А. Байтурсынов 1-том final indd



Pdf көрінісі
бет83/155
Дата03.12.2022
өлшемі1.7 Mb.
#466365
түріБағдарламасы
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   155
3f6819f4d3d114a3d7389dac6ea4d3d5

тарихи әңгіме. Тарих жүзінде белгілі адамдар, нәрселер, 
уақиғалар турасында сөйлейтін әуезелер тарихи әнгіме деп 
аталады. Тарихи әңгіме тек лақап әңгімеден мазмұнның 
шындығымен айырылады. Жұрт аңыз қылып айтып жүрген 
әңгімелердің өтірігі көп болады. Тарихи әңгіме тарих асасына 
сүйенетін шын әңгіме болады.
Мәселен, «Қазақ» газетінде басылған «Әзірет Сұлтан», 
«Тұрғанбай датқа» турасындағы әңгімелер тарихи әңгіме бола-
ды (нұсқалықтың 13, 14-інші нөмірлерінен қара).
2. әліптеме (суреттеу)
Бір нәрсенің тұрпатын реттеп айтып, әлібін суреттеп 
шығару әліптеме болады. Дүниедегі түрлі нәрселердің, түрлі 
адамдардың, түрлі күйлердің бәрін де әліптеуге болады. Бірақ 
әліптемеде сөзбен суреттелетін табиғат жүзінде яки өнер 
жүзінде назар түсірерлік көрнекті нәрселер ғана.


251
іі. әліптеме, жоспары
Бір нәрсені әліптеуден бұрын сол нәрсенің өзін әбден анық 
тану керек яғни көрнекті болып, назар түскендей не белгілері 
барын білу керек. Нәрсені әліптегенде оның ірілі, уақты белгі- 
лерінің бәрін түгелдеу қажет емес, көрнекті көрсетерлік түрін, 
өзгеше белгілерін ғана айтуға керек.
Белгілерін бет-бетіне айтпай, өңіне, орнына үйлестіріп ай-
тып, нәрсенің сүгіретін ойқы-шойқы, қиқа-сиқа қылмай дұрыс 
тұрпаттап, адамның қиял саңылауына сүгіреті өзіне ұқсап, дәл 
түсерлік етіп шығару керек.
Тиісті жерінде нәрсенің көңілге еткен әсерін, нәрсенің 
адамға келтірер пайдасы бар-жоғын айтып жіберуге де бола-
ды.
Әліптеме жоспары. Әуелі нәрсенің айқын тұрған сыртқы 
жағы әліптеледі. Сонан соң ішкі жағы айтылады. Нәрсенің 
жалпы түрінен бастап, жалқылай айтып шығаруға болады. Я 
жалқы түрінен бастап, жалпылай айтып шығаруға болады.
Е с к е р т у. Нәрсе уақытқа қарай әліптенетін болса, әліптеме 
тәртібі уақыт ретінше болады. Егерде нәрсе әліптегенде мезгілі 
бір, орындары түрлі-түрлі болса, онда әліптеме реті жазушының 
бастаған орнына қарайды. Егерде әліптеменің мезгілі де, мекені 
де бір болса, онда әліптеу реті нәрсенің ыңғайына, әліптеушінің 
назарына қарайды.
Әліптеме мазмұнының кемдем жері мен дендем жерін 
айыру керек. Дендем жері нәрсенің өзін әліптеген жері болады. 
Кемдем жері – әліптеуге алынған нәрсе мен басқа нәрселердің 
арасын әңгіме еткенде ұшырайтын жері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   155




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет