Зертханалық жұмыс №1
Органикалық химия зертханасындағы жұмысты ұйымдастыру және негізгі ережелер. Органикалық химия зертханасында сақталатын қауіпсіздік ережесімен таныстыру.
Химиялық заттардың аз санымен жұмыс істеу бақытсыз жағдайлардың болмауына себебін тигізеді, бірақ оны толық жоя алмайды. Сондықтан лабораторияда жұмыс істеуден бұрын бақытсыз жағдайлардың мүмкін болу себептерін, оларды болдырмау және жою жолдарын үйрену қажет.
Әсіресе бақытсыз жағдайлардың жиі кездесетін себептері мыналар.
Пробиркадан сұйықтықтың алынуы. Өте жиі кездесетін атылу жіңішке пробирканы ашық отта қыздырғаннан болады. Мұндай жағдайда пробирканың аузын өзіңе қаратпай ұстау керек. Әсіресе сұйықтықтың шашырандыларының көзге түсуінен сақтау қажет. Сұйықтықтың атылуы қатты қцыздырып жібергеннен де болады, сондықтан қыздырғанда пробирканы үзбей айналдырып тұру қажет. Анда-санда пробирканы абайлап сілкуге болады.
Сонымен қатар, пробирканы тікелей емес, мүмкіндігінше жанайтып ұстау керек.
Абайлап қыздырып және жанайтып ұстағаннан шашырандылар пробирканың қабырғасына ұрылып сыртқа атылмайды.
Сұйықтықтың атылуының тағы бір жиі кездесетін себебі кептірілмеген пробиркада суда ерімейтін заттарды ( май, нафталин және т.б.) қыздырғанда болады. Пробирканы судың қайнау температурасынан артық қыздырғанда, соңы қатты жарылумен, ішіндегіні ала атылады, барлығына белгілі қайнаған майға су тигендегі эффекті жүреді.
Кейде сұйықтықтың атылуы реакциялық массаны қатты қыздырғанда көпіруінен де болады. Мұндай жағдайда газдың немесе будың бөлінуі тасқынды болмауы үшін қыздыруды азайту қажет. Реакция баяулап кетсе, әрине қыздыруды күшейтіп, реакцияның бірқалыпты жүруін қадағалау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |