А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі кафедрасы СӨж тақырыбы: «Аралас функционалдық-мағыналық сөйлеу типтері» Орындаған



бет2/3
Дата09.11.2023
өлшемі88.33 Kb.
#482734
1   2   3
СӨЖ ТЕМІРХАН АЯЖАН МФЖІН

Әңгімелеу – көркем прозаның негізгі баяндау түрі. Әңгімелеуді А.Байұрсынұлы әуезе деп атаған. Автордың пайымдауынша, «болған уақиғадан бастан -аяқ болған түрінде, ретінше мезгілін, мекенін көрсете мазмұндап, мағлұмат беру әуезе болады» [1, 397]. Әуезені ғалым еңбегінде үш тақтаға бөліп көрсетеді: 1) мәлімдеу; 2) мазмұндау; 3) қорыту. Мәлімдеуде иә уақиғаның алдында не болғаны айтылады, иә айтушының уақиғадан қанша хабардар екендігі айтылады. Мазмұндауда уақиға қалай болып, қалай өткені айтылады. Қорытуда иә уақиғаның шыққан нәтижесі (ақтығы) айтылады, иә айтушының қарары айтылады.
Көркем мәтіннің типтерін талдау үшін Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» шығармасын алдым. Бұл шығармада автор әңгімелеуші рөлінде басқа жазушылармен салыстырғанда көп кездесе бермейді, көбінесе автор-жазушы, автор-бақылаушы болып отырады. Автордың әңгімелеуі кейіпкерді таныстыру үшін негізгі әңгімешіні сахнаға шығару үшін қажет деп саналады. Негізгі әңгімелеуші сахнаға шығып, әңгімеге араласқаннан соң, автор әңгімеші бірте бірте ығысады. Әңгімелеу романдағы негізгі баяндау формаларының бірі ретінде бағаланады. Мысалы: «Лениннің кабинетінен шыға бере Рысқұлов қабылдау бөлмесінде жиылып қалған кісілерді көріп: «Біз, сірә, Ильичтің уақытын көп алып, мына кісілерді күттіріп қойыппыз ау» деп бір сәт өзін кінәлі адамдай сезінді.Әуелі бұрыннан таныс, қызметтес әрі айтыскер әріптестері Элиава мен Рудзутак орындарынан түрегеліп Рысқұлов пен Ходжаевтың қолын алып амандасты» (Ш.М., Қыл көпір, 278). Осы әңгімелеуде алдымен автордың өзі оқиғаның болған сәті мен кейіпкерді әрекетке кіргізеді де, одан әрі әңгімеге кейіпкерлерді енгізеді. Бұдан соң диалог арқылы кейіпкерлердің әңгімесі жалғасып кете береді. Оқиғаның өту сәті қазіргі уақытта болып жатқандықтан, сөйлемнің баяндауыштары нақ осы шақ пен жедел өткен шақ тұлғаларында беріледі. Сондай ақ автор осы әңгімелеуде «айтыскер» сөзін қолданған. Бұл сөздің контекстік мағынасы әдеттегі мағынасынан өзгешелеу. Айтыскер сөзінің контекстегі мағынасы жиі кездесіп, әр алуан тақырыпта пікір бөлісіп, пікір таластырып жүрген деген мағынаны беріп тұр. Әңгіме арқауынан оқушы оның қандай айтыскер екенін жаңылыспай біле алады. Яғни авторлық окказионалдық қолданыста айтыскер сөзі жаңа мағынаға ие болып, пікір таластырушы, пікір бөлісуші деген мәнде жұмсалып тұр.
Шерхан шығармаларын толық оқығанда, оның баяндау үрдісіндегі мынадай ерекшелікті аңғарамыз. Ол ерекшелік Тұрар Рысқұловтың есімімен байланысты. Автор жазушының ерекше ойланып жасаған көркемдік әрі логикалық, философиялық тоқтам -тұжырымының көрінісіндей сезіледі. Автор жазушы Тұрардың жастық шағы мен жігіттік кездерін, махаббатқа толы бал-дәурен шағының кей елесін әңгімелегенде оны Тұрар деп қана атап отырады. Бұл барлық баяндау түрлерінде, әсіресе әңгімелеуде толықтай сақталады. Ал әңгіме Тұрардың саяси істері мен елге жасаған еңбегіне, азаматтық істеріне ауысқанда Ш.Мұртаза үшін Тұрар Тұрар емес, Рысқұлов. Автор-жазушы үшін бала, жігіт Тұрар бар да, ойлы, ақылды, елі үшін еңіреп өткен, елі үшін жанын қиған азамат ер – Рысқұлов бар. Екеуі бір кейіпкер болғанмен, автор-жазушы қолданысында Рысқұлов образының маңызы мен мәні ерекше. Рысқұлов – саяси қайраткер, азамат-ер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет