А. Д. Бугубаева (жауапты редактор)



Pdf көрінісі
бет140/222
Дата02.02.2024
өлшемі7.01 Mb.
#490546
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   222
1679742366435 (2)

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Белкина, В. Н. Особенности проектной деятельности в дошкольной образовательной 
организации. – Ярославль: Ярославский педагогический вестник – 2011. - № 4.
2. Веракса, Н. Е., Проектная деятельность дошкольников. – Москва- 2008.
3. Виноградова, Н. А. Образовательные проекты в детском саду. – Москва. 2013. 
4. Виноградова, Н. А. Образовательные проекты в детском саду. –Москва:
Айрис-пресс, 2014.


251 
Оразбаева Ж. А., Бейсенбаева Г. С. 
Қарағанды қаласы, «№8 ЖББМ» шағын орталық 
 
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРМЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАСТЫРУДА ІТ 
ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ 
Қазіргі таңда балалар ақпараттандырудың, компьютерлендірудің белсенді дәуірінде 
өмір сүріп жатыр. Техникалық жетістіктер адамдардың өмір сүру аясына ғаламат 
жылдамдықпен еніп жатқанадықтан, балалардың заманауи техникаға деген қызығушылығы 
артуда. Техникалық нысандар тұрмыстық құралдар, ойыншықтар,көліктердің барлық 
түрлерінен көрініс тауып, айналамызды қоршап тұр десек қателеспейміз.
Ғылыми - техникалық революция қоғамның барлық сферасына, оның ішінде білім 
саласына да ақпараттандыру процесінің негізі болып енді. Бұл өзгерістердің табыстылығы 
оқыту мен тәрбиелеудің ғылыми, әдістемелік және материалдық кешенінің жаңаруымен 
тікелей байланысты. Қазіргі уақытта ІТ оқыту мен тәрбиелеу жұмыстарына , балаларға қажет 
заттық-дамытушы ортаны жаңартуға, тұлғаны дамытуға бағытталған жаңа құралдарды
жасауға негіз болуда. Мектеп жасына дейінгі балалардың балабақшадағы іс-әрекеті сан-
алуан. Бұл балалардың шығармашылық қызығушылығын оятып, жан-жақты дамуын жүзеге 
асырады. Сол әрекеттердің б.р түрі құрастыру. 
Құрастыру латынның construere сөзінен шыққан, түрлі заттар мен бөліктерді өзара 
байланыстыру деген мағынаны білдіреді. [1,12 б.] 
Балалардың құрастыру әрекетіне құрылыс материалдарынан, құрастырмалардан, 
қалдық және табиғи материалдардан, қағаз бен картоннан және тағы басқа заттардан тұрлі 
құрылымдарды құрастыру жатады. Түрлі құрылымды құрастыруда бала түрлі біліктерге ие 
болады,қоршаған заттар жайлы түсінігі қалыптасып кеңейеді,жұмыс барысында заттың 
қасиеті жайлы білімі толысады,бөліктердің атауын есте сақтап, өзіндік қасиеттері жайлы 
біліп, құрастыру біліктері жетіледі. 
Ал техникалық құрастыруға құрылыс материалдары, құрастырма бөліктері, ірі 
габаритты модулдар, компьютерлік бағдарлама негізіндегі құрастырулар жатады. 
Техникалық құрастыруда балалар негізінен шынайы нысандарды құрастырады. 
Құрастырудың бұл түрінде балалар нысанның функционалды белгілерін және 
құрылымдарын , мысалы ғимараттың шатырын, терезесін; кемені палубасымен, 
штурвалымен құрастыруы қажет.
Баланың техникалық қабілеттерін дамытуда құрастыру басқа іс-әрекеттермен 
салыстырғанда септігін мол тигізеді, бұл тұлғаның жалпы дамуына үлкен әсер етеді. 
Техникалық құрастыру барысында балада бастамашылық, тәуелсіздік, байқампаздық, 
қызығушылық, тапқырлық, коммуникативтілік сияқты қасиеттер қалыптасады. Бұл баланың
жеке тұлғалық дамуына, шығармашылық потенциалына үлкен серпіліс қосады. 
Құрастыруды басқа бала әрекеттерімен ұштастыру баланың тұлғалық дамуына игі әсер 
беретіні Г.Г. Григорьеваның, Т.С.Комарованың, Ц.П.Короленко сынды педагог ғалымдардың 
зерттеулерінде көрсетіліп өткен.
Құрастыру әрекеті ойынмен қатар эмоционалды әсер етудің басқа құралдарымен 
(музыка, көркем сөз, пантомимика, кескіндеме және т.б.) кіріктіріліп жүргізілгенде мектеп 
жасына дейінгі балалардың шығармашылық ойлауының дамуына пайдалы әсер етеді, бұл өз 
кезегінде ерекше бейнелер мен композициялардың пайда болуына әкеледі. 
Құрастыру ойыны-бұл әртүрлі элементтердің конструкцияларын оларды біріктірудің және 
бөліктердің өзара орналасуының әртүрлі тәсілдерін қолдана отырып жасауға бағытталған 
өнімді әрекет. 
Педагогтарда осы құрастыру әрекетін ұйымдастыру барысында сұрақ туындайды: оны 
қандай даму құралдарының көмегімен тиімдірек жасауға болады? 


252 
Балалар түсініктерін кеңейтудің негізгі құралдарының бірі-презентациялар, слайд-
шоулар, мультимедиялық фотоальбомдар. Бұл педагогке бейнефрагменттерді қолдана 
отырып, құрастыру ұйымдастырылған іс-әрекеттерінде логикалық, ғылыми тұрғыдан 
түсініктеме құруға мүмкіндік беретіні айқын. Техникалық құрастыруда материалды осылай 
ұйымдастырумен балалардың жадының көру, есту, мотолық сынды үш түрін дамытамыз.
Презентация күрделі материалды кезең-кезеңімен қарастыруға, ағымдағы материалға 
ғана емес, сонымен қатар алдыңғы тақырыпты қайталауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, 
балалар,а құрастыруда қиындық тудыратын мәселелерге толығырақ тоқталуға болады. 
Анимациялық эффектілерді қолдану балалардың зерттелетін материалға деген 
қызығушылығын арттыруға көмектеседі. [2, 70 б.] 
Балабақшадағы құрастыру ұйымдастырылған іс-әрекеттерінің өзіндік ерекшеліктері 
бар, олар балаларға эмоционалды, жарқын, үлкен иллюстрациялық материалдармен 
көрсетіліп, дыбыстық және бейнежазбаларды қолдана отырып ұсынылуы қажет. 
Бізге мұның бәрін мультимедиялық мүмкіндіктері бар компьютерлік техника 
қамтамасыз ете алады. Бұл жағдайда компьютер тек педагогті толықтырыпотыруы қажет, 
оны алмастырмауы керек. ІТ қолдану құрастыру әрекетін тартымды және шынымен 
заманауи етуге, көрнекілікке сүйене отырып, танымдық және шығармашылық мәселелерді 
шешуге мүмкіндік береді. ІТ техникалық құрастыру әрекеттерінде балалардың жасына және 
санитарлық ережелердің талаптарына сәйкес ұйымдастырылған іс-әрекеттің бөлігі ретінде 
қолданылады. [3, 70 б.] 
Әр түрлі слайд-шоулар мен бейне фрагменттердің міндеті – бұл балаларға қоршаған 
әлемнен бақылау тікелей қиындық тудыратын сәттерді көрсету. 
Балабақшаға арналған презентацияларды жеке суреттер, фотосуреттер, бейнелер, ғаламтор 
ресурстары негізінде де жасауға болады. 
Педагог АКТ арқылы компьютерлік презентациялар түрінде өзінің оқыту құралын 
әзірлей алады. Біз педагогикалық ғылым мен практиканың соңғы жетістіктерін игеруді, жаңа 
нәрсені білуді және ашуды ұнатамыз, сондықтан біз осы саладағы әзірлемелерді белсенді 
қолданамыз.
Компьютерлік презентацияларды құрастыру іс-әрекетінде қолдана отырып, біз ІТ 
арқылы баланы қалай қызықтыруға мүмкіндік беретінін көрдік, бұл оқу ақпаратын есте 
сақтайтын еріксіз зейінді белсендіруге ықпал ететін көрнекілік принципі ретінде
қолданамыз. Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыста ақпараттық инновациялардың ролі 
зор. Компьютерлік технологиялар дәстүрлі ойындар мен ұйымдастырылған іс-әрекеттерін 
алмастыра алмайды, бірақ оларды толықтырады, педагогикалық процесті жаңа 
мүмкіндіктермен байытады. 
Біз мұны неғұрлым ерте бастасақ, қоғамымыз соғұрлым тез дамиды, өйткені қазіргі 
қоғам ІТ жұмыс істей білетін білімді қажет етеді. ІТ балаларды тек танымдық жағынан ғана 
емес, сөйлеу жағынан да қызықтыруға, белсендіре дамытуға көмектеседі, бұл біздің 
балаларымыз үшін өте маңызды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   222




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет