А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы



Pdf көрінісі
бет81/165
Дата01.10.2022
өлшемі2.27 Mb.
#461735
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   165
Маркетинг (1)

6.2.9. Су көлігі 
Тауарлардың едəуір бөлігі жағадағы сулар жəне ішкі су жолдары 
арқылы кемелермен, баржалармен тасымалданады. Орасан үлкен 


138
139
жəне тез бұзылмайтын, əрі құны арзан құм, тас көмір, бидай, 
мұнай, металл секілді тауарларды тасымалдау бағасы өте арзан. 
Екінші жағынан, су көлігі ең баяу жүретін көлік, əрі ауа-райының 
əсеріне жиі ұшырайды. 
6.2.10. Автомобиль көлігі 
Жүк автокөлігінің тасымалдаудағы үлесі барған сайын артуда. 
Бүгінде тонна-миль бойынша жалпы жүк айналымының 21%-ы 
соның үлесіне тиеді. Қалаларда жүк тасымаланың негізгі көлемін 
автокөліктер атқарады. Тасымалдаудың бұл түрі маршруттар мен 
қозғалыс графигіне қатысты аса икемді саналады. Жүк көліктері 
тауар жіберушілерді артық тасымалдаудан құтқарып, тауарды 
тұтынушының есігіне дейін жеткізіп береді. Жүк көліктері — 
қымбат тұратын тауарларды жақын қашықтыққа тасымалдау үшін 
көліктің рентабельді түрі. Көптеген жағдайларда автокөлік тарифтері 
темір жол тарифтерімен бəсекеге түсе алады, бірақ осының өзінде 
жүк көліктері көрсетілетін қызметтердің айтарлықтай жоғары 
жеделдігін қамтамасыз етеді.
6.2.11. Құбыр көлігі 
Құбыр — мұнай, тас көмір жəне химиялық өнімдерді олар-
дың шығатын жерінен нарықтарға тасымалдаудың ерекше құра-
лы. Мұнай өнімдерін мұнай құбырлары арқылы тасымалдау 
темір жолмен тасымалдағанға қарағанда арзанға, бірақ сумен 
тасымалдаумен салыстырғанда, біршама қамбатқа түседі. Көптеген 
құбырларды олардың қожайындары өз өнімдерін тасымалдау үшін 
пайдаланады. 
 
6.2.12. Əуе көлігі 
 
Əуе тасымалының үлесіне елдегі жалпы жүк айналымының 
1 %-ға жетпейтін бөлігі тиеді. Алайда, көліктің бұл түрі барған 
сайын үлкен маңызға ие болуда. Əуемен жүк тасымалдау тарифі 
темір жол немесе автомобиль тарифіне қарағанда, айтарлықтай 
жоғары болғанмен, жылдамдық немесе қашықтағы нарықтарға 
жету қажет кезде көліктің теңдесіз түрі саналады. Əуемен жиі 
жеткізілетін тауарлардың арасында тез бұзылатын өнімдер (жас 
балық, тірі гүлдер секілді) жəне құны қымбат бұйымдар (аспаптар, 
зергерлік бұйымдар) бар. Фирмалар əуе көлігін пайдалану тауар 
қорының талап етілген деңгейін төмендетуге, қоймалардың санын 
қысқартуға, орауышқа кететін шығынды азайтуға мүмкіндік 
береді деп есептейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   165




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет