374
Өлең шығару. Түпнұсқа мен 1991 жылғы жинақтағы:
«Ашуын бұған бассын», – деп,
Жерімді саған тастадым.
«Олжа ңылып жатсын», – деп,
Елімді саған тастадым.
(«Кенесары-
Наурызбай»)
деген үзінді 1989 ж. жинақта кездеспейді.
Шумақ түрлері. Түпнұсқадағы:
«Күніңмен алтын қуанбай,
Гүліңмен жібек жуанбай.
Жеттің де, тез өттің, жаз!
Ағаш,
шөптер қураған,
Айдын да
құрып, суалған
Қаңқылдар қайда, қоңыр қаз» –
деген өлең жолдары 1989 жылғы жинақта түпнұсқадағыдай берілсе,
1991 жылғы басылымда:
«Күніңмен
алтын қуантпай,
Гүліңмен жібек жұбантпай,
Жеттің де тез еттің жаз!
Ағаш шөптер қуарған,
Айдын да құрып, суалған,
Қаңқылдар қайда қоңыр қаз?!» –
болып, тармақтың орналасу реті өзгеріске ұшыраған. Өзгеріс 2003
жылы орнына келтірілген. Біз де осы нұсқаны негізге алдық.
Достарыңызбен бөлісу: