А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы


Тауар ассортименті жəне қызметтер кешені туралы шешім



Pdf көрінісі
бет109/165
Дата01.10.2022
өлшемі2.27 Mb.
#461735
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   165
Маркетинг (1)

Тауар ассортименті жəне қызметтер кешені туралы шешім. 
Бөлшек сатушыларға үш негізгі «тауарлық» айнымалылар туралы 
шешім қабылдау керек: тауар ассортименті, қызметтер кешені жəне 
дүкеннің жағдайы. 
Бөлшек саудагердің тауарлық ассортименті мақсатты нарықтағы 
тұтынушылық үмітке жауап беруі керек. Ескере кететіні, тауар 
ассортименті ұқсас жəне бөлшек сауда кəспорындарының 
арасындағы бəсекелестік күресте шешуші қызмет атқарады. 
Бөлшек сатушыға тауар ассортиментінің кеңдігі (кең немесе 
тар) жəне тереңдігі (таяз немесе терең) туралы шешім қабылдау 
қажет. Мысалы, қоғамдық тамақтану орындарында мекеме тар 
жəне таяз ассортимент (шағын буфеттік үстел), тар жəне терең 
ассортимент (салқын жеңіл тамақтар сатылатын буфет), кең жəне 
таяз ассортимент (кафетерий) немесе кең жəне терең ассортимент 
(ірі мейрамхана) ұсына алады. Тауарлық ассортиментінің тағы бір 
сипаттамасы ұсынылатын тауарлардың сапасы болып табылады. 
Тұтынушыларды таңдау кеңдігі ғана емес, сонымен қоса тауардың 
сапасы да қызықтырады.
6.4.7. кесте
Көрсетілетін типтік қызметтер
Сату алдындағы 
қызметтер
Сатудан кейінгі 
қызметтер
Қосымша 
қызметтер
1.Тапсырыстарды 
телефон арқылы 
қабылдау
2. Тапсырыстарды 
қабылдау (немесе сатып 
алынған тауарды пошта 
арқылы жіберу)
3. Жарнама жүргізу 
4. Витриналарды 
безендіру
5. Дүкен экспозициялары
6. Киім өлшейтін 
орындар
7. Жұмыс істеу уақыты
8. Сəн үлгілерін көрсету
9. Ескі тауарларды 
қабылдау
1. Сатып алынған 
тауарды жеткізу
2. Кəдуілгі орауыш
3. Сыйлық түріндегі 
орауыш
4. Тауарды 
сəйкестендіру
5. Тауарды қайтару
6. Тауарды өзгерту
7. Тігінші қызметтері
8. Аспазшының 
нұсқауы
9. Тауарға жазулар 
енгізу
10. Біркелім төлеммен 
жеткізу
1.Чектерді 
инкассациялау
2. Анықтама 
қызметі
3. Тегін көлік 
тұрағы
4. 
Мейрамханалар, 
кафелер
5. Жөндеу 
бойынша 
қызметтер
6. Интерьерді 
безендіру 
7. Несие ұсыну
8. Демалыс 
бөлмелері
9. Балаларға қарау 


174
175
Сонымен қоса, бөлшек сатушыға клиенттерге ұсынатын қыз-
меттер кешені туралы шешім қабылдау керек. Өткен мерзімдегі 
отбасылық бакалея-гастрономдық дүкендер тұтынушыларға тауар-
ды үйге жеткізуді, несиеге сатуды жəне асықпай кеңесуді ұсынатын. 
Бүгінгі заманғы универсамдарда бұл қызметтер толығымен 
жоғалды. 6.4.7. кестеде толық қызмет көрсету циклы бар бөлшек 
сауда кəсіпорындары ұсына алатын кейбір негізгі қызметтер 
көрсетілген. Қызметтер кешені дүкенді бағалық емес бəсекеде 
басқалардан ерекшелеудің шешуші құралы болып саналады.
Бөлшек саудагердің тауарлық арсеналының үшінші элементі 
дүкендегі атмосфера. Əрбір сауда ғимаратының тұтынушының 
қозғалысын қиындататын немесе оңайлататын құрылыстық 
жоспары болады. Əрбір дүкен тұтынушыға белгілі бір əсер 
қалдырады. Бір тұтынушылар дүкенді лас, екіншілері ғажайып
үшіншілері керемет, төртіншілері жабырқаңқы деп қабылдайды. 
Дүкенде мақсатты нарық тұтынушыларының талғамына жағымды 
əсер қалдыратын жəне сатып алуға жағымды ықпал ететін 
атмосфера болу қажет. Жерлеу бюросында тыныш, алакөлеңке 
болса, би алаңдарына, керісінше қызылды-жасылды жарқылдар
айғай-шу тəн. Атмосфераны көру, есту, иіс сезу тітіркендіргіштерін 
керекті нəтижеге қол жеткізу үшін қалай біріктіруді білетін 
шығармашылық қызметкерлер жасайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   165




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет