А. Байтурсынов 1-том final indd



Pdf көрінісі
бет75/155
Дата03.12.2022
өлшемі1.7 Mb.
#466365
түріБағдарламасы
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   155
3f6819f4d3d114a3d7389dac6ea4d3d5

5. Өлең АғынДАры
Өлең түріне қарай әр бунақтың шумақ ішінде таңдамалы да, 
талғамалы да орны бар. Таңдамалы орны берілмесе, өлең өлең 
болмай шығады. Талғамалы орнына назар салынбаса, өлең 
жорғағынан жаңылады.


228
Бунақтың таңдамалы тармағы аяғында болады, талғамалы 
орны тармақтың басы мен ортасында болады.
Тармақтың аяғында ылғи үш буынды бунақ келіп отырарға 
керек иә ылғи төрт буынды бунақ болып отырарға керек.
Мысал: 
1. Үш буын аяғында болғандағы өлең кестесі.

4
3
Кеудеде от || іште жалын || көзде жас,
4
4
3
Күні-түні қайғы жұтқан || сорлы бас.
4
4
3
Сабан төсек || тым қараңғы || жатағы
4
4
3
Наны қара, || шайы қара || қарны аш.
(Мағжан)
ХХХХ || ХХХХ || ХХХ
ХХХХ || ХХХХ || ХХХ
ХХХХ || ХХХХ || ХХХ
ХХХХ || ХХХХ || ХХХ
2. Төрт буын аяғындағы өлең кестесі.

4
4
Таласқан || аспанменен || көкпеңбек тас

4
4
Қарасаң || төбесіне || айналар бас

4
4
Жасаған || мейірімі кең || қадыр тәңірі

4
4
Шығарған || сол тауынан || алтын алмас.
(Мағжан)
ХХХ || ХХХХ || ХХХХ
ХХХ || ХХХХ || ХХХХ
ХХХ || ХХХХ || ХХХХ
ХХХ || ХХХХ || ХХХХ


229
Осы сияқты өлеңдердің бірін оқып, кешікпей біріне түскенде 
дауыс ағыны өзгеретіні оңай сезіледі. Екі түріне өлең алып 
оқып қарайық:
1) Сар дала бейне өлік сұлап жатқан 
Кебіндей ақ селеулер басын жапқан. 
Тау да жоқ, орман да жоқ, өзен де жоқ, 
Сәуле емес, қан шашып тұр күні батқан.
.......................................................................
2. Жаралы бір жан жатыр құба жонда,
Бір қисық жалғыз аяқ сүрлеу жолда. 
Бернесі, нұры кеткен көзіменен 
Қарайды бишара жан оңға-солға.
...........................................................
3. Күнбатысты қараңғылық қаптаған, 
Күні батып, жаңа таңы атпаған. 
Түнеріп жүр күннен туған перілер, 
Тәңірісін табанында таптаған.
..................................................................
4. Күнбатысты қараңғылық қаптаған, 
Көгінде жоқ жалғыз жұлдыз батпаған. 
Түн баласы тәңірісін өлтіріп
Табынатын басқа тәңірі таппаған.
...................................................................
(Мағжан)
Бұл өлеңдерді айтпай тұрып, әр шумағындағы тармақ- 
тарының бунақтарын санағанда, бастапқы екі шумақ өлең мен 
соңғы екі шумақ өлең екеуінің арасында еш айырмасы жоқ 
сияқты көрінеді: бунақ саны да, буын саны да бірдей, бірақ 
оқи бастағанда, оқи келе бірінен біріне түскенде дауыс ағыны 
өзгеріп, екеуі бірдей болмай шығады. Егер де әнмен айтып 
қарасақ, екеуін бір әнмен айтуға болмайды. Екеуіне екі түрлі 
ән болады.


230
Мұнда екі түрі өз алдына бөлек-бөлек шумақтар да тұр, 
сондықтан екі түрін өз алдына екі түрлі ырғақпен өлең қылып 
айтуға болып тұр. Екі түрі бір шумақта келсе, онда тіпті өлең 
болмай шығады. Мәселен, мына түрде біреу өлең жаздым де-
ген болса:

4
4
Бір қазақ || қала шықты || мата ала,

4
3
Тиеп ап || тері-терсек || бір шана.

4
4
Ұрлатып || жүгін жолда || жұрдай болып

4
3
Қайтты байғұс || түк алмай || құр ғана.
XXX || ХХХХ || ХХХХ 
ХХХХ || ХХХХ || XXX 
XXX || ХХХХ || ХХХХ 
ХХХХ || ХХХХ || XXX
Мұнда тармақтардың аяқтары ұйқасқан, бунақтарды бір-
дей, жалғыз-ақ өлең жорғағы келмей тұр. Жорғағы келмеген 
соң өлең болмай тұр. Тармақтары бірдей, тармақ ішіндегі 
бунақтары бірдей, аяқтары ұйқас келген сөздің бәрі өлең бола 
берсе, бұ да өлең болар еді. Нешік, бұл өлең бола алмайды.
Мұнда жорғақ жүріс сияқты дауысты бір қалыппен тербетіп, 
келісті көрсететін өлең жорғағы жоқ, өлеңнің басқа сөздерден 
айырылатын негіздік қасиеті жорғағы онан айрылса, өлең бола 
алмайды. Жорғағы жоқ болған соң, бұл сөздер өлең болып 
шыға алмай тұр.
Мұның жорғағын келтірмей тұрған не нәрсе? Бұған кесел 
болып бунақтың орын таңдағандығы яғни бунақтарды табиғи 
тілеген орнына қойылмағандық.
Бунақтар тармақтардың аяғында бірыңғай келмей, бірін-
де үш буынды бунақ келсе, бірінде төрт буынды бунақ келіп 
тұр. Оны өлең табиғаты көтермейді. Не үшін көтермейтіндігі 
жоғарыда айтылды.


231
Егерде сол тармақтардың мағына жағын өзгертпей, бунақ- 
тарын бірыңғай келтіру үшін азырақ сөздерін өзгертіп
төмендегі түрде айтсақ, жорғағы түзеліп, өлең болып шығады:


4
Бір қазақ || қала шықты || мата ала


4
Тиеп ап || тері-терсек || жегіп шана,


4
Ұрлатып || жолда жүгін || жұрдай болып,


4
Үйіне || қайтты байғұс || құрқол ғана.
XXX || ХХХХ || ХХХХ 
ХХХ || ХХХХ || XXXХ 
XXX || ХХХХ || ХХХХ 
ХХХ || ХХХХ || XXXХ
Мұнда анау айтылғандай емес, дауыс ағыны бір қалыпта бо-
лып тұр. Оны олай етіп тұрған бунақтар бірыңғай келгендігі, 
тармақтардың аяғында өңшең төрт буынды бунақтар бірыңғай 
келіп тұр.
Бунақтар орын таңдайды дегеніміз осы болады.
Енді бунақтар орын талғайды дегенді баяндайық. Бунақ- 
тардың талғайтын орындары тармақтардың басында және ор-
тасында болады. Шумақ ішінде бунақтар тармақтардың ба-
сында иә ортасында бірыңғай болып келу тиіс. Мәселен, бір 
тармақтың басында үш буынды бунақ келсе, басқа тармақтарда 
да солай келу тиіс. Әйтпесе өлең өлеңдігінен айрылмағанмен 
жорғағынан жаңылады, айтуға ауырлық келтіреді.
Бұл кемшіліктен қазақ ақындарының көбінің-ақ сөзі 
аман емес. Әсіресе, Абай өлеңдерінде көбірек ұшырайды. 
Мұндай кемшілігі бар өлеңдерді де сол күйінде өзгертпей 
әнге қосуға болмайды. Бірақ бұл жоғарыда таңдау орын тура-
лы айтылғандай, түзеуге келмейтін кемшілік емес, көбінесе 
түзетуге келетін оңай кемшілік.
Тармақтардың басында өңшең үш буынды бунақ келетін 
өлеңдерді де, төрт буынды бунақ келетін өлеңдерді де, бас 
бунақтары бірыңғай келмейтін өлеңдерді де мысалға алып, 
жай айтып та, әнмен де қарасақ араларында қандай басқалық 
бар екенін байқау қиын болмайды.


232


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   155




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет