А. Байтурсынов 1-том final indd



Pdf көрінісі
бет86/155
Дата03.12.2022
өлшемі1.7 Mb.
#466365
түріБағдарламасы
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   155
3f6819f4d3d114a3d7389dac6ea4d3d5

Байымдама әдістері. 
Байымдама әдісі екі түрлі: 1) негізгі пікірді шығарманың 
басында айтып, оны қуаттайтын пікірді соңынан келтіру бар. 
Яғни әуелі жалпы пікірді айтып алып, оны бөлекей пікір-
лермен қуаттап байымдау бар. Бұл жалқылау әдісі болады. 


254
2) Әуелі бөлекей пікірлерді айтып, жалпы пікірді солардың 
дәлелдерімен қуаттап байымдау бар. Бұл жалпылау әдісі бо-
лады.
Ойлау оңтайы да екі түрлі: 1. айырыңқы оңтай, 2. жиылыңқы 
оңтай. Талдама оңтай – нәрсені бұтарлап, мүшелеп, ұсақтай 
түсіндіргенде қолданатын оңтай. Терме оңтайнәрсенің 
мүшесін жинастыра, құрастыра, іріктей түсіндіргенде қолда- 
натын оңтай. (Байымдама мысалдарын нұсқалықтың 20, 21, 22, 
23-інші нөмірлерінен қара).
Байымдама түрлері
Қара сөз байымдаманың қатыспайтын шығармасы болмай-
ды. Әуезе, әліптеме, байымдама деп жіктерін бөлектеп көрсет- 
кенімізбен, әуезе, әліптеменің қайсысына болса да байым-
дама кіріспей тұрмайды. Сондықтан байымдама түрлерін 
көрсеткенде, байымдама жағы басым шығармалардың түрлерін 
ғана көрсетуге болады.
Байымдама жағы басым шығармалар толып жатыр. Олар-
ды негізгі ұлы белгілермен айырғанда мыналар болады: 1) пән 
(ғылым), 2) сын, 3) шешен сөз, 4) көсем сөз.
1. Пән (ғылым). Пән яки ғылым деп жүйеленген білімді ай-
тамыз. Жүйеленген білім жайын сөйлейтін байымдаманы да 
пән яки ғылым дейміз. 1. Білім үйрету мақсатпен де, үйлестіру 
мақсатпен де жүйеленеді. Қай мақсатпен жүйеленсе де, 
жүйеленген білім пән (ғылым) болады, сондықтан ғалымдардың 
білімді таза білім жүйесімен жүйелеп шығарған кітаптары да, 
үйретушілердің білімді тек үйрету қолайына қарай жүйелеп 
шығарған оқу кітаптары да бәрі пән табына жатады (пән мыса-
лы: оқу кітаптары, пән кітаптары).
2. Сын. Сын деп адам ісінен шыққан нәрсені тексеріп, баға 
беруді айтамыз. Сынға салуға болады – ғылымнан шыққан 
нәрсені де, өнерден шыққан нәрсені де, кәсіптен өнген нәрсені 
де, қоғамшылықпен құралған нәрсені де. Ол нәрселер көп адам 
күшімен, ісімен жасалған мемлекет сияқты ұлы нәрсе болуға да 
ықтимал. Жалғыз адам жасаған ұсақ нәрсе болуға да ықтимал. 
Адамның қай ісінен шыққан нәрсе болса да, сынға салудағы 


255
мақсат – жақсы, жамандығын ашу, мән-мағынасын анық таны-
ту. Ғылым тарапынан шыққан нәрсе болса, ғылым жүйесіне 
дұрыс, терісін көрсету. Өнер тарапынан шыққан нәрсе болса, 
мақсатқа сәйкес келген-келмегенін көрсету. Кәсіп тарапынан 
шыққан нәрсе болса, тіршілікке жайлы-жайсыздығын көрсету. 
Қоғамшылық тарапынан шыққан нәрсе болса, адам қалпына 
қолайлы келу-келмеуін көрсету, сүйтіп адам ісінен шыққан 
нәрсенің түрлісі түрлі мақсатпен сынға түседі.
Әдебиет адам ісінің бір түрінен шыққан нәрсе болғандық- 
тан, бұ да сынға түспек. Мұның түрлісі түріне қарай сынға 
түседі, бірақ қайсысы сынға түссе шығармалардың түсетін 
сынының жалпы аты – әдебиет сыны деп айтылады. Әдебиет 
алқасына кіретін шығармалар қара сөз, дарынды сөз болып, 
екі айрылатыны жоғарыда баяндалды. Сынға түскенде, мұның 
екеуі екі жүйе таразымен өлшеніп, сынға түседі. Қара сөздер, 
мейлі әуезе, мейлі әліптеме, мейлі байымдама болсын ғылым 
таразысына түсіп, ғылым жүйесінің сынымен тексеріледі. 
Ғылым сыны ғылым жүйесіне дұрыс, терісін қарайды, шынын-
да сондай нәрсе ме? Топшылауы дұрыс па, дәлелдері толық па, 
сипаттары күшті ме? деп, со жағынан тексереді.
Пән шығарманың ғылым жүйесіне дұрыс, теріс келуін, 
пәннен хабардар адам болмаса, пәннен хабары жоқ адам 
білмейді. Сондықтан ғылым сынын ғылым иесі ғана жасау 
қолынан келеді.
Қара сөзде әдебиет жөнінде таласы көп сөздер әлеумет ме-
селелері турасындағы пікірлер де болады. Тұрмыс мәселесі 
тоқсан түйіннің тоғысып, шиеленісетін жері. Оны дұрыс ше-
шуге көпті көрген көсем болуға керек, адамның, халықтың иә 
бір таптың мінезін, құлқын, салт-санасын, жан жүйесін, ой 
жүйесін, тарихын, мұң-мұқтажын жақсы білетін дана болу
ғалым болу керек. Тұрмыс мәселелері деп қандай мәселелер 
айтылады? Тұрмыс мәселесі деп айтатын, айтылатын шын 
адамшылық мәселесі, өмір мақсатының мәселесі яғни өмір 
бақытты болу мәселесі, ошақ басының, жұрт қамының, мемле-
кет жайлылығының, дүние тыныштығының мәселесі. Мұндай 
ұлы, ұйысқан мәселелерді дұрыс шешу оңай нәрсе емес, ондай 
ірі іс ердің ерінің, дананың данасының ғана қолынан келмек. 


256
Сондықтан тұрмыс мәселелері туралы шыққан сөздерді сынға 
салмай сенуге болмайды. Сондықтан да тұрмыс мәселелері 
турасындағы пікірлер талқыға салынып барып мақұлданады.
Дарынды сөзді сынау үшін де білім керек, бірақ қара сөзді 
шығармаларға керек болған пән білімі емес, басқа түрлі білім 
керек. Бұған ғылым білімінен гөрі өнер білімі көбірек керек! 
Ұстаның мінін көбінесе ұсталар көреді. Сондай-ақ, дарынды 
сөздің мінін ақындық дарыған адам көбірек көрмек, бірақ ұста 
істеген нәрсенің мінін ұстаның бәрі көре бермейді. Жақсы ұста 
ғана ұста істеген нәрсенің мінін көре алады. Жаман ұстаға 
өзінен артық ұстаның істеген нәрсесінің бәрі де жақсы көріне 
береді. Ондай ұстадан да жақсы ұстаның істеген нәрсесін 
тұтынып, көзі үйренген жай адам ұстаның ісін артық сынай-
ды. Сол сияқты, дарынды сөзді ақындығы шамалы адамнан да, 
жақсы ақындардың сөзін оқып, әдемілігінен әсер алып үйреніп 
қалған, оқыған жай зейіні ашық адамдар дарынды сөзді артық 
сынауы ықтимал. Сондықтан дарынды сөзді сынауға ақындық 
керек болғанмен, ақын емес адамның да қолынан келмейтін іс 
емес. Сүйтіп, ғылым сыны ғалымдықсыз жасалмайтын сын да, 
дарынды сөз сыны ақындықты керек қылғанмен, ақындығы 
жоқ, ақындықтан шыққан әдемі сөздерге үйір болған адамдар 
да жасауға болатын сын.
Дарынды сөз қай жағынан сыналмақ деген мәселеге келсек, 
оның жөнін дарынды сөздің шығатын жолы көрсетіп, айтып 
тұр. Қара сөзді әдебиетте пікір сүлде түрінде айтылады. Да-
рынды сөзде пікір сурет түріңде шығады яғни сүлде үстіне 
өң, ажар, жан, мінез, қылық беріліп, тұрпат, тұлға, түс бітіп, 
тірі нәрсе болып шығады. Сондықтан да дарынды сөз көркем 
сөз деп аталып, қара сөздер жалаң сөз деп айтылады. Қара 
сөздің сынында пікір дұрыстығы, істің растық жағы тексеріл-
се, көркем сөздін сынында, пікір дұрыстығының үстіне, пікірге 
берілген сурет сұлулық жағы да тексеріледі. Көркем сөзді әрі 
сүлде, әрі сурет екі жағынан да тексеруге тиіс болғандықтан, 
оның сынында мынадай сұраулар боларға керек:
Тұрмыстың қай жағын алып сөз қылған? Мазмұны дұрыс 
па яғни өмірде ондай қалып ұшырай ма? Яки ұшырауға мүмкін 
бе? Өмірде болатын қалып болса, неден болады, неден болатын 


257
себебін біліп айтқан ба? Адам баласының бәрінде боларлық 
қалып па, белгілі бір табында ғана боларлық қалып па? Мұрат 
қалып па? Кейіп қалып па? Бұл шығарманың сүлде жағының 
сыны. Сурет жағының сынында сұраулар мынау түрде болмақ:
Көркем сөз табына шын қосыларлық сөз бе? Қиял жасаған 
тұрпаттар, ойдан үйлестірген уақиғалар пікір санасына тура 
келіп, дұрыс сүгіреттеп, өңдендіріп көрсете ала ма? Тілі өрнекті 
ме? Әуезді ме? Лұғаты таза ма? Анық па? Қысқасы, ойды 
өрнектеп, көрнектеп, суреттеп көрсеткендей тілінде шеберлік 
бар ма? Екінші сөзбен айтқанда, ақылдың аңдағанын, қиялдың 
меңзегенін, көңілдің түйгенін тілі дұрыс жеткізе алған ба?
Манағының бәрін қорытып айтсақ, асылында, көркем сөзде 
екі тысқы, екі ішкі сын болалы.
Тысқы сындар: 1) тілінің, лұғатының сыны яғни тілінің 
дұрыстығы, анықтығы, тазалығы, дәлдігі, көрнекілігі, әуезділігі, 
өрнектілігі жағының сыны.
Сүгіретінің сыны: яғни кестесін келтіріп, ұнасымды түрде 
үйлестіріп суреттеуінің сыны.
Ішкі сындар: 1) алынған мінез, айтылғаң кылық, көрсетілген 
қалып, жан жүйесінің жөнімен қарағанда, дұрыс бүгіп шығу, 
шықпауының сыны. 2) Өмір жүзінде айтылған нәрсесінің 
болатындығының себебін дұрыс көрсеткен, көрсетпегенінің, 
адам қауымындағы қалып түзелу жағына әсер етерлік (пайда-
зиян келтірерлік) қуаты бар-жоғының сыны.
Көркем сөзді сынағанда, әдебиет түрінің осы төртеуі түгел 
жұмсалады (сын мысалдарын нұсқалықтың 24, 25, 26, 27-інші 
нөмірлерінен қара).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   155




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет