Газды шығару түтігінен сұйықтықты бөлу. Газды шығару түтігімен жұмыс істегенде есте сақтайтын жәйт, реакциялық қоспасы бар пробирканың жалынын газды шығару түтігін сұйықтықтан алып тастағанда ғана мүмкін болады. Газды шығару түтігі сұйықтыққа батырылып тұрғанда жалынды алып тастасақ реакциялық массасы бар пробирканы салқындатқанда газдың (будың) көлемі азайып, сұйық газ шығару түтігінен жоғары көтеріліп, пробиркаға түседі. Мұндай жағдайда тәжірибе рәсуа болады да, қыздырылған пробирка жарылып, студеннің қолы немесе бетін жарақат етуі мүмкін.
Газды шығару түтігінде сұйық көтеріле бастағанда пробирканы тез төмен түсіру қажет, сұйықтықтың деңгейі газды шығару түтігінен төмен болуы және реакциялық массасы бар пробирканы біржолы қыздыра беру қажет. Газдың бөлінуі қайта бастағанда және сұйық түтіктен желкелеткенде, бастапқы қалыпты жағдайына келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |