А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы



Pdf көрінісі
бет148/165
Дата01.10.2022
өлшемі2.27 Mb.
#461735
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   165
Маркетинг (1)

Тапсырма
«Мерседес 600» маркасының бейнесі зерттелуде. Сұрақты семан-
тикалық дифференциал əдісін қолдану арқылы құрастырыңдар. 
7.2. тапсырма 
Жарнамалық хабарландырулар бойынша «Экстра-М» газетінің 
редакциясы өз газетінің имиджін зерттеуге қызығушылық танытты 
делік. Сұрақты семантикалық дифференциал əдісін қолдану ар-
қылы құрастырыңдар. 
8. № 8 ептілікке арналған тренинг тапсырмасын 
орындау мысалы
Тапсырма 
Келесі жағдайлардағы маркетингке ықтимал шығындар сомасын 
анықтаңдар. Нарықтың жалпы көлемінің болжамы — 25 млн. 
жəшік, фирманың нарық үлесінің болжамы — 28 %, сату бағасы — 
жəшігіне 4,45 доллар, тұрақты шығындар сомасы — 7 млн. доллар. 
Мақсатты табыс 1,9 млн. доллар деңгейінде жоспарлануда. 
Шешім 
Алгоритм
1. Сату көлемінің есебі Сату көлемі =
Нарықтың жалпы көлемі * Фирманың 
нарықтағы үлесі 
2. Сатудан түскен түсім сомасының есебі
Сатудан түскен түсім сомасы = өнім 
бірлігін сатудан түскен түсім * сату 
көлемі 
3. Жалпы табыс сомасының есебі
(өнім бірлігіне сатудан түскен түсім —
өнім бірлігіне айнымалы шығындар) * 
сату көлемі 
4. Маркетингке кеткен шығындарды 
жабу мен табыс алу үшін жалпы 
табыстың есебі 
Жалпы табыс — Тұрақты шығындар
5. Маркетингке ықтимал шығындар есебі
Маркетинг шығындарын жабу мен
табыс алу үшін жалпы табыстың есебі
— мақсатты табыс
Алгоритмді орындау 
1. Сату көлемінің есебі 25 * 0,28 = 7 
млн. жəшік
2. Сатудан түскен түсім сомасының 
есебі 4,45 * 7 = 31,15 млн. доллар 
3. Жалпы табыс сомасының есебі (4,45 
— 2,75) * 7 = 11,9 млн. доллар
4. Маркетингке шығындарды жабу 
мен табыс алу үшін жалпы табыстың 
есебі 11,9 — 7 = 4,9 млн. доллар
5. Маркетингке ықтимал шығындар 
есебі 4,9 — 1,9 — 3 млн. доллар 
Университет
7.3. тапсырма
Телекөрермендердің «Асе» ағартқышының жарнамасын қабыл-
дауы зерттелуде. Сұрақты семантикалық дифференциал əдісін 
қолдану арқылы құрастырыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   165




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет