А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі кафедрасы СӨж тақырыбы: «Аралас функционалдық-мағыналық сөйлеу типтері» Орындаған



бет1/3
Дата09.11.2023
өлшемі88.33 Kb.
#482734
  1   2   3
СӨЖ ТЕМІРХАН АЯЖАН МФЖІН


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Филология факультеті
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі кафедрасы

СӨЖ
Тақырыбы: «Аралас функционалдық-мағыналық сөйлеу типтері»


Орындаған: Темірхан Аяжан
Қабылдаған: Жусанбаева С.Б.
Алматы 2023


І. Кіріспе


ІІ. Негізгі бөлім
Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағы функционалдық-мағыналық сөйлеу типтері


ІІІ. Қорытынды


ІҮ. Пайдаланған әдебиттер

Мәтіннің баяндау қабаты әңгімелеу, суреттеу, ойталқы (пайымдау) арқылы түзіледі. Б. Шалабай осы композициялық-сөйлеу формалары туралы былай дейді: «Шығарманың композициялық құрылымын жарақтандыруда тілдік қолданыста әлдеқашан қалыптасқан форма-қалыптар пайдаланылады. Ондай тілдік форма-қалыптарға хабарлау, суреттеу, пайымдау (ойталқы) және диалог жатады. Осы формалар арқылы ойлау процесі жүзеге асады әрі осылар арқылы адамдар арасындағы қарым-қатынас іске асады. Олар ойлау процесінің құрылымын, жеке ойлар мен олардың ішкі элементтерінің бірбірімен байланысу типін, әдісін бейнелейтін өте жалпылама формалар болып табылады». Сондай-ақ ғалым әрқайсысының ерекшелiктерiне де тоқталады: «Әңгiмелеудiң формалық, құрылымдық мазмұнын оқиғалардың мезгiлдiк iзбе-iздiлiгi, құбылыстардың бiрiн-бiрi ауыстыруы құрайды. Оқиғалар бiрiн-бiрi толықтырып, дамытып, динамикалы баяндау үстемдiк құрады. Әңгiмелеу формасының мазмұны шексiз кеңiстiктi, шексiз мезгiлдiк мерзiмдi алып жатады. ...Суреттеу арқылы әңгiмелеудегiдей ширыққан оқиға емес, бiрқалыпты, тұрақты күй, болмыс бейнеленедi. Суреттеу кейiпкерлердiң iшкi толғаныс, күй-қалпын, iс-әрекетiн бейнелеу үшiн де пайдаланылады. Суреттеу формасының мазмұнын шектеулi кеңiстiк құрайтындықтан, ол тұйықталып келедi. ...Ойталқы әңгiмелеу сияқты динамикалы форма, бiрақ одан айырмашылығы оқиғаның дамуы емес, ой, тақырып, мәселенiң дамуы бейнеленедi. Сондықтан мұнда мезгiлдiк өрiм болмайды. Сөйлемдер арасындағы байланыс iлiктестiк сипатқа құрылып, шарттастық, себепсалдарлық, қарама-қарсылықты қатынастарды бiлдiредi» [2,126-129]. Аталған сөйлеу формалары әрқайсысы өзiне ғана тән мазмұнымен, құрылымымен ерекшеленiп, мәтіндегі болмыстың жан-жақты бейнесiн жасауға қатысады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет