260
келмейді. Сондықтан қазақ ауыз
әдебиетінің шығармалары
айтылу түріне қарай бөлінбей, тұтыну орнына қарай бөлінеді.
Осылай бөлінбесе, ауыз әдебиетінің
сөздерінің көбі жоғарғы
айтылған үш салаға үйлеспей, далада қалып қояды. Ауыз
шығармаларды сөз қылғанда, көркем сөзді шығармаларды ғана
сөз қыламыз. Қазақ ауыз әдебиетінде көсем сөзді шығармалар
жоқ. Неге болмайтындығын азырақ айтып, түсіндіріп өту қажет
болады.
Жазу-сызу жоқ жұртта көсем сөзді шығармалар болмайды,
себебі жазу-сызу жоқ жұртта өнер-ғылым болмайды. Ғылым де-
геніміз – дүниені яғни табиғатты дұрыс тану, ғылым жоқ болса,
дүниені тану дұрыс болмайды. Дүниені дұрыс танымаған соң,
дүние турасындағы мағлұмат жиысатын сана-саңылауы дұрыс
болмаған соң, табиғаттың күшін, ісін, қасиетін бұрынғылар
теріс танып, теріс әуезе қылған.
Сондықтан бұрынғылардың
ертегі сияқты, ертегі жырлар сияқты шығарған сөздері біздерге
шып-шылғи өтірік көрініп, біздің
ақыл арнамызға жуыспай-
ды.
Қай халықтың да болса, жазу-сызу білмеген заманы болған,
сондықтан ерттегі сияқты өтірік қай халықта да болса бар.
Әдебиет сөзін тәртіптеп, тапқа бөлу керек.
Жұртынан
шыққан олар ауыз сөзді де айтылу түріне қарай негіздік үш
тапқа бөлген: 1)
әуезе, 2)
толғау, 3)
айтыс. Не үшін олай бөл-
ген мәнісі әр табы бас-басына баяндалғаннан көрінбекші.
Достарыңызбен бөлісу: