А. Байтурсынов 1-том final indd



Pdf көрінісі
бет76/155
Дата03.12.2022
өлшемі1.7 Mb.
#466365
түріБағдарламасы
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   155
3f6819f4d3d114a3d7389dac6ea4d3d5

Бас бунағы үш буынды өлең


4
Ызыңдап || ұшқан мынау || біздің маса,


4
Сап-сары || аяқтары || ұзын маса,


4
Өзіне || біткен түсі || өзгерілмес


4
Дегенмен || қара яки || қызыл маса.


4
Үстінде || ұйықтағанның || айнала ұшып,


4
Қаққы жеп || қанаттары || бұзылғанша


4
Ұйқысын || аз да болса || бөлмес пе екен?!


4
Қоймастан || құлағына || ызыңдаса.
 (Маса)
Бас бунағы төрт буынды өлең


4
Зор қуаныш || қара түн || өткеніне,


4
Алтын таңдай || ашық күн || жеткеніне,

3
4
Қан аралас || төгілген || көп көз жасы,

4
4
Тәңірі қабыл || мейрім қып || өткеніне.
4

4
Ерік құсы || қайта ұшып || келгеніне,

3 4
Душар болмай || дұшпанның || мергеніне,

3
4
Қайта шықты || батқан күн || нұр шашылды,

3 4
Мың шүкірлік || тәңірінің || бергеніне.
 (Мағжан)


233
Бас бунағы бірыңғай емес өлең

3
4
Өлең сөздің || патшасы, || сөз сарасы

4 4 
Қиыннан қиыстырар ер данасы

3

Тілге жеңіл || жүрекке || жылы тиіп,

4 4
Теп-тегіс || жұмыр келсін || айналасы. 

3 4
Бөтен сөзбен || былғанса сөз арасы

3
4
Ол ақынның || білімсіз || бишарасы.

3
4
Айтушы мен || тыңдаушы || көбі надан
3
4
4
Бұл жұрттың || сөз танымас || бір парасы.
......................................................................
 (Абай)
Осы үш өлеңде дауыс ағыны үш түрлі. 
1-ші өлеңде дауыс ағыны басынан аяғына шейін бірдей. 
Мұны 1-ші ағынды өлең дейміз. 2-ші өлеңнің дауыс ағыны 1-ші 
өлеңдегіден басқа, бірақ оның да басынан бастап аяғына шейін 
дауыс ағыны бірдей. Мұны 2-ші ағынды өлең дейміз. 3-ші 
өлеңде белгілі бір ағын жоқ, бір тармағында бір түрлі ағын бол-
са, екінші тармағында екінші ағын. Бірінші шумағының бірін-
ші және үшінші тармақтарында 2-ші ағын, 2-ші және төртінші 
тармақтарында 1-ші ағын, екінші шумағының бірінші, екінші, 
үшінші тармақтарында 2-ші ағын, төртінші тармағында 1-ші 
ағын.
Сүйтіп, 2-ші өлеңдегі ағынды өз алдына басқа үшінші 
ағынды өлең деуге болмайды. Бұл бірінші және екінші 
өлеңдерден ағынымен айрылып тұр. Егер де екі түрлі ағынды 
араластырмай, бір-ақ түрлі ағынды еткіміз келсе, меселен, әнге 
қосамыз десек, мұндай өлеңдердің бунақтарының орнын ал-
мастырып, иә 1-ші ағынға яки 2-ші ағынға түсіреміз.


234
1-ші ағынға түсіргенде:

4
4
Патшасы || өлең сөздің || сөз сарасы,

4
4
Қиыннан || қиыстырар || ер дана

4
4
Жүрекке || тілге жеңіл || жылы тиіп, 

4
4
Теп-тегіс || жұмыр келсін || айналасы.

4
4
Былғанса || бөтен сөзбен || сөз арасы

4
4
Білімсіз || ол ақынның || бишарасы.

4 4
Тыңдаушы || айтушы мен || көбі надан,

4 4
Бұл жұрттың || сөз танымас || бір парасы. 
(Бас бунақ үш буынды, басқалары төрт буынды)
2-ші ағынға түсіргенде


4
Өлең сөздің || патшасы || сөз сарасы,
4 3 
4
Қиыстырар || қиыннан || ер данасы.


4
Тілге жеңіл || жүрекке || жылы тиіп


4
Жұмыр келсін || теп-тегіс || айналасы.


4
Бөтен сөзбен || былғанса || сөз арасы,


4
Ол ақынның || білімсіз || бишарасы.


4
Айтушы мен || тыңдаушы || көбі надан,


4
Сөз танымас || бұл жұрттың || бір парасы.
(Мұнда ортадағы бунақ ылғи үш буынды). 


235
Абайдың бұл өлеңін 1-ші ағыннан гөрі 2-ші ағынға түсіргенде 
сөздерінің ыңғайы жақсы келеді. Бұл 1-ші, 2-ші ағыннан басқа, 
11 буынды өлеңдерде 3-ші ағын болады. Оны қазақ өлеңшілері 
түрікпен ағыны деп атайды. Не үшін олай атайтындығының 
себебі белгісіз.
3-ші ағынды өлеңдердің аяқ бунақтары ылғи үш буынды бо-
лып, басқалары төрт буынды болып келеді.
М ы с а л:

4
3
Қыздыр дейсің || топ жиынды, || жан дейсің,

4
3
Қыздыратын || жасты қайдан || ал дейсің.


3
Өмірімнің || таңын қосып || кешіне,


3
Бер қайтадан || өткен күннің || әммесін.


3
Бере алмасаң || кең салалық || бейілді,


3
Жас қызығын || көрсін жастар || кейінгі.


3
Тәтті өмірмен || нәпсі көңілін || ауладық,


3
Қалғанымен || алдантайық || зейінді.
 (Маса)
Жоғарыда баяндалған екі буынды, үш буынды, төрт буынды 
бунақтардан басқа ескі жырларда, «Кенесары-Наурызбайды» 
шығарған Нысанбай жыраудың сөзінде, «Ер Тарғында» бес 
буынды бунақтар да келеді. Бірақ ондай буындар тармақтың 
белгілі бір мүшесі сияқты әман келіп отырмай, бірде болса, 
бірде жоқ, тәртіпсіз, кез келген түрде болғандықтан оларды 
тармақтың тұрлаулы мүшесіне санауға болмайды. Олардың 
ескі жырларда келетін себебі ескі жырлардың көбінде тап-
тұйнақтай таза өлшеу жоқ. Солай болған соң, жорғағы да 
дұрыс келмей, айтуға ауыр соғып отырады. Жырлар кесте 
кескіні жағынан қарағанда, нағыз өлең сөйлемдер мен жай 


236
сөйлемдердің аралығындағы, жорға мен жортақтың арасындағы 
жүріс сияқты, сөйлемнің дүрегей күлдібадам түрі. Сондықтан 
бес буынды бунағы бар өлең деп санауға болмайды. 
Бес буынды бунақтар келетін жырлардан мысал алып 
қарайық:
5
1. Ау, хан ием || хан ием!
4
Айды бұлт || құрсайды;
5
Ай түнерге || ұқсайды.
4
Күнді бұлт || құрсайды;
4
Күн жауарға || ұқсайды.
4
Көгілдірін || ерітіп,
5
Көлдегі қулар || шулайды.
4
Көп ішінде || бір жалғыз 
4
Көп мұңайып || жылайды,
5
Күйбеңдескен || көп жаман
5
Сөзі тигенге || ұқсайды
(Ескі жыр)
4
2. Мен күңірентсем || оңалтпан,
5
Атамның атын || жоғалтпан.

Бес түлеген || бөрімін,
4
Белге соқсаң || жығылған


237
5
Кенеулі қара || бұлтпын,
4
Қапы жаумай || ашылман.
5
Бурылша аттай || мықтымын,
5
Бұғалық салсаң || тоқтаман.
5
Ұсталар соққан || болатпын 
5
Үстіме дұшпан || жолатпан.
 (Орақұлы Әлібек)
4
3. Не себептен || хан Кене
5
Қырғызға мұнша || өшікті?
4
Ақ қалпақты || қырғыздан
5
Қазаққа берді || несіпті.
5
Ат мініп, қару || асынған,
4
Бізді аяма || кесіпті
4
Есіркесең || болмай ма? 
5
Жолыңда жатқан || бесікті.
 (Нысанбай жырау)
4
4. Ақжүністей || жолдасым!
5
Әйел де болсаң || мұңдасым!
4
Қолаң шашты || қой көзді


238
4
Аш арыстан || жүректі
5
Палуан жолбарыс || білекті
5
Жігіттің мәрті || мен едім
5
Құдіреті күшті || Құдайым,
5
Сындырмағай || белімді, 
5
Тарылтпағай || жерімді.
 (Ер Тарғын)


239


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   155




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет