А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы



Pdf көрінісі
бет122/165
Дата01.10.2022
өлшемі2.27 Mb.
#461735
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   165
Маркетинг (1)

Мəдени орта. Адамдар өздерінің негізгі көзқарастарын, құнды-
лықтарын мінез-құлық нормаларын қалыптастыратын нақты 
қоғамда өседі. Олар өздеріне жəне бір-біріне деген қатынастарын 
анықтайтын дүниеге көзқарасты санадан тыс деңгейде қабыл-
дайтынын байқамайды. Маркетингтік шешімдер қабылдауға 
мəдениеттің мынандай əдет-ғұрыптары əсерін тигізеді:
НЕГІЗГІ ДƏСТҮРЛІК МƏДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА ТҰРАҚ-
ТЫ БЕРІЛГЕНДІК. Адамдар нақты қоғамның шегінде көптеген 
көзқарастар мен құндылықтарды ұстанады. Негізгі көзқарастар 
мен құндылықтарға тұрақтылықтың жоғары дəрежесі тəн. Негізгі 
дəстүрлік көзқарастар балаға ата-анадан беріледі жəне қоғамның 
басты институттарының қызметімен — заңдармен, шіркеумен, 
кəсіпкерлік жүйемен, мемлекеттік билікпен бекітіледі. Болмашы 
нанымдар мен құндылықтар өзгеріске жылдам ұшырайды. 
БІРТҰТАС МƏДЕНИЕТ ШЕГІНДЕГІ СУБМƏДЕНИЕТ. Кез кел-
ген қоғамда субмəдениеттер болады, яғни, өмірлік тəжірибесінің 
немесе жағдайлардың ортақтығының нəтижесінде пайда болған 
құндылықтар жүйесі ортақ адамдар кездеседі. Ортақ нанымдары 
мен талғамдары бар түрлі субмəдениеттердің өкілдері ұқсас 
əрекеттерімен ерекшеленеді. Нарық қайраткері субмəдениет өкіл-
дерінің тұтынушылық мұқтаждықтары пен сипаттамаларына 
сүйеніп, мақсатты нарық ретінде қандай да бір субмəдениетті 
таңдай алады. 
ҚОСЫМША МƏДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ УАҚЫТША 
ӨЗГЕРІСТЕРІ. Бастапқы құндылықтардың елеулі деңгейдегі 
тұрақтылығына қарамастан, мəдени ортада өзгерістер болып тұ-
рады. Нарық қайраткерлері жаңа маркетингтік мүмкіндіктерді дер 
кезінде анықтау үшін, мəдени өзгерістерді алдын ала болжауға 
мүдделі. Нарық қайраткерлері тиісті тауарларды ұсыну жəне тиісті 
ақпаратты тарату арқылы осы тенденцияларды қанағаттандыруды 
ойлайтыны анық. 
Қоғамның негізгі мəдени құндылықтары адамдардың өздеріне, 
басқаларға, қоғамдағы институттарға, тұтас қоғамға, табиғат пен 
дүниетануға қатынасынан көрініс табады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   165




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет