30
31
— сақтандыру қызметтерін жасау, өндіру жəне сапасын ба-
қылау;
— сақтандыру өнімін сату жүйесін құрастыру жəне
өткізуді
ынталандыру;
— сақтандыру нарығындағы жағдайды, бəсекелестікті жəне т.б.
саралау.
Мысалы: бүгінгі экономика мен банк жүйесіндегі дағдарыс
жағдайында сақтандыру бизнесі өзінің тұрақтылығын сақтап
қалды, себебі клиенттеріне сақтандыру бойынша барған сайын жаңа
қызметтерді ұсынуда. Айталық, өмір
мен денсаулықты қорғауды
бір мезгілде қамтамасыз ететін, сақтандырудың ұзақмерзімді
жинақтау қоры туралы келісім жасалады.
Мемлекеттік жəне қоғамдық ұйымдар маркетингі коммер-
циялық емес маркетинг саласына жатады, əрі мемлекеттік жəне
коммерциялық емес ұйымдар тұрғысынан
қоғамдық көзқарасты
қалыптастырудан тұрады. Мұндай ұйымдар, əдетте қоғамдық
мүдделер үшін қызмет етеді немесе белгілі бір идея үшін күреседі,
мысалы депутаттыққа кандидат ұсынады, темекіге қарсы кампания
ұйымдастырады жəне т.б. Қазіргі заманғы бəсекелестік жағдайында
мемлекеттік жəне қоғамдық ұйымдарға маркетингтік тəсілдерді
зерттеп, қолдану керек, себебі тұтынушылардың өзге ұйымдардың
ұсыныстарын таңдауы əбден мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: