66
67
4.3. Жаңа тауарларды сатып алу туралы шешім
қабылдаудың əртүрлі нұсқалары
«Жаңа» дегеніміз əлеуетті тұтынушылардың бір бөлігі əл-
дебір
жаңа деп қабылдайтын тауар, қызмет немесе идея. Жаңа
тауардың бірқатар уақыт нарықта бар болуы да мүмкін. Бірақ, бізді
тұтынушылардың олар жөнінде алғаш рет қалай білетіні жəне оны
қабылдау немесе қабылдамау туралы шешімге келуі қызықтырады.
Бұл жерде қабылдау дегеніміз «оны түпкілікті қабылдаудан бастап,
тұлға сол арқылы өтетін ойша үрдіс». Біз
қабылдауды тұлғаның
тауардың тұрақты пайдаланушысы
болу туралы шешімі ретінде
анықтаймыз.
4.4. Қабылдау үрдісінің кезеңдері
Жаңа тауарларды қабылдау үрдісі бес кезеңнен тұрады:
1.
Хабардар болу. Тұтынушы жаңа тауар туралы біледі, бірақ ол
жөнінде жеткілікті ақпараты жоқ;
2.
Қызығушылық. Тұтынушы
жаңа тауар туралы ақпарат
іздеуге ынталы;
3.
Бағалау. Тұтынушы жаңа тауарды қолданып көру қажет пе
деген мəселеге байланысты шешім қабылдайды.
4.
Сынау. Тұтынушыны жаңа
тауардың құндылығы туралы
толық түсінікке ие болу үшін, оны шағын мөлшерде алып көреді;
5.
Қабылдау. Тұтынушы жаңа тауарды тұрақты түрде жəне
толық көлемде пайдалану туралы шешім қабылдайды.
Бұдан
шығатыны, жаңа тауарды
ұсынушы адамдарды кезең-
кезеңімен алып жүру туралы ойлануға тиісті.
Достарыңызбен бөлісу: