
өзгеріп отыр. 1995 жылдың желтоқсан айында қабылданған заң 
күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің «Жер туралы» 
жарлығында жер реформасының бірнеше жылдар тəжірибелері 
ескеріліп, жер қатынастарына түбегейлі өзгерістер енгізілген. 
Мысалы: жерлердің кейбір санаттарына жеке меншік құқық-
тарын енгізу; жеке меншіктердегі жерлерді нарық айналымына 
қосу; азаматтарға жəне заңды мемлекеттік емес тұлғаларға тұрақты 
пайдалану құқығында берілген жер телімдерін нарықтық айна-
лым қосуға мүмкіндік беру. Сөйтіп жер нарығының қалыптасуына 
құқықтық негіз салынып, жерге жылжымайтын мүлік статусы 
берілді. Бұл заң қабылданған соң жерлермен: сату; сатып алу
айырбастау; сыйлау; жер телімдерін кепілдікке беру; ипотекалық 
операциялар жəне т.б. əрекеттер жүргізу мүмкін болды.


14
Мұндай түбегейлі жер қатынастарының өзгерістері, əрине, 
Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрының жаңа 
жүйесінің қабылдануын талап етті. Сондықтан «Жер туралы» 
жарлықтың 113-, 114-баптарында жер кадастрының негізгі та-
лаптары жəне жаңа жағдайда оны жүргізу шарттары келтірілген. 
Мемлекеттік жер кадастры бюджеттік қаржы есебінен Қазақстан 
Республикасының бір жүйесі бойынша жер қорларын басқару 
жөніндегі мемлекеттік органдармен жүргізіледі. Оны жүргізу 
тəртібін Үкімет белгілейді.
«Жер туралы» заңның 113-бабына сəйкес Мемлекеттік жер ка-
дастры Қазақстан Республикасы жерінің табиғи жəне шаруашылық 
жағдайы туралы, жер телімдерінің орналасқан жері, көлемі, шека-
расы, олардың сапалық сипаты, жер пайдаланудың есебі мен жер 
телімдерінің бағалануы туралы мəліметтердің, өзге де қажетті 
мəліметтердің жүйесі болып табылады.
«Жер туралы» жарлықта жəне одан кейіңгі заңдарда жерлерді 
тиімді пайдалануды, қорғауды қамтамасыз ету мақсатымен 
Қазақстан Республикасында жаңа мемлекеттік жер кадастры 
жүйесін енгізумен қатар, жаңа жер қатынастарын ескере отырып, 
жерді үйлестіру, жерлер мониторингісі, жерлерді пайдалануды, 
қорғауды мемлекеттік бақылау жөнінде жүргізілетін жұмыстарға 
негізгі талаптар қойылған.
Жерді үйлестіру: 
– жерді үйлестірудің республикалық, облыстық сызбаларын 
жəне жер ресурстарын пайдаланудың, жақсарту мен қорғаудың 
бағдарламаларын əзірлеу;
– жер пайдаланудың жəне жер иеленудің жаңа құрылымдарын 
құру мен қазіргі қолданыстағысын ретке келтіру жобаларын жа-
сау, жер телімдерін орналасқан жерінде (карталарда) бөлу мен ше-
караларын белгілеуді, жер пайдалануға, иеленуге құқық беретін 
құжаттар жасау;
– елді мекендердің жер-шаруашылық құрылысының, жеке 
жер пайдаланушылардың, бүлінген жерлерді жаңғырту мен жаңа 
жерлер игеру жобаларын, сондай-ақ жерді пайдалану мен қорғауға 
байланысты басқа да жобалар əзірлеу;
– жерлерді есепке алу, пайдаланылмай жатқан жерлерді 
анықтау, топографиялық-геодезиялық, карторгафиялық, топырақ-


15
тық, геоботаникалық жəне басқа зерттеу мен іздестіру жұмыстарын 
жүргізу;
– кадастрлық жəне жер қорларын пайдалану, олардың 
жағдайлары жөніндегі басқа да карталарды əзірлеу;
– жер бағалау жұмыстарын жүргізу сияқты жұмыстарды 
жүргізуді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу, жерді үйлестіру, жерлерді 
пайдалану мен қорғауды жəне жер ресурстарын мемлекеттік 
басқарудың өзге де қызметтерін бақылауды ақпараттық жағынан 
қамтамасыз ету мақсатымен жердің жай-күйін жүйелі қадағалап 
отыруға, ондағы болып жатқан өзгерістерді анықтау мен оларды 
бағалау жер мониторингінің мазмұнын құрайды. 
Жерлерді тиімді пайдалану мен қорғау барысын мемлекеттік 
бақылау мақсатымен республикамызда жер қорларын басқару 
жөніндегі Комитет құрамында Мемлекеттік жер инспекциясы 
құрылды.
Мемлекеттік бақылаудың міндеттері жер Заңдарының тиісінше 
атқарылуына, мемлекеттік органдардың, заңды тұлғалардың, 
азаматтардың жерді ұтымды пайдалану мен қорғау жөніндегі ша-
раларды орындауын қамтамасыз етуге саяды. Өздерінің құзыреті 
шегінде жерді пайдалану мен қорғау мəселелері жөніндегі 
мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың нұсқаулары 
барлық жер телімдерінің меншік иелері мен жер пайдаланушы-
лар үшін міндетті. Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік 
бақылауды жүзеге асыру тəртібін Қазақстан Республикасының 
Үкіметі белгілейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет