А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы



Pdf көрінісі
бет120/165
Дата01.10.2022
өлшемі2.27 Mb.
#461735
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   165
Маркетинг (1)

Ғылыми-техникалық орта. Кез келген ғылыми-техникалық 
жаңалықтың болжап білуге болмайтын ұзақмерзімді ірі салдары 
болады. Мысалы, бала бітірмейтін дəрілердің пайда болуы отбасы 
санының азаюына, тұрмысқа шыққан жұмыс істейтін əйелдердің 
көбеюіне, олардың дербес табыс табу дəрежесінің артуына соқ-
тырды. Осының нəтижесінде саяхат пен туризмге жұмсалатын 
шығындар өсіп, ұзақ уақыт қолданылатын тауарлар мен басқа да 
заттарды сатып алу деңгейі жоғарылады. 
Нарық қайраткері ғылыми-техникалық кешеннің шегінде же-
текші тенденцияларды бақылап отыруы тиіс.
ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҮРДІСТІ ЖЕДЕЛДЕТУ. Жаңа 
идеяларды көптеп жасау кезінде идеяның пайда болуы мен оны 
тəжірибеге енгізудің арасындағы уақыт алшақтығы жылдам қыс-
қарады. Идеяны енгізуден соның негізінде өндірістің максималды 
деңгейіне жетудің арасындағы уақыт та едəуір қысқарады. 
ШЕКСІЗ МҮМКІНДІКТЕРДІҢ ПАЙДА БОЛУЫ. Бүгінде 
ғалымдар тауарлар мен өндірістерді түбегейлі өзгертуге қабілетті 
жаңа технологияның таңқаларлық көлемін дайындауда. Əрбір 
жағдайдағы негізгі қиындықтарда техникалық қана емес, ком-
мерциялық та сипат болады. Себебі, тиімді, əрі бағасы қолжетерлік 
тауарлар жасау мақсат болып саналады.
ҚАЗІРГІ ТАУАРЛАРҒА АЗДАҒАН ЖЕТІЛДІРУЛЕР ЕНГІЗУГЕ 
ҚАТЫСТЫ НАЗАРДЫҢ АРТУЫ. Көптеген компаниялар ірі жа-
ңалық саналатын тауарларды ұсынып, тəуекелге барудың орнына, 
қазіргі тауарларды аздап жетілдірумен айналысуда. 
ТАУАРДЫҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ҚАТЫСТЫ 
МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУДЫҢ ҚАТАЮЫ. Нарық қайрат-
керлеріне ғылыми-техникалық ортадағы өзгерістерді жəне жаңа 
технологияның адамдардың мұқтаждықтарын қанағаттандыру 
қызметіне қалай енгізуге болатынын түсініп алу қажет. Бұл үшін 
ҒЗТКЖ саласындағы мамандармен тығыз байланыста жұмыс істеп, 
оларды нарыққа бағытталған ауқымды зерттеулерді жүргізуге 
ынталандыру керек. Олар пайдаланушыларға шығын əкелуі жəне 
олардың сенімсіздігі мен қарсылығын тудыруы мүмкін кез келген 
жаңа идеяның ықтимал теріс аспектілеріне сергек қарауы керек. 


192
193


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   165




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет