А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы



Pdf көрінісі
бет99/165
Дата01.10.2022
өлшемі2.27 Mb.
#461735
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   165
Маркетинг (1)

6.4.3. Ұсынылатын тауар ассортименті
Бөлшек сауда мекемелерін жіктеудің бірінші параметрі олар 
ұсынатын тауар ассортименті болып табылады: бакалеялық, 
гастрономдық, шарап сататын, жиһаз сататын жəне т.б. дүкендер. 
Кеңірек қарастыра отырып, ассортименттің ауқымдылығы жəне 
толықтығы туралы ескеріп, осы белгілер бойынша дүкеннің 
түрін анықтай аламыз. Универмаг, универсам, күнделікті сұраныс 
тауарларының дүкені, кең бағдарлы универсамдар секілді маман-
дандырылған дүкендер маңызды болып саналады. 
Мамандандырылған дүкендер. Мамандандырылған дүкендер 
тауарлардың елеулі толықтырылған аз ассортиментін ұсынады. 
Мамандандырылған бөлшек сауда дүкендеріне мысал ретінде 
киім дүкені, спорт тауарлары дүкені, жиһаз, гүл, кітап дүкендерін 
атауға болады. Мамандандырылған дүкендерді ұсынылған тауар 
ассортименттерінің тарлығына байланысты бірнеше түрге бөлуге 
болады. Киім дүкені — бұл жекелеген толық ассортиментті 
дүкен, ерлер киімі дүкені — бұл шектеулі ассортиментті дүкен, 
ал тапсырыс бойынша тігілетін ерлер көйлегін сататын дүкен — 
тар мамандандырылған дүкен. Бірқатар мамандардың айтуынша, 
болашақта нарық сегменттелуінің артықшылығын, мақсатты 
сегментті таңдауды, тауарлардың мамандануын пайдаланатын 
тар мамандандырылған дүкендер саны қарқынды түрде өсетін
болады. Қазірдің өзінде тек қана спорт тауарларын, ұзын бойлы ер 
адамдарға арналған киім (негізінен джинсы) сататын немесе тек 
калькулятор сататын дүкендер бар.
Соңғы уақытта мамандандырылған дүкендердің артуы əдетте бір-
екі универмагтан жəне көптеген мамандандырылған дүкендерден 
тұратын сауда орталықтарының күрт артуымен байланысты. Көп 
жағдайда бұл дүкендердің үлесіне сауда орталығының барлық 
ауданының 60—70 %-ы тиеді. Мамандандырылған дүкендердің 
басым бөлігі əлі күнге тəуелсіз саудагерлерге тиесілі. Алайда, 
мамандандырылған дүкен тораптарының саны да тез өсіп 
келеді. Анағұрлым табысты мамандандырылған дүкендер өз 
күштерін нақты мақсатты нарықтың мұқтаждықтарын толық 
қанағаттандыруға күш салады. 
Дегенмен, мамандандырылған дүкен оның ассортиментіндегі 
тауар танымалдығын жоғалтса, ыңғайсыз жағдайға қалуы 
мүмкін.
Универмагтар. Универмагтар тауарлардың бірнеше ассорти-
менттік топтарын ұсынады — əдетте киім, үй керек-жарақтары, 
шаруашылық тауарлар. Əрбір тауарлардың ассортименттік то-
бымен универмагтың арнайы бөлімі айналысады. Бөлімнің өз 
жабдықтаушысы жəне сатушысы болады. 
Кейбір универмагтар төмен бағалар дүкендері тарапынан болатын 
қатерге төтеп беру үшін өздерінен «тиімді сатып алу бойынша 
жертөлелер» ашып қойған. Келесі универмагтар ғимараттың бір 


162
163
бөлігін «сəнді дүкендерге» айналдырды. Ал қайсыбіреулері жібе-
ру саудасы мен телефон арқылы сауда саласында эксперимент 
жасауда. 
Универсамдар. Универсам — шығын деңгейі төмен, үлесті 
табыс дəрежесі жоғары емес, сату көлемі үлкен, «тұтынушының 
азық-түлікке, жуу құралдарына, үйді күту тауарларына деген 
мұқтаждықтарын толық қанағаттандыруға бағытталған» өзіне-
өзі қызмет көрсету бойынша салыстырмалы түрдегі ірі кəсіпорын. 
Универсамның жеке иелікте болуы мүмкін, бірақ олардың көпшілігі 
сауда тораптарының құрамына кіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   165




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет