268
тілмен айтылған ауыз шығармалар болады, сондықтан ондай
асыл сөздер
ауыз әдебиет яки
анайы әдебиет деп аталады.
Жазу-сызу, өнер-ғылымы бар мәдениетті жүрттар асыл
сөздерін сыпайы тілмен жазып шығарады, сондықтан олардың
шығармалары
жазу әдебиет яки
сыпайы әдебиет деп атала-
ды.
Қай
халықтың да болса,
жазу-сызу, өнер-ғылым білмеген
шағы болған, сондықтан
анайы әдебиет халықтың бәрінде де
болады.
Сыпайы әдебиет жазу-сызу, өнер-ғылым жемісінен
дәм татқан жұрттарда ғана болады.
Ауыз шығарманы (анайы әдебиетті)
ауыз сөз деп қана атап,
жазба шығарманы (сыпайы әдебиетті) ғана әдебиет деп та-
нушылар бар, бірақ қалай да
асыл сөздің бәрі де тілдегі әдебиет
есебінде жүріледі. Қай тілдегі әдебиетті болса да сөз қылғанда,
шығармаларын сөз қылмай өтпейді. Сөйлеу жүйесінің мақсаты
сөйлеу жүйелерін
білдіріп, анайы тілдегі асыл сөздердің
түрлерімен таныстырып, сөзден нендей нәрселер жасап шыға-
руға болатындығын көрсету. Сондықтан сөйлеу жүйелерін біл-
діргеннен кейін, қазақтың анайы әдебиетінен бастап,
тілдегі
бар шығармалардың түрлерімен таныстыру қажет болады.
269
АУЫЗ ӘДЕБИЕТ
Қазақ ауыз әдебиеті жұмсалатын орнына қарай әуелі екі
салаға бөлінеді: 1)
сауықтама, 2)
сарындама.
Сауықтама саласына барша сауық үшін айтылатын сөздер
кіреді.
Сарындама саласына жұрттағы келе жатқан салт сарынымен
айтылатын сөздер кіреді. Ол салалардың әрқайсысы тарауға,
тараулары
тармаққа, бұтаққа бөлінеді.
Сауықтама екі тарау болады: 1)
ермектеме, 2)
зауықтама.
Достарыңызбен бөлісу: