248
Орақ-Мамай, Едіге, Кенесарының Садығы турасындағы ауызда
айтылатын әңгімелердің көбі-ақ өтірік-шыны аралас шежіренің
сөздері сияқты.
заман хат. Біреудің заманында болған тарихи уақиғадан яки
өз ішінде болған істерден дерек беруі – заман хат деп аталады.
Мәдени жұрттың адамында, заманында болған көзге түсерлік
уақиғаларды яки өз өмірінде ұшыраған зор істерді жазып, әңгіме
ретінде тіркеп отыратын әдет болады.
Заман хат шежіредей
емес, тәртіпті, жүйелі келеді. Шежірені тек хат білетін адамдар
құр тіркей беруге болады. Заман хатты оқымысты адамдар жа-
зады, сондықтан мұнда құр халық аузында әуезе болып жүрген
дәлелсіз сөздер жазылмайды. Заман хатта уақиғаны уақыт са-
рынымен жазылмайды, іс сарынымен жазылады.
Заман хат-
та боларлық бір кемшілік мынау: Уақиғаны болған күйінше
жазбай, жазушы өз көңілінің күйіне бояп, реңкін өзгертуге
ықтимал. Олай ету уақиғаның дұрыстығына кемшілік келтіреді.
Заман хат шынға жақын болу үшін жазушы өз көңілінің күйіне
түспейтін яғни достыққа да, қастыққа да қарамайтын адам
боларға тиіс. Ондай адам табиғаттан тысқарғы адам болмақ.
Адам табиғаттан тысқары бола алмағандықтан заман хаттары
көңіл күйінің әсерінен аман бола алмайды. Сонда да тарихқа
беретін жемінің молдығынан заман хат өте құнды сөздер есебі-
не қосылады.
Заман хат жазушы жазуына керек жемді иә уақиғаның бо-
лып жатқан үстінен алып жазады, иә көп уақыт өткізіп уақиғада
болған халдерді өзінің есіне алып жазады. Заман хат мағлұматы
айтушынын есіне алынып жазылғанда жәт дерек деп айтыла-
ды.
Заман
хат
болатын Абайдың қарасөздерінде бар (онан басқа
заман хат болатын сөздерді нұсқалықтың 2-3-інші нөмірлерінен
қара).
Жәт дерек болатын
Шоқан турасындағы Потанин, Ядринцев
сөздері және «Жазықсыз тамған қан» деген Торайғырұлының
сөзі (нұсқалықтың 4, 5, 6-ыншы
нөмірлерін қара
Достарыңызбен бөлісу: