А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы



Pdf көрінісі
бет121/165
Дата01.10.2022
өлшемі2.27 Mb.
#461735
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   165
Маркетинг (1)

Саяси орта. Саяси ортада болып жатқан оқиғалар маркетингтік 
шешімдерге қатты əсер етеді. Бұл орта құқықтық ережелерден
мемлекеттік мекемелерден жəне түрлі ұйымдар мен жеке адамдарға 
ықпалын тигізіп, олардың қоғам шегіндегі əрекет бостандығын 
шектейтін қоғамдағы ықпалды топтардан құралады.
КƏСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ РЕТТЕУ БОЙЫНША ЗАҢНАМА. 
Уақыт өткен сайын кəсіпкерлік қызметтерді жүйелейтін заң 
актілерінің саны көбеюде. Бұл заңнамалар түрлі себептерге 
байланысты пайда болды. Бірінші себеп — фирмаларды бір-бірінен 
қорғау. 
Кəсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің екінші себебі — тұтыну-
шыларды жауапсыз іскерлік тəжірибеден қорғау. Бақылаусыз 
қалған кейбір фирмалар сапасыз тауарлар шығаруы, жалған 
жарнама беруі жəне орауыш пен баға деңгейіне байланысты 
тұтынушыларды адастыруы мүмкін. Тұтынушыларға қатысты 
жауапсыз қатынаспен түрлі мемлекеттік мекемелер тиісті 
заңдардың көмегімен күресуде.
Мемлекеттік реттеудің үшінші себебі — қоғамның биік 
мұраттарын кəсіпкерлердің жүгенсіздігінен қорғау. Себебі, кəсіп-
керлік қызмет бізге үнемі жақсы өмір сапасымен қамтамасыз 
ете бермейді. Қоршаған орта жағдайының нашарлау деңгейіне 
байланысты жаңа заңдар енгізіледі немесе бұрынғы заңдардың 
ережелері қатайтылады. 
Маркетинг басшысы адал бəсекелестікті, тұтынушылар мен 
қоғамның биік мұраттарын қорғайтын заңдарды, сондай-ақ қандай 
да бір ауданда оның маркетингтік қызметіне ықпал ететін заңдарды 
жақсы білуі керек. 
ЗАҢДАРДЫҢ САҚТАЛУЫН ҚАДАҒАЛАЙТЫН МЕМЛЕ-
КЕТТІК МЕКЕМЕЛЕР ТАРАПЫНАН ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАП-
ТЫҢ АРТУЫ. Бұл мекемелердің қызметі фирманың маркетингтік 
іс-шараларының тиімділігіне шешуші ықпал етуі мүмкін. Мем-
лекеттік мекемелер заңдардың орындалуын қадағалай отырып, 
əдетте саналы көзқарас танытады. Бірақ, олардың əрекеттерінің 
кейде шектен шығып кететіні бар.
ҚОҒАМ МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАУ БОЙЫНША ТОПТАР СА-
НЫНЫҢ АРТУЫ. Өз күштерімен құрылған немесе мемлекеттің 
қорғауында жұмыс істейтін тұтынушылардың құқығын қорғау 
бойынша жүздеген топтар жалпыұлттық көлемде де, жергілікті 
деңгейде де əрекет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   165




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет