А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы



Pdf көрінісі
бет104/165
Дата01.10.2022
өлшемі2.27 Mb.
#461735
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   165
Маркетинг (1)

3. «Директ мейл». Тікелей маркетинг қайраткерлері көп 
жағдайда хаттарды, үндеулерді, жарнамалық басылымдарды аты-
жөндері белгілі бір санаттағы тауарды сатып алуы мүмкін сатып 
алушылардың арнайы тізіміне енген тұтынушыларға жібе-реді. 
Тарату тізімдері мамандандырылған брокерлік жабдықтаушы 
фирмалардан сатып алынады. Тікелей пошталық жарнаманың 
кітаптарды өткізу, журналдарға жазылу мен сақтандыру бойынша 
ықпалы жоғары болып шықты. Бұған қоса, көбіне жаңа тауарларды, 
киімдерді, тіпті тағам талғағыш адамдарға азық-түлік сатуды 
ұйымдастыруда осы əдіске жүгінеді.
4. Телефон арқылы сату. Тікелей маркетинг қайраткерлері 
кез келген нəрсені — тұрғын үйді жөндеуден бастап, газеттерге 
жазылуға дейінгі қызметтерді сатуда телефонды жиі қолдана 
бастады. Телефон арқылы маркетингті қолданатын практиктер
өз ұйымдарында электронды есептеуіш машинасының негізіндегі 
жүйелерді жасады. Бұл жүйелер нөмірді автоматты теруді 
жүзеге асырып, компьютердің жадына сақталған үндеуді үй 
шаруашылықтарына береді. 
Тауарға пошта немесе телефон арқылы тапсырыс беру бойынша 
жүргізілетін сауданың дамуына бірнеше факторлар əсер етті. 
Жұмыс істейтін əйелдер санының өсуіне байланысты, олардың 
дүкенде өткізетін уақыты күрт қысқарды. Сонымен қоса, сатып 
алу үрдісінің өзі бірқатар себептерге байланысты жағымсыз 
сипатқа ие бола бастады: автомобильде жүру шығыны ұлғайды; 
көлік тығындарынан өту қиындады, көлікті қоятын орын табу 


168
169
бұрынғыдан күрделене түсті; сатып алушылар мекен-жайларын 
қала орталығынан шеткерірекке ауыстырып, қылмыстылық 
көбейген сауда орталықтарынан алшақтай бастады; адамдар 
дүкендердегі сауда қызметкерлерінің жеткіліксіздігінен жəне 
есептесу тораптарында кезекте тұрудан шаршады. Сонымен 
қоса, көптеген дүкен тораптары баяу өтетін мамандандырылған 
өнімдерді сатудан бас тартты, осы арқылы тікелей маркетинг 
қайраткерлеріне аталған тауарларды сатуға мүмкіндік берді. 
Соңғысы, тұтынушы тегін хабарласа алатын телефондардың пайда 
болуы, сондай-ақ тікелей маркетинг мекемелерінің тапсырысты 
түнгі уақытта немесе жексенбі күндері қабылдауға дайын болуы 
бөлшек сауданың аталмыш түрінің дамуына əсер етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   165




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет