253
дүниедегі
нәрселердін бәрі сабақтас, іліктес, құрмалас. Ол
сабақтас, іліктес әм құрмаластығы
белгілі себептер бойын-
ша болып, себеп жүзіндегі белгілі бір заңға мойынсұнып, сол
заңның жолынан бұрылмайды. Ол заң табиғат заңы, ол
заң
жолы табиғат заңының жолы.
Нәрселер арасында қандай сабақтастық, іліктестік, құрма-
ластық бар екенін ашу жағын, олардың бар болуы қандай себеп-
термен, қандай заң бойынша екендігін айыру жағын байымдап,
ғалым адамдардың шығарған сөздері
пән шығарма деп атала-
ды. Пән шығарманың асылы байымдама болады,
сондықтан
пән шығарманың жалпы аты да байымдама болады.
Байымдаманың зор мүшесі төртеу: 1.
бастамасы, 2.
ұсынбасы,
3.
баяндамасы, 4.
қорытпасы. Бастамасында әңгіме болатын
нәрсе туралы басқалар тарапынан айтылған пікірлер барлығын
иә жоқтығын айтады. Оны айтпай бастауға да жазушы ықти-
ярлы, сондықтан бастаманы қалай бастау жазушының ықтия-
рында десек те болады.
Ұсынбасында әңгіме болатын пікірмен таныстырады.
Баяндамасында алынған нәрсе баяндалады, оның турасын-
да айтылған пікірлерге дәлелдер, сипаттар келтіріледі.
Қорытпасында айтылған пікірлердің
иә маңызы қайта ай-
тылады, иә пікірлерден шыққан нәтиже айтылады. Пікірді
мәністеу,
дәлелдеу, сипаттау баяндамасында болатындықтан
баяндама байымдаманың нағыз дендем бөлімі болады.
Сипаттау түрлі болады: 1. Мәністеп, дәлелдеп сипаттау бар.
2. Керек
пікірді яки нәрсені басқа, соған ұқсас нәрселермен
салыстырып сипаттау. 3. Керек пікірді қостайтын, қуаттайтын
мысалдар келтіріп сипаттау бар. 4. Белгілі адамдардың айтқан
иә жазған пәтуаларын келтіріп сипаттау бар. 5.
Қаралатын
пікірге қарсы пікірдің нашарлығын яки қателігін көрсетіп си-
паттау бар.
Достарыңызбен бөлісу: