А. Байтурсынов 1-том final indd



Pdf көрінісі
бет145/155
Дата03.12.2022
өлшемі1.7 Mb.
#466365
түріБағдарламасы
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   155
3f6819f4d3d114a3d7389dac6ea4d3d5

себепті оралым. Түпнұсқа мен 1989 жылғы жинақта «Ауырса 
жеммен емдеген» деген өлең тармағы 1991 ж. жинақта кездеспейді. 
Шартты оралым. Түпнұсқа мен 1989 ж. жинақтағы «Қазан ағаш 
бағысын. Түсірмесем жүзіңе, Көрсетпесем көзіңе»деген өлең жолдары 
1991 жылғы жинақта«Қазанның сырлы қаласын Көрсетпесем көзіңе, 
Түсірмесем жүзіңе» болып әрі өзгеріп, әрі орындары ауысқан. 
жалғасыңқы оралым. Түпнұсқадағы «Әр уақытта» деп беріл-
ген сөз 1989 жылғы басылымда «Әр уақытты» болып берілсе, 
1991 жылғы жинақта «Аруаққа» деп өзгерген. Түпнұсқа мен 1989 
ж. басылымда «Арқада Қобылан жатқанда» деген тіркес 1991 ж. 
жинақта «Қобыланды ойнап жатқанда» болып өзгерген. Түпнұсқа 
мен 1989 жылғы «Тізесіне тон жетпей» деген өлең жолынан кейін 
келетін «Арқасына қол жетпей» деген жол 1991 жылғы басылым-
да кездеспейді. Түпнұсқа мен 1989 жылғы жинақтың осы тарауында 
кездесетін «Абдастасы қолында» деген өлең жолы 1991 ж. жинақта 
«Әбдестесі қарында» болып өзгертілген. 
Осы тарауда кездесетін:
«Дастарханы белінде, 
Пияласы қарында 
Бөтен жаудың елінде, 
Қызылбастың шенінде –
деп басталатын өлең жолындағы «дастархан» деген сөз 1989 жылғы 
басылымда «дастарқан» деп өзгеріске ұшыраған. Ал, 1991 жылғы 
жинақта:
«Белдемшесі белінде, 
Пияласы қолында»
.....................................
Қызылбастың елінде» 
болып, 3-ші жолы түсіп қалған.
серіппелі оралым. Түпнұсқада: «Шайылған көз жасымен 
жердің бетін» деп басталатын өлең шумағындағы «Шайылған...» 
сөзі 1991 жылғы басылымда «Жабылған...» деп өзгертілген.
«Қиналып, кім де болсаң, талыққандар, 
Түңіліп, үміт үзіп жабықпаңдар.


373
Қайтадан жақындық кеп, қастық қашып, 
Жарқырап жақсылыққа атар таң бар» 
деген шумақ 1991 ж. басылымда:
«Қиналып, кім болсаң да, тарыққандар, 
Түңіліп, үміт үзіп, жабықпаңдар!
……………………………………………
Жарқырап жақсылыққа атар таң бар» – 
деп, өзгеріске ұшыраған. Ал, 1989 жылғы басылымда өзгеріссіз 
берілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   155




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет