261
тады. Уақиғаны бұлайша түрде айтып көрсету тысқарғы түрде
айту болады, сондықтан әуезе көркем сөздің тысқарғы түрлісі
болады. Бірақ әуезеге алынған уақиға болғандықтан және де ол
уақиғаға айтушы өзінше көрік беріп шығарғандағы сөзі әуезе
болады.
2. Толғау
Толғағанда айтатын нәрсесін толғаушы тысқарғы ғаламнан
алмай, ішкергі ғаламнан алады. Толғаушы ақын әуелі көңілінің
күйін, мұңын, мүддесін, зарын, күйінішін, сүйінішін ай-
тып, шер тарқату үшін толғайды. Екінші, ішкергі ғаламында
болған халдарды, нәрселерді тысқа шығарып, басқаларға біл-
діріп, басқаларды сол көңілінің күйіне түсіріп, халін түсіндіру
мақсатпен толғайды.
Толғау қысқасынан айтқанда, іш қазандай
қайнаған уақытта шығатын жүректің лебі
,
,
көңіл құсының сай-
рауы
,
,
жанның тартатын күйі.
Ақындық жалғыз өз көңілінің
күйін толғай білуде емес, басқалардың да халін танып, күйіне
салып толғай алуда.
Әуезе – тысқарғы ғаламның жыры,
толғау – ішкергі ғалам-
ның күйі деп екі айырғанымызбен, екі ғаламның ісінің ара-
сында зор іліктік бар.
Нәрсені танығанда, сол тануымыздың
өзі екі жақты болатындығы жоғарыда «Қара сөз», «Дарын-
ды сөз» деген бапта айтылды. Әр нәрсені саңылап санамызға
алған уақытта, ол нәрселер турасындағы ұғымдарымызға көңіл
кіріспей тұрмайды. Адам дүниедегі көрген, білген нәрселерін
тек байқап, тек пікірлеп,
тек саңылаулап қана қоймайды, ол
нәрселермен қатар адамның көңіліне күй де жасалады. Адам
көрген-білген нәрсенің иә істің біріне күйінеді, біріне сүйінеді,
бірінен сескенеді, бірінен шошынады. Сезіліп тұрған тысқарғы
ғалам мен сезіп тұрған ішкергі ғаламның екі арасы санаға
келіп түйіскен жерде жыртылып айырылғысыз болып бірігеді.
Тысқарғы ғаламнан санаға түскен саңылау мен сана жанында
тұрған көңілдің күйін бір-біріне қатыстырмай, бөлектеп қоюға
мүмкін емес. Адамның санасы фотография (сүгірет машина-
сы) емес, нәрсенің тұрпатын ғана түсіріп қоятын.
Нәрсенің
саңылауы келіп адамның санасына түскенде, адамның ойын да,
көңілін де бірдей оятады. Адамның көңілін оятпаған нәрсе тіп-
262
ті сезілмей, дерексіз өтеді, бірақ адамның ілтипаты тысқарғы
ғаламға, бірде ішкергі ғаламға көбірек ауатын орындары бо-
лады. Кейде тысқарғы нәрсе өте қорқытса яки өте қуантса,
иә болмаса өте тамаша күйде
болып таңдандырса, адамның
есін алып, ілтипатын өзіне аударып кетеді. Кейде қайта адам
оз ойы, өз қиялы, өз көңілінің күйімен болып, айналасындағы
болып жатқан уақиғаларды,
істеліп жатқан істерді, тамаша-
лы, тысқарғы ғаламды байқамай қалады. Бұл адамның ілти-
патын тысқарғы ғаламнан ішкергі ғалам аударып алып кеткен
уақытта болады. Ондай адамдардың көбі ілтипатын көбінесе
ішкі ғалам жағына салатын адамдар болады. Кейде тысқарғы,
ішкергі екі ғаламның да күші
бірдей болып, ілтипатымызды
бірдей түсіреді. Мәселен, бір нәрсе яки іс қандай көркем, әдемі
болса, сондай оған сүйінеміз. Қанша сүйкімсіз, жаман болса,
сонша жек көреміз.
Сүйтіп, манағыдан бергі айтылған сөздің қорытуы мынау
болады:
ертек – тысқарғы ғаламның жыры деп,
толғау – ішкер-
гі ғаламның күйі деп бөлгенімізде, тіпті сорпасы қосылмайтын
бөлектік бар деп ұқпасқа керек.
Достарыңызбен бөлісу: