А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы



Pdf көрінісі
бет130/165
Дата01.10.2022
өлшемі2.27 Mb.
#461735
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   165
Маркетинг (1)

Ұйымның міндеттерін анықтау. Ұйымның міндеті қандай 
да бір қызмет түріне бейімделу жəне нарықтағы сəйкес орынға 
бағдарлану болып табылады. Оны тұтынушылардың қандай 
топтарына қызмет көрсетілетіндігіне, қандай функциялар атқары-
латынына жəне қандай өндірістік үрдістер пайдаланылып жүр-
гендігіне қарап, анықтауға болады. 
Егер фирма нарыққа жаңа өніммен немесе қызметпен шықса
бұрынғы тауарлар мен қызметтердің сатылуы тоқтатылса, 
тұтынушылардың жаңа топтары игерілсе, сатып алу немесе сату 
арқылы қызмет саласы кеңейсе немесе тарылса, бұл мəселелер 
ұйымның міндеттерін жанап өтеді. 
Ұйымның міндеттерін анықтау
Стратегиялық шаруашылық бөлімшелерді құру
Маркетинг мақсаттарын анықтау
Жағдайға байланысты саралау
Маркетинг стратегиясын жасау
Тактиканы жүзеге асыру
Нəтижелерді қадағалау 
8.3.1. сурет. Стратегиялық жоспарлау үрдісі
Ұйым өз міндттерін анықтағаннан кейін, стратегиялық ша-
руашылық бөлімшелерді (СШБ) қалыптастырады. Бұл — нақты 
нарыққа шоғырланған жəне барлық функцияларды стратегияға 
біріктіруге толық құқық берілген басқарушысы бар, ұйым ше-
гіндегі ассортименттік топқа немесе қандай да бір тауарлық 
бөлімге жауап беретін дербес бөлімдер немесе бөлімшелер. СШБ-
ға ұйымның міндеттеріне байланысты бір физикалық сипаттамасы 
бар немесе бірдей қолдану үшін сатып алынатын барлық тауарлар 
кіруі мүмкін. 
СШБ — маркетингтің стратегиялық жоспарын құрудың негізгі 
элементі. Олардың əрбірі келесі жалпы сипаттамаларға ие: нақты 


206
207
бейімділік; дəл мақсатты нарық; оған фирманың маркетинг 
бойынша басшыларының бірі жетекшілік етеді; өз ресурстарын 
бақылау; жеке стратегия; нақты анықталған бəсекелестер; айқын 
ерекше артықшылық. 
СШБ санының қанша болу керектігі ұйымның міндеттеріне, 
оның ресурстарына жəне жоғары басшылықтың өкілеттіктерді 
беруге дайындығына байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   165




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет