А. Байтурсынов 1-том final indd



Pdf көрінісі
бет77/155
Дата03.12.2022
өлшемі1.7 Mb.
#466365
түріБағдарламасы
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   155
3f6819f4d3d114a3d7389dac6ea4d3d5

6. тАрМАҚ КезеңДері
Бунақтардың арасындағы дауыс толқынының жіктері кезең 
деп аталады деп едік. Кезең екі түрлі болады: 1) ұлы кезең,
2) кіші кезең
М ы с а л ы:
Ақжүністей || жолдасым! 
Әйел де болсаң || мұңдасым!
Қолаң шашты || қой көзді 
Әйел де ару || сен едің 
Аш арыстан || жүректі 
Палуан жолбарыс || білекті
Жігіттің мәрті || мен едім.
Мұнда көлденең жуан сызық ұлы кезеңдерді көрсетеді, 
жіңішке сызық кіші кезеңді көрсетеді. Буын саны: бір тармақтың 
ішіндегі буын саны қазақта 2 мен 13 арасында болады.
Жар-жар – 13 буынды, 
Жай өлең – 11 буынды, 
Ескі жырлар – 7-8 буынды.
Жаңа ақын, жаңа жазушылардың өлеңінде бұл түрлердің бәрі 
де болады, оның үстіне 3, 4, 5, 6-қатта 2 буынды тармақтармен 
жазылған өлеңдер де бар. Мәселен, 6 буынды тармақ «Сең» 
деген Мағжан өлеңінде бар.
5 буынды тармақ Абайдың «Сегіз аяғы» түрінде жазылған 
өлеңдерде келеді.
4 буынды тармақ Абайдың «Сырласа алмай» деген өлеңінде 
келеді және Мағжанның «Жұмбақ» деген өлеңінде келеді.
2 буынды тармақ Мағжанның «Біраз Фетше» деген өлеңінде 
келеді.
7. тАрМАҚ ҰйҚАстығы
Тармақтардың аяғының ұйқастығы ұйқастық деп айтыла-
ды. Ұйқастық түрліше болады.
Ұзын тармақты, жеке шумақты өлеңдерде 1-ші, 2- ші, 4-ші 
тармағы ұйқасып, 3-ші тармағы ұйқаспай, азат қалады.
Ұзын тармақты, тұтас шумақты өлеңдерде бастапқы екі 
тармағы ұйқасып, онан арғылары бірі азат, бірі ұйқас аралатпа 
болып келеді.


240
Ескі жырлардың ұйқасуы көбінесе тәртіпсіз болады. Бер-
гілікте шыққан жырларда ғана тәртіп бар.
Қысқа тармақты жаңа өлеңдердің тұтас шумақтылары ұзын 
тармақты өлеңдерше ұйқасады да, жеке шумақтылары иә 
ұзын тармақты өлеңдерше, иә кестесінің түріне қарай түстес 
тармақтары ғана ұйқасады. М ә с ел е н:
Оюын ойып,
Орындап қойып,
Түр салғандай өрнекке.
Қиыннан қиып,
Қиырдан жиып,
Қарап сөзді термекке.
Еңбекке егіз тіл мен жақ,
Ерінбесең, сөйлеп бақ.
Мұндағы 1-ші, 2-ші тармақ түстес болған соң, бір ұйқасып 
тұр. 4-ші, 5-ші тармақ түстес болған соң бір ұйқасып тұр. 7-ші, 
8-ші тармақтар түстес болған соң бір ұйқасып тұр. Осы сияқты 
ұйқастыру Абайдан кейін шыққан қазақ ақындарының көбінде 
бар.
Өлең шығару өнері турасындағы сөзді осымен бітіріп, 
ақтығында айтатын сөз мынау: Жоғарыда айтылған керек 
шарттардың бәрін орнына келтіріп шығарған өлең сымға 
тартқандай, нағыз мінсіз өлең болып шықпақ. Мұны біздің 
қазақ ақындарының көбі, өлең шығару өнерінің ғылымын біл-
мегендіктен, орнына келтіре алмайды. Біреулер өлшеуін келті- 
ре алмай, тармақтарын ұзартып, өлеңді төсегіне сыйғыза алмай 
сирағын сыртқа шығарып жібереді. Біреулер бунақтарын өлең 
табиғаты тілеген орнына қоя алмай, иә жорғағын бұзып, иә 
тіпті өлең сиқын жоғалтып жібереді. Мұның бәрі өлеңнің өлең 
болғандағы негіздік түр-тұрпатын бұзып, не күйін кетіргендей, 
не өлеңдігін жойғандай, әуезділік жағына кемшілік келтіреді.
Егерде сөз бір жүзді нәрсе болса, қазақ өлеңдерінің көбі 
асыл сөздің табынан шығып қалар еді. Олай болмайтыны 
сөздің бір жүзді емес, екі жүзді нәрселігі. Сөздің сыны жалғыз 
тысында ғана емес, ішінде де бар. Тысқарғы кесте кемшілігін 
ішкергі мағына жақсылығы жуып, көбінесе өлең кестесі 
жағындағы кемшіліктерін біліндірмейді, тесе қарап, тексере 
бастағанда болмаса, жоғарыда айтылған кемшіліктердің көбі 
жай қарағанда сезілмей өтеді.


241


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   155




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет