Ароматты аминдер
Реактивтер: мырыш металы, нитробензол, темір ұнтағы, концентрациялы тұз қышқылы, анилин, концентрациялы тұз қышқылы, натрий гидроксиді, 10% формалин ерітіндісі,күкірт қышқылы, хлорлы ізбес ерітіндісі, анилин, калий дихромат ерітіндісі, күкірт қышқылы, бромдылау қышқыл натрий ерітіндісі.
Анилин алу. 5-6 мл нитробензолды пробиркаға құйып, оған 1мл тұз қышқылын қосып, оның үстіне 1г мырыш түйірін салады. Мырыш пен тұз қышқылының әрекеттесуі нәтижесінде түзілген сутегі нитробензолды тотықсыздандырады. Реакция толық тоқталғаннан кейін қоспаға аздап су және хлорлы ізбес қосады.Қоспа алдымен күлгін түске айналады да соңында лайланған анилиннің күлгін түсіне өзгереді.Реакция алғашқы кезде өте күшті жүрсе, пробирканы салқын сумен салқындату керек:
C 6H 5- NO2+Zn+2HCI→ZnCI2+H 2O+C 6H 5NH2
Өндірісте анилинді нитробензолдан тұз қышқылы мен темір ұнтағын қатыстыра отырып алады. Үлкен пробиркаға 3г темір ұнтағын және 3-4 мл сұйылтылған тұз қышқылын қосып, аздап қыздырады.Қыздыру нәтижесінде темір мен тұз қышқылы әрекеттесіп, сутегі бөліне бастағанда, қоспаның үстіне 0,5 мл нитробензол қосып, аузын ұзын (60-70 см) газ жүретін түтігі бар тығынмен тығындайды.Қоспаны ауық-ауық шайқап, су жылытқышта қыздырады.Сутек көпіршігі шығуы тоқтаған кезде су жылытқыштан алып, оған 4-5 тамшы натрий гидроксидін тамызады.Пайда болған анилинді бөліп алу үшін айдау әдісі қолданылады.Ол үшін қоспасы бар пробирканы штативке көлбеу бекітеді де аузын газ жүретін түтігі бар тығынмен тығындап, екінші ұшын суық суға батырылған бос пробиркаға енгізеді. Қоспаны аздап қыздырғанда анилин буға айналып, екінші пробиркада суынып, сарғыш сұйыққа айналады.
Достарыңызбен бөлісу: |