А. Ф. Зейнулина филология ғылымдарының кандидаты, профессор


-мәтін. Қара мал қанша жыл тіршілік етеді?



бет2/5
Дата09.06.2016
өлшемі476 Kb.
#125612
1   2   3   4   5

5-мәтін. Қара мал қанша жыл тіршілік етеді?

Малды дұрыс сипаттау және сынау үшін оның жасын білген жөн. Нағыз дәл мәлімет білу үшін, әрине бұзау туысымен тіркеу кітапшасына оның туған күні, ата – тегі, жынысы, салмағы, түр – түсі жазылуы тиіс. Ал тіркеу кітапшасы жоқ болса немесе қолдан алатын жағдайда сиыр жасын мүйізіне, тісіне қарап анықтауға болады.

Сиыр жасын мүйізіне қарап анықтау. Бір айдан соң бұзаудың мүйізі біліне бастайды да, одан әрі айына 1 см ұзарып отырады. Мүйіздің ұзаруы оған келген қоректік заттардың мөлшеріне байланысты. Малдың өсіп – жетілуі кезінде, бүкіл тіршілігінде түрлі жағдайлар болып тұратындықтан кейде қоректік зат мүйізге қажетті мөлшерде жетпей қалады. Мысалы үшін буаз сиырдың бұзаулануына бір екі ай қалғанда іштегі бұзау өте тез өседі де, сиырдың мүйізіне қоректік зат қажет мөлшерде толық бармайды.

Сиыр жыл сайын бұзаулайтындықтан мүйіз қоректік заттардан тапшылық көреді де, еркін өсе алмайды, онда бір жылда бір сақина пайда болады. Демек, сиыр қанша бұзауласа, сонша сақина бар деген сөз. Сондықтан сиыр алғаш рет екі жасында бұзаулайтындықтан мүйіздегі сақина санына 2 деген сан қосып, оның шамамен ағымдағы жасын анықтайды. Сиырдың жасын тісіне қарап анықтау. Әбден толысқан ірі қараның 32 тісі болады. Оның сегізі – орғыш тіс, ал жиырма төрті – азу тіс.

Ірі қараның бір ерекшелігі оның орғыш тістері тек төменгі жақ сүйектерінде болады, ал үстіңгі жақ сүйектерінде орғыш тіс жоқ, тек қызыл иек қана.

Тісті сүт тісі және негізгі тіс деп бөледі. Ал астыңғы жақ сүйектегі орғыш тістерді жұптап (екі - екіден) жұлғыш тіс (нақ ортаңғы екі тіс), ішкі екеу (ортадағы екі жұлғыш тістің екі жағынан бір – бірден ) және шеткі екеу (сыртқы екеудің екі жағында тұратын ең шеткі екі тіс) деп ажыратады.

Ірі қараның жасын анықтау міне, осы аталған тістердің алмасуы мен мүжілуіне негізделген.
Сөздік
Жас - возраст

Қара мал – КРС

Түс – масть, окрас

Мүйізрога

Бұзау – теленок

Қысыр сиыр – яловая корова


Тапсырма
1. Мәтінді оқыңыз.

2. Мәтінді аударыңыз.

3. Мәтін ішіндегі жақсыз сөйлемді табыңыз.

Тістер және азықтар

Иттің немесе арыстанның неліктен өткір тістері бар? Ал сиырдың неліктен өткір тістері жоқ? Осыны ойланып көрдің бе? Ет жейтін хайуандардың тістері өткір болады, сондықтан аузына іліккен нәрсенің парша-паршасын шығарады.

Шөп жейтін хайуандардың тісі шөпті шайнауға қолайлы. Жылқы, сиыр, қой және ешкі ешқашан улы шөп жемейді. Мысық ауырған кезде, шөп жейді. Сан алуан шөптердің арасынан өзіне пайдалы емдік шөпті іздеп табады.
6 Лексикалық тақырып: Мал өсіру әдістері. Үй жануарларының аурулары

Грамматикалық тақырып: Толымды сөйлем және толымсыз сөйлем. Полные и неполные предложения
Толымды сөйлем. Полные предложения
Ойға қатысты сөйлем мүшелерінің барлығы қатысқан сөйлемдерді толымды сөйлем дейміз. Мысалы: Балық үре алмайды, тауық мөңіремейді, шыбын қақылдамайды. Алайда адам осы дауыстардың бәрін шығара алады, қалаған дауысын сала алады. Бірінші сөйлем тек бастауыш пен баяндауыштан тұрса да, ой толық жеткізілген. Екінші сөйлемде ойға қажетті толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш, бастауыш, баяндауыш- түгел бар.

Предложение, в котором имеются все члены, необходимые для его понимания вне контекста и речевой ситуации называется полным: в нем все словоформы грамматически связаны, нет ни структурных, ни смысловых нарушений.


Толымсыз сөйлем. Неполные предложения
Толымсыз сөйлем деп ойға қатысты сөйлем мүшесінің бірі түсіп қалған сөйлемнің түрін айтамыз.Толымсыз сөйлемнің басты ерекшелігі түсіп қалған немесе қажет болған сөзді орнына қойғанда, толымды сөйлемге айналады. Мысалы: - Сіздер кітап алдыныздар ма?(Толымды сөйлем)

- Оқулықтар. (Толымсыз сөйлем) Жауап сөзде тұрлаулы мүшелер түсіп қалған (Біз, алдық).

Толымсыз сөйлемнің жасалу жолдары екі түрлі:

1. Өзара желілес сөйлем тобында. Қарлығаштар тағы (қайда?) келді. (Нелер?), (қайда?) Тағы кетті. (Нелер?) Қайта-қайта (қайда) келе берді. (Нелер?) Келген сайын ұяның аузы бүріліп, тарыла берді. (Ж.Айм.)

2. Толымсыз сөйлемдер көбінесе диалогті сөйлемде молырақ кездеседі. Қажетті мүшенің айтылмауы көбінесе оның алдыңғы сөйлемде айтылғандығына, жалпы, оның не екені белгілі болып тұруына байланысты.

Содан әрі Абай, Кәкітай, Мағаш:



  • Қашан?

  • Қайдағы жау?

  • Бар жылқыны әкетті ме? - деп, жан-жақтан жапырлай сұрасты (М.Әуезов).

Толымсыз сөйлемде жиі түсірілетін мүше, әдетте – бастауыш. Өйткені көршілес сөйлемдерде бір бастауыштың қайталана беруі сөйлем стилінің шұбалаңқылығына әкеледі де, ол айтылмай түсіп қалады не басқа сөздермен ауыстырылады. Ал, диалогты сөйлемдерде тұрлаулы мүшелердің екеуі де түсіріліп қолданыла береді.

Неполным называется предложение, в котором пропущен член (главный или второстепенный) необходимый как для структуры, так и для значения предложения.

Неполные предложения являются нормой для диалога: каждая новая реплика, не повторяя сказанного, а прибавляя что-либо новое, придает разговору лаконичность и динамизм.
6-мәтін. Мал өсіру әдістері

Мал өсіру әдістері деп малдың тұқымдық және түрлік тегін ескере отырып, белгілі бір мақсатпен бірнеше ұрпақ бойы жүргізілген жұп таңдау жүйесін айтады. Яғни кез-келген мал өсіру әдісінің негізінде түпкі бір мақсатпен ұрпақтан-ұрпаққа жүйелі түрде жүргізілген жұп тандаулар жатады. Бір-бірімен шағылыстыратын жануарлардың тұқымдық және түрлік ерекшеліктеріне қарай мал өсіру әдістерін, негізінен, үшке бөледі: тұқымды таза өсіру, будандастыру және гибридтеу (түраралық будандастыру).

Тұқымды таза өсіру әдісі – ұрпақтан-ұрпаққа бір тұқымның ғана малын өзара шағылыстыру арқылы жүргізіледі.

Будандастыру – тұқымдары бөлек малды шағылыстыру арқылы жүргізіледі.

Гибридтеу- әр түрге жататын жануарларды шағылыстыру арқылы іске асады.

Бұлардың әрқайсысы мал тұқымын асылдандыруда нақтылы бір селекциялық мәселені (қалаған мақсатты) шешуге бағытталған. Олардың биологиялық мәні, генетикалық әсері әр түрлі.


Сөздік
Әдіс – метод, способ

Тұқым – семя

Ұрпақ - приплод

Бағыт – направление

Будандастыру –скрещивание
Шектеу қойылатын жануарлардың жұқпалы ауруларының тізбесі

Әртүрлі түліктерге ортақ аурулар – құтыру, лептоспироз, листериоз, пастереллез, некробактериоз, дерматомикоз (трихофития, микроспория, парша), везикулярлық стоматит, лейкоз, шірікбақай, бруцеллез, туберкулез, шешек (қой, ешкі, түйе, құс шешегінен басқа).

Күйістілердің аурулары – паратуберкулез, кампилобактериоз, жұқпалы ринотрахеит, сиырдың вирустық диареясы, жұқпалы энтеротоксемия, братзод, парагрипп, қой мен ешкінің жұқпалы агалактиясы, жұғымтал эктима, қойдың жұқпалы эпидидимиті, қойдың хламидиоздық іш тастауы, сиырдың зілді катаральді қызбасы, қойдың жұқпалы маститі.

Шошқаның аурулары – энзоотиялық пневмония, тұмау, жұқпалы атрофиялық ринит, дизентерия, вирустық трансмиссивті гастроэнтерит, гемофилездер, тілме.

Жылқы аурулары – сақау, ринопневмония.
Сөздік
Аурулар – болезни

Құтыру – бешенство

Шешек – оспа

Сақау – мыт

Тұмау – грипп

Жұқпалы атрофиялық ринит - инфекционный атрофический ринит


Тапсырма


  1. Мәтінді оқыңыз.

  2. Мәтінді аударыңыз.

  3. Сұхбат құрыңыз.


Сүліктер

Сүліктің 400 түрі белгілі. Жақты сүліктер көбірек таныс, оларға медициналық, жылқы және үлкен жалған жылқы сүліктері жатады. Медициналық сүліктің денесі сарғыш, жасыл, сарғыш қара, үзік сарғыш қызғылт жолақтармен ерекшеленеді. Сүлік 90-100 сақинадан тұрады. Сорғыштарында 180 ұсақ тісшелері бар, 3 жақ төмпешігі болады, жағы қозғалғанда жемтігін шаншып, ұлпаларын жыртады. Медициналық сүлік теріні оңай тесіп, қанмен қоректенеді. Медициналық сүлік 3 мың жылдан артық медициналық мақсатта қолданылып келеді.




7 Лексикалық тақырып: Ауылшаруашылық малдарының өнімділігі

Грамматикалық тақырып: Сөйлем мүшелері. Тұрлаулы мүшелер. Бастауыш
Сөйлем мүшелері. Члены предложения
Сөйлем ішінде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түсіп, белгілі бір сұраққа жауап бере алатын мағыналы сөздер және сөз тізбегі сөйлем мүшелері деп аталады.

Сөйлем құрамында тұрса да, сөйлем мүшесі бола алмайтындар:



  1. шылау сөздер;

  2. одағай сөздер;

  3. көмекші етістіктер;

  4. қаратпа сөздер;

  5. қыстырма сөздер.

Сөйлем мүшелері құрамына қарай дара, күрделі мүше болып бөлінеді: толық мағыналы бір сөзден болған мүшені дара мүше; ал күрделі сөзден, тұрақты тіркестен, шылаулы тіркестен болған мүшені күрделі мүше дейміз.

Члены предложения – знаменательные слова (или словосочетания), выражающие определенные синтаксические отношения и находящиеся между собой в определенных синтаксических связях. По функции и участию в формировании предложения члены предложения подразделяются на главные и второстепенные.


Тұрлаулы мүшелер. Главные члены предложения
Сөйлем мүшелері атқаратын қызметі жағынан тұрлаулы мүшелер және тұрлаусыз мүшелер болып екі үлкен топқа бөлінеді. Тұрлаулы мүшелер деп сөйлем құрауға негіз болатын бастауыш пен баяндауышты айтамыз.

Подлежащее и сказуемое, как члены, составляющие грамматическую основу предложения являются главными.


Бастауыш. Подлежащее
Бастауыш – сөйлемдегі ойдың иесі, тірегі, ұйытқысы. Бастауыш жай және тәуелді жалғау тұлғасында Кім? Не? Кімім? Нем? Кімің? Нең? Кіміңіз? Кімі? Несі? деген сұрақтарға жауап беріп, атау септігінде тұрады.


Сұрақтары

Тұлғасы

Сөйлемдер

Бастауыш болатын сөз таптары

Кім? Не?

Жай атау септігінде

Жақсы көпке ортақ

Сын есім

Кімдер? Нелер?

Біз бірлікті ойлаймыз.

Есімдік







Кімі?


Тәуелдік жалғаулы атау септігінде

Қазақ халқы

егемендік алды.



Тәуелдік жалғау, күрделі сөз

Несі?



Жалқаудың ертеңі бітпейді

Тәуелдік жалғау, үстеу

Үшеуі қосылып ән айты

Тәуелдік жалғау, сан есім

Нешеуі?



Қаншасы?

Жиырмасы менікі, отызы сенікі.

Тәуелдік жалғау, сан есім

Бастауыштардың бұдан басқа да жасалу жолдары бар.

Бастауыштар құрылысына қарай былайша бөлінеді:


Дара

Күрделі

Ботагөз қырман басында жүр.

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін (Абай)



Туған жер - әйгілі Шалқар өңірі.

Күле беру ыңғайсыз.


Подлежащее – главный член предложения, обозначающий предмет речи (мысли), выражающийся именем существительным или субстантивированными словами в именительном падеже и отвечает на вопросы кім? не? (кімдер?, нелер?, кімім?, нем?, кімі?, қаншасы?, нешесі?, қалай?). Разнообразие падежных вопросов в именительном падеже можно объяснить детализацией вопроса в зависимости от способа выражения подлежащего.




7-мәтін. Ауылшаруашылық малдарының өнімділігі

Ғаламшар тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ету – өте өзекті және ғасырдың елеулі зор мәселесі. Қазіргі кезде БҰҰ сарапшыларының есебінше бір адамға шаққанда күнделікті қабылданатын (кететін) калория саны, орташа есеппен жер бетінде 2400 ккал мөлшерін құрайды, бұл үшін малдан алынатын белокпен қамтамасыз етілу деңгейі және майдың орыны өте маңызды. Малдарды басты мақсатта (негізінен) азықтық өнімдер мен қайта өндейтін өндірістерге шикізаты үшін өсіреді. Бұдан барып, малдың өнімбергіштігі олардың басты селекцияға түсетін шаруашылықтық пайдалы белгілеріне байланысты. Малдың жоғары өнімділігін ажырату және аз шығында жоғары өнім алу үшін азықтың сапасына және өнімділігіне әсер ететін ықпалдарды білу керек. Баға беру үшін және іріктегенде дұрыс ұйымдастыра білу және малдың өнімділігін есепке ала отырып қазіргі кездегі әдістерді пайдалану керек. Осы және басқа да малдардың өнім беру деңгейін жақындатылған мәліметтер бойынша оларға берілген экстерьер және конституциялық баға беру негізіне сүйене отырып алуға болады, бірақ та малдың барлық өнім беру сапасын сыртқы түрі бойынша анықтау мүмкін емес.

Малдардың шаруашылыққа пайдалы белгілерінің өте күрделі табиғаты бар болғандықтан, олар әртүрлі ықпалдардың әсерінен күрделі өзгерістерге ұшырайды. Себепті және өзгергіштік заңдылықты білу, малдардың өнімдерін жүйелі түрде көтеру және сапасын жақсарту үрдісін басқару да керек. Мал өнімдерінің негізгі түрлері: сүт, ет, жүн, елтірі, жұмыртқа, қымбат аң терісі.
Сөздік
Азықтың сапасы – качество пищи

Жүйе – система

Қымбат аң терісі – ценный мех

Мал - живность

Сапасын жақсарту - улучшить качество
Тапсырма


  1. Мәтінді оқыңыз.

  2. Мәтінді аударыңыз.

  3. Мәтіннің ішінен бастауыштарды табыңыз.


Түлеу деген не?

Адам мен хайуандардың денесі терімен қапталған. Өсімдіктердің денесі жіңішке жылтыр қабықпен қапталған. Жан-жануарлардың кейбірі денесін қаптаған тері мен жүнін ауыстырып отырады. Мұны түлеу дейді.

Мысалы, орқоянның терісінің түсі жазда сұр болады, ал қыста қатты ағарады, бірақ ақ қояннан айырмасы, құйрығының үсті қысы-жазы қара жолақты.

Түлкінің терісінің бояуы-ашық сары түстен сұр-қызыл қошқыл түске дейін өзгереді. Түлкі – терісі бағалы аң. Қазақтың атақты бас киімі «тымақ» түлкі терісінен жасалады. Қыста, қар қалың болғанда, түлкі омбылап тез шаршап қалады. Қазақтың қыстағы құс салып, мылтықсыз аң аулауы осыған байланысты - жақсы ат пен қамшы болса, қар қалың түскенде, бірнеше түлкіні соғып алуға болады.


8 Лексикалық тақырып: Сүт өнімділігі

Грамматикалық тақырып: Баяндауыш. Жасалу жолдары
Баяндауыш. Сказуемое
Баяндауыш – сөйлемдегі тұрлаулы мүшенің бірі. Баяндауыш сөйлемдегі бастауыштың іс-әрекетін, қимылын, жай-күйін, оқиғаның қай шақта болғанын білдіреді. Баяндауыш сөйлемді аяқтап, ойды тиянақтайды.

Негізгі сұрақтары не істеді? не қылды? не болды? қайтті? не? кім? қандай? қанша? қайда? т.б.

Баяндауыш болатын сөздер көбінесе жіктік жалғауларында, кейде атау тұлғада, тәуелдік, септік тұлғада тұрады.


Сөйлемдер

Сұрақтары

Баяндауыш болатын сөз таптары

Мен өте қуандым.

Не істедім?

Етістік

Бәріміз бір кісінің баласындай татумыз.

Қандаймыз?

Сын есім

Малдан алынатын маңызды азық – ет.

Сіздер бақытты адамдарсыз.

Ат- көлік, қамшы –қару.


Не?

Кімдерсіз?




Зат есім

Үш жердегі үш – тоғыз

Қанша?

Сан есім

Басқаға үлгі болатын сен

Кім?

Есімдік

От жылт етті.

Мылтық тарс етті.



Не істеді?

Көмекші етістік пен еліктеуіш сөз

Жылқыда өт жоқ.

Итте және арыстанда өткір тістері бар.



Не жоқ?

Не бар?


Бар, жоқ тіркесіп келген сөздер.

Баяндауыш құрылысына қарай былайша жіктеледі:




Дара

Күрделі

Заман өзгерген, білім күшейген.

Жануарлар популяциясында генетикалық прогрестің 70-80%

алуға болады.


Күрделі баяндауыштар сөйлемде қимылдың басталу кезенін, болып жатқан кезенін, қимылдың аяқталған кезенін білдіреді.

Егер баяндауыш есім мен етістіктен құралып келсе оны құрама баяндауыш деп атайды: Оның кәсібі – мал өсіру;

Егер күрделі баяндауыштар бір өңкей етістіктерден жасалса, оны күрделі етістік баяндауыш деп атайды: Өгіз жеккен арба баяу жүріп келе жатыр.

Егер күрделі баяндауыштар есімдер мен көмекші есімдерден жасалса, оны күрделі есім баяндауыш деп атайды: Сиыр – төрт жүз, жылқы –мың үш жүз (Ғ.Мүсірепов).

Сказуемое – главный член предложения, обозначающий действие и признак предмета речи (мысли) и выражающийся спрягаемой формой глагола иногда и именем.

Подлежащее и сказуемое согласуются в лице и числе.

Если сказуемое выражено в повелительной форме глагола, то подлежащее ставится во 2- ом лице. Сен жаз. Олар жазсын.

Если в предложении несколько подлежащих, то сказуемое ставится во множественном числе. Мен, сен, Сәуле – үшеуіміз кітапханаға барамыз.
8-мәтін. Сүт өнімділігі

Сүт өзінің бай химиялық құрамына және жоғары биологиялық бағалылығына байланысты адамдардың маңызды азығы болып табылады, оның өзінің құрамындағы 200-ден аса компоненттің 20-ы аминқышқылы, 147-і май қышқылы, 4-і қант, 30-ы макро-микроэлементтер, 23-витаминдер, 20 глицерин, фосфатид, ферменттер, пигменттер және т.б. Сүт – сүт безінің тіршілік қызметі нәтижесінен шыққан өнім деп аталады. Сүттің түзілуі және оның желіннен бөлінуі – жүйке жүйесі мен гормондармен рефлекторлы басқарылып отыратын күрделі үрдіс. Сүт түзетін әр түрлі заттар альвеолдарға қанмен толтыруды талап етеді, 1 литр сүт түзу үшін желін арқылы 400-500 л қан жүріп өтуі керек. Неғұрлым сиырлардың беретін өнімі көп болса, соғұрлым сүт безіндегі қан айналымының жылдамдығы жоғары болады. Сауылмайтын сиырларға қарағанда сауылатын сиырлардың желінінде қан айналымның жылдамдығы бірнеше есе артық екені дәленденген. Қанның құрамына кіретін заттар альвеолдардың секретарлы эпителийі және сүт жолдарын төсейтін эпителийлер арқылы түзіледі. Сүттің негізгі құрамдары: май, ақуыз, қант, адам ағзасымен дерлік 95, 96 және 98% - на сәйкес сіңіріледі. Орташа есеппен ересек адамның 1 күнгі 25% энергиясын құрайды: белок – 61, май – 100, кальций – 150, фосфор – 112%.


Сөздік
Сүт безі - молочная железа

Маңызды – важно

Жүйке жүйесі – нервная система

Сауылмайтын сиырлар- недойные коровы

Қан – кровь

Без -железа

Қан айналымы – кровообращение
Тапсырма


  1. Мәтінді оқыңыз.

  2. Мәтінді аударыңыз.

  3. Тезистік жоспар жасаңыз.

  4. Күрделі баяндауыштарды табыңыз.


Қозғалыс неліктен маңызды?

Тірі жандылар қашу, жасырыну, аңға шығу үшін қозғалуға мәжбүр. Қозғалыссыз қалса, буындары қатайып кетеді. Жеген нәрсесін сіңіру үшін де қозғалыс керек. Хайуандардың көбі аяғымен, жорғалаушылар бұлшық етімен, балықтар жүзбеқанатымен, құстар қанатымен қозғалады.

Мысалы, кейбір маймылдар құйрығымен ағаш бұтақтарына асылып тұра береді. Осылайша ағаштан ұстап, ағаштан-ағашқа секіре алады, қолымен ұзақтағы жемістерді ала алады. Оның құйрығы маймылдың денесін көтеретіндей күшті, әрі ағашқа оралатындай иілгіш.
9 Лексикалық тақырып: Сиырдың беретін сүт өніміне байланысты бағалау және есептеу әдістері

Грамматикалық тақырып: Тұрлаусыз мүшелер. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері. Анықтауыш
Тұрлаусыз мүшелер. Второстепенные члены предложения
Сөйлемде айтылған негізгі ойды толықтыруға қызмет ететін мүшелерді тұрлаусыз мүшелер дейміз. Оларға анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш жатады.

В предложении, кроме главных членов, могут быть и второстепенные члены, которые служат для пояснения или распространения главных либо других второстепенных членов предложения. Среди них различаются определения (анықтауыш), дополнения (толқтауыш), обстоятельства (пысықтауыш).


Сөйлемнің бірыңғай мүшелері. Однородные члены предложения
Сөйлемдегі қызметі, тұлғасы, сұрақтары бірдей және бір ғана ортақ мүшемен байланысатын сөздер бірынғай мүшелер болады.

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері де, тұрлаусыз мүшелері де бірыңғай мүше түрінде келе алады. Мысалы: Түйе, жылқы, өгіз көлік ретінде пайдаланылады, оны шанаға, арбаға жегеді, мінеді. Түйе, жылқы, өгіз – бірыңғай бастауыштар, сұрағы – не? Шанаға, арбаға – бірыңғай толықтауыштар, сұрағы – неге? Жегеді, мінеді – бірыңғай баяндауыштар, сұрағы – қайтеді? Жылқы – қазақтың кәделі, бағалы, қымбат қазынасы. Кәделі, бағалы, қымбат- бірыңғай анықтауыштар, сұрағы – қандай?

Бірыңғай мүшелер жалғаулықсыз да, жалғаулықтар арқылы да (мен, да, және, әрі, я, немесе) байланысады. Мысалы: Арба да, дөңгелектер де, адамдар да қызғылт шаңнын ішінде.

Однородные члены предложения – это члены предложения, которые

1. отвечают на один и тот же вопрос;

2. являются одним и тем же членом предложения;

3. относятся к одному и тому же слову.

Одонродные члены предложения произносятся с особой интонацией: при перечислении каждый из однородных членов выделяется, между ними делаются одинаковые паузы, после них устанавливается более длительная пауза. Однордные члены предложения образуют сочинительные словосочетания. Они равноправны, т.е. не зависят друг от друга. Однородными могут быть любые члены предложения, как главные, так и второстепенные.


Анықтауыш. Определение
Сөйлемде затты, нәрсені сын-сапалық, сан-мөлшерлік, меншіктілік жағынан анықтап тұратын тұрлаусыз мүше анықтауыш деп аталады. Анықтауыштың сұраулары: қандай? қай? қанша? неше? кімнің? ненің?

Қабыса байланысқан анықтауыштар ешбір жалғаусыз анықтайтын сөзінің алдында қатар тұрып байланысса, матаса байланысатын анықтауыштар ілік септігінде тұрып, тәуелдік жалғауы жалғанған сөзді анықтайды. Анықтауыштың орны тұрақты болады: анықтайтын сөзінің тек алдынан келеді.




Сөйлемдер

Сұрақтары

Анықтауыш болатын сөз таптары

Арық бұзау тез тұра алмайды.

қандай?

Сын есім

Қазақстанда 835 түрлі омыртқалы жануарлар мекендейді

қанша? неше?

Сан есім

Санап шықтым: саулығы –500, қозылары – 1000 екен. – Шамасы сол болуы керек. (Ғ.С.)

қанша?

Есімдік

Қырсыққан жігіт мал таппас (мақал).

қандай?

Есімше



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет