164
165
6.4.4. Бағаларға салыстырмалы назар аудару
Бөлшек сауда дүкендерін жіктеуді олардағы баға қалыптасуы
бойынша да жүргізуге болады. Көптеген дүкендер тауарларды орта
бағамен жəне тұтынушыларға дағдылы
деңгейдегі қызметтерді
ұсынады. Бірқатар дүкендер жоғары сапалы тауарлар мен қыз-
меттерді қымбат бағамен ұсынады.
Керісінше,
төмендетілген бағалар дүкендері тауарларын дағ-
дылы бағадан төмен бағамен сатады, себебі олар өз қызметтерін
минимальды шығындармен ұйымдастырады жəне сапасы жоғары
немесе, саны аз қызметтерді ұсынады. Біздер төмендетілген бағалар
дүкеніне жəне
олардан туындаған қойма-дүкен жəне каталог
бойынша сауда жасайтын көрсетілім залдары бар дүкендер
түріндегі кəсіпорындарға тоқталып өтеміз.
Төмендетілген бағалар дүкені. Төмендетілген бағалар дүкені
пайда нормасының азаюы жəне өткізу көлемінің ұлғаюы есебінен
стандартты тауарларды арзан бағамен сатады. Оқтын-оқтын
жеңілдетілген бағаларды жəне барлық тауарды сату саясатын
қолдану арқылы сауда кəсіпорны төмендетілген бағалар дүкеніне
айналмайды. Арзан бағамен сапасы
нашар тауарларды сату да
кəсіпорынның төмендетілген бағалар дүкеніне айналуына кепілдік
бола алмайды. Нағыз арзандатылған бағалар дүкеніне бес түрлі
белгі тəн: 1) ол жоғары баға үстемелері жəне төмен тауар айналымы
бар кəсіпорындарға қарағанда, үнемі бағасы арзан тауарларды
сатады; 2) жалпыұлттық таралымы бар маркалы тауарларға ерекше
назар аударады, сол себептен төмен
бағадағы өнімнің сапасы да
төмен бола бермейді; 3) ол минимальды ыңғайлықтар жасап, өзіне-
өзі қызмет көрсету қағидасы бойынша қызмет атқарады; 4) əдетте
жалға алу төлемі төмен ауданда орналасып, салыстырмалы түрдегі
алыс аудандардан тұтынушыларды тартып отырады; 5) онда
қарапайым жəне функционалды сауда жабдықтары орналасқан.
Төмендетілген бағалар дүкені қоймаға ұқсас орындарда, жалға
алу бағасы төмен аудандарда жұмыс істейді, бірақ адамдардың
қарқынды ағымын қамтамасыз етіп, минимальды қызмет түрлерін
көрсетіп, кең жарнамалық саясатты жəне
маркалы тауарлардың
айтарлықтай ауқымды, əрі терең ассортиментін ұсынады. Олардың
эксплуатациялық шығындары универмагтар мен мамандан-
дырылған дүкендердегі секілді сату сомасынан 30—40 %-ды емес,
12—18 %-ды ғана құрайды.
Аралас тауарлы ассортименті бар дүкендерден басқа, төмен-
детілген баға бойынша бөлшек сауда мамандандырылған дүкен-
дерді де жаулап алды. Спорт тауарларын, стереоаппаратура,
кітаптар сатылатын төмендетілген бағалар дүкендері пайда болады.
Əсіресе, азық-түлік сататын төмендетілген бағалар дүкенінің пайда
болуы қызықты тенденция болып есептелді.
Достарыңызбен бөлісу: