А. Байтурсынов 1-том final indd


әсірелеу Бір нәрсені өте асырып я өте кемітіп айту әсірелеу



Pdf көрінісі
бет58/155
Дата03.12.2022
өлшемі1.7 Mb.
#466365
түріБағдарламасы
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   155
3f6819f4d3d114a3d7389dac6ea4d3d5

әсірелеу
Бір нәрсені өте асырып я өте кемітіп айту әсірелеу болады.
«Көп түкірсе, көл болар» деген мақал, «Көзінің жасы көл 
болды» деген мақал түкірік пен көз жасын өте асырып айтып 
отыр. «Қара арғымақ арыса, қарға адым жер мұң болар» де-
ген мақал, «Бойы бір тұтам» деген мақал арықтың күші мен 
аласаның бойын өте кемітіп тұр. Ақындардың өлеңінде де не 
осындай өте асырып, не өте кемітіп айту көп болады. Бұлай 
айтудағы мақсат сөздің әсерін күшейту, әсірелеу, әсіресе ескі 
сөздерде ескі ақындардың айтысқан иә мақтаған өлеңдерінде, 
батырлардың жырларында көп ұшырайды. Алаша Байтоқ ақын 
Жәңгір ханның істеген ісін айтып жоқтаған сөзінде былай де-
ген жері бар:
Тастан сарай салдырған,
Ол салдырған сарайдың
Айналасы айшылық,
Көлденеңі күншілік.
Мұның соңғы екі жолында айтылған сөздер әсірелеу бола-
ды. «Қобыланды батырда» мынадай әсірелеулер бар:
1. Астындағы Бурылдың 
Жоғарғы ерні көк тіреп,
Төменгі ерні жер тіреп
......................................
2. Асқар төбе бел еді,
Бірде шауып желеді.
Көлденең жатқан көк тасқа
Тіктеп тиген тұяғы
Ұршығынан енеді.
.....................................
3. Аттың жолы қазылды,
Ұмтылғанда қысынып,
Бес жүз құлаш жазылды.
...........................................
4. Қарсы келген қабақтан
Қарғып, асып жөнелді.
Сеңгір-сеңгір таулардан
Секіріп, асып жөнелді.
(Қобыланды батыр)


184
5. Тиеді ер пайдасы сасқан жерде,
Етегін ер жаңылып басқан жерде.
Жаманға жазатайым ісің түссе,
Қабысып қалады екен аспан жерге.
6. Қарағым, сапар шектің бөтен елге,
Қош айту қиын болды кетер жерге.
Мегзеген хор қызына сен кеткен соң,
Түсті ғой шыр айналып аспан жерге.
7. Қарағым, бөтен елге сапар шектің,
Айтысып, қош, аман бол, бізден кеттің.
Жаманға малын берген еріп кетіп,
Досыңды ойнап жүрген зар еңіреттің.
Алайда еш өкпем жоқ, саған шырақ,
Аспаннан қан жауған күн сертке жеттің.
.................................................................
 (Ғайнікей мен қыз Тойым)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   155




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет