А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы



Pdf көрінісі
бет32/165
Дата01.10.2022
өлшемі2.27 Mb.
#461735
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   165
Маркетинг (1)

1
2
6. «Бос ұя» 1-саты: 
балалары бөлек 
тұратын егде жастағы 
ерлі-зайыптылар, 
отағасы жұмыс 
істейді.
Үйлердің иесі көбейген. Көпшілігі өздерінің
қаржылық жағдайына қанағаттанады. Саяхат-
тауға қызығады: белсенді демалыс, өз бетінше 
білім алу, сыйлық жасау жəне қайырымдылық. 
Жаңа тауарға қызықпайды. Сатып алатындары: 
демалуға жолдама, əдемі заттар.
7. «Бос ұя» 2-саты: 
балалары бөлек 
тұратын егде 
жастағы жұбайлар, 
отағасы зейнеткерлік 
демалыста
Табыс күрт қысқарады, негізінен үйлерін сақтап 
қалады. Сатып алатындары: медициналық 
құралдар, медициналық тауарлар. 
8. Жесір адам, жұмыс 
істейді
Табыс əлі жоғары, бірақ үйді сатуға бейім. 
9. Жесір адам, 
зейнеткерлік 
демалыста
Басқа зейнеткерлер секілді медициналық қыз-
метке жəне тауарға мұқтаждық. Табыстың 
күрт төмендеуі. Көңіл бөлуге, аман-есендікке 
қатты зəрулік.
Нарық қызметкерлері өздерінің мақсатты нарықтарын осы 
белгіге қарап жиі анықтайды жəне нақты кезеңнің мүдделеріне 
сəйкес келетін тауарларды таңдап, мақсатты маркетингтік жос-
парларды дайындайды. 
Соңғы кездерде кейбір жұмыстарда жіктеуді отбасының өмір 
циклының психологиялық кезеңдеріне қарап жүргізеді. Ересек 
адам өз өмірінде белгілі бір өтпелі кезеңдерден, өзгеру кезеңдерінен 
өтеді. 
Нарық қызметкерлері ересек адамның өміріндегі өтпелі кезеңмен 
байланысты тұтынушының өзгермелі қызығушылықтарын еске-
руге тиісті. 
ҚЫЗМЕТ ТҮРІ.  Адам сатып алатын тауарлар мен қызметтердің 
сипатына оның қызметі белгілі бір дəрежеде ықпал етеді. Жұмысшы 
өзіне жұмыс киімін, жұмыс аяқ-киімін, таңертеңгілік асқа арналған 
қораптарды, кегль жабдықтарын сатып алуы мүмкін. Фирманың 
президенті ұшақпен саяхаттап, қымбат костюм, үлкен желкенді 
қайық сатып ала алады. Нарық қызметінің мүшелері өзінің 
тауарлары мен қызметтеріне жоғары қызығушылық танытатын 
мұндай топтарды қызмет түрлеріне қарай бөліп қарастыруға 
тырысады. Фирманың нақты кəсіби топқа қажетті тауарларды 
өндіруге мамандануы да мүмкін. 
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ. Тұлғаның экономикалық жағ-
дайы оның тауарды таңдауына орасан зор əсер етеді. Ол табыстың 
шығыс бөлігімен, қор мен активтер көлемімен, несие қабілеттілігі 
мен қор жинауға қарама-қарсы қаржыны жұмсауға көзқарасымен 
анықталады. Өтуі тұтынушының табыс деңгейіне байланысты 
болатын тауарды ұсынатын нарық қызметкерлері жеке табыс 
саласындағы қорлар мен есеп пайызындағы ставканың өзгерістер 
үрдісін үнемі бақылап отыруға тиісті. Егер экономикалық көр-
сеткіштер құлдырау туралы мəліметті көрсетсе, нарық қызметкері 
түзілісті, тауар бағасын өзгерту, өндіріс көлемі мен тауар қорын 
қысқарту туралы шаралар қабылдап, сонымен қатар өзін қаржылық 
тұрғыдан қорғау бойынша қолдан келгеннің бəрін жасауға тиісті.
ӨМІР САЛТЫ. Бір субмəдениетке, бір қоғамдық тапқа жататын, 
тіпті қызметтің бір түрімен айналысатын тұлғалар əртүрлі өмір 
салтын ұстануы мүмкін.
Өмір салты — адамның қызметінен, қызығушылықтары мен 
сенімінен көрініс табатын дүниедегі қалыптасқан болмысы. 
Өмір салты адамның оның қоршаған ортамен өзара қарым-
қатынасындағы жан-жақты кескінін көрсетеді. Мұнда белгілі 
бір қоғамдық тапқа немесе тұлғалық түрге қатынастан да үлкен 
жайттар байқалады. Адамның қандай да бір қоғамдық тапқа 
жататынын білу арқылы, оның болжамды іс-əрекетіне байланысты 
қорытындылар жасай аламыз, бірақ тұлға ретінде елестете 
алмаймыз. Адамның тұлғалық түрін біле отырып, оның ерекше 
психологиялық мінездемесі туралы белгілі бір қорытындылар 
жасай аламыз, бірақ оның қызметі, қызығушылықтары мен сенімі 
туралы білуіміз екіталай. Тек өмір салты ғана адамның қоршаған 
əлеммен өзара қарым-қатынасы мен əрекеті туралы жан-жақты 
кескінін сипаттап бере алады.
Тауардың маркетингтік стратегиясын жасау кезінде, нарық 
қызметкері қарапайым немесе маркалық тауар мен белгілі бір өмір 
салтының арасындағы өзара байланысты табуға тырысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   165




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет