А. Ж. Куватов тоғЫЗҚҰмалақ Ұлттық ойыны әдістемелік нұсқаулар



бет4/5
Дата03.03.2016
өлшемі470 Kb.
#35673
1   2   3   4   5

5. Ойын бастамалары
Тоғызкұмалақ бастамалары – зерттеушілерінен үлкен қажыр-қайрат талап ететін, аз зерделенген, күрмеуі мол күрделі сала. Бастама нұсқаларының көп болуы, оның сан алуан тармақтарға бөлінуі құмалақтардың ара салмағын анықтаудағы дерексіздік .– бұл саладағы ізденістерге қиындық туғызғанымен Ә.Ақшораев,[11, 12], С.Тілеубаев[9], Е.Қазбеков[ІЗ] секілді ағаларымыздың кітаптарында тыңға түрен салынып, біршама зерттеулер жасалды. Бірақ соған қарамастан бастама мәселесі үнемі назарда ұстап отыруды қажетсінеді. Жүйелі теориялық еңбектер жазуды міндеттейді және бұл бір-екі зерттеушінің көлемді еңбектерімен бітпейді.

Бастама туралы алғаш сөз қозғағандардың бірі –Т.Сұлтанбеков еді. "Тоғызқұмалақ ойынының тоғыз бастамасы бар. Яғни тоғыз отаудың кез келгенінен бастап жүруге болады. Бірақ ойыншылар тәжірибесінде артқы отау мен маңдай отауынан жүру сирек кездеседі. Өйткені артқы отаудан жүру тізгінді бірден беріпі қоятын осал және өріссіз жүріс. Жүрістің маңдай отауынан сирек жасалу себебі, өткенде айтқанымыздай, бұл отаудан тұздық алынбайтындығынан болар деген де ойлар бар", – дейді[2.194].

Тоғызқұмалақ теориясын жазған Ә.Ақшораев ағамыз: "Сондықтан да ойыншының алдында ойынды қалай бастау керек деген сұрақ туатыны да заңды. Бұл сұрақтың да жауабы өз қолында. Егер шабуылдауды ұнататын болсаң, шабуыл жасауға дайындайтын ойын басын (дебют) таңдап алуыңа болады. Тіпті бірнеше құмалақтарды "кұрбан" етіп тудыратын ойын басын таңда. Ал егер ойынды "бейбіт" бастап, бірте-бірте өрістетуді қаласаң, ол да өз қолыңда. Сонымен ойынды бастаудағы әр түрлі нұсқалардың бірін ғана таңдап алу, өзіннің отауларыңдағы құмалақтарыңды тез және тиімді түрде өрістете білу үшін, олардың арасындағы байланысын жақсарту арқылы қарсыласыңның дәл осындай мақсатына кедергі жасау үшін, яғни ойынды өрістетуде табысқа бастайтын позицияны құрып ала білу үшін қажет", – дейді[ 12.83-84].

С.Тілеубаев "Тоғызқұмалақ әліппесі" кітабында тоғызқұмалақ ойынының бастама қағидалары туралы: "Ойынның барысы жақсы болуы үшін бастамада қателеспей, мына пайдалы кеңестерді орындаған жөн:

1. Алғашқы жүрістерді алдыңғы шептің отауларынан жүріп, ортаңғы әсіресе, артқы шеп отауларының күшін сақтауға тырысу.

2. Жалғыз тас жатқан отауларға және қатарынан орналасқан бірнеше "бай" (тасы көп) отауларға сақ болу (байланып калмау).

3. "Орға" (жалғыз тасы бар отаудың алдындағы отау бос болса осылай аталады) және бірнеше жалғыз тасты отауларға (құтылмас тұздық болмас үшін) сақ болу.

4. Тұздық алу немесе "бай" ұту қауіптерін төндіріп, қорға тасты аз-аздан болса да жинай беру.

5. Тұздық алмасқанда неғүрлым күштісін (5 отауға жақын) алып, қарсыласқа нашарлауын беру.

6. Нашарлау тұздық ауысқанда бір-екі "байды" артық алу.

7. Тұздық орнына 30-40 тасты артық алу.

8. Тұздық алмасқаннан кейін "байларды' орнымен тарату.

9. Жалпы жағдайдың тиімділігін пайдалану үшін позицияны ұтымды пайдалану.

10. Келешек атсырауды немесе тасты көп алып тез 82-ге жеткізуді ойлау", – дейді.[і15-16].

Бұл бастама қағидалары сол кезеңнің тоғызқұмалақ ойыны туралы түсінігі десе де болады. Бұл жерде айтылған кеңестер сол кезеңдердегі ойындардың көрсеткіші болғандықтан, жүйелі зерттеуді қажетсінеді және қазіргі кезде тек кеңес ретінде қалатыны сөзсіз.

Тоғызқұмалақ ойынының үш кезеңі бар екені белгілі: ойынның басы, ортасы және соңы. Әрине, бұл кезеңдер бір-бірімен тығыз байланысты. Өйткені алғашқы жүрістің өзі – тақта басында қалыптасатын кейінгі жағдайлардың себебі.

Тоғызқұмалақ ойынында ойыншының басты мақсаты – 82 құмалақ жинау болғандықтан, оның негізгі екі бағыты бар.

1. Комбинациялық ойындар.

2. Позициялық ойындар.
Бұл екі бағыттың өзіндік ерекшеліктері де бар және түрлі әдіс-тәсілдерді қамтиды.

Комбинациялық ойындардың өзі екіге бөлінеді.

1.1 Тұздықты құрбандыққа шалып, ойын соңына дейін тұздық алмай, 82 құмалақ ұту тәсілі. Тектұрмас, атөтпес бастамаларындағы түрлі ойындар.

1.2 Күшті отаудан тұздықты құрбандыққа шалып, "Арт" немесе "Тектұрмас" отауларының бірінен тұздық алып, құмалақ жинау әдісі. Оған қандықақпан бастамаларындағы түрлі нұсқалар, Құдияров гамбиті мысал болады.


Позициялық ойындардың негізгі бағдарын атсырау жағдайынан бөлек қарастыру қиын және негізгі екі сипаты бар.

2.1 Тұздықсыз позициялык ойындар.

2.2 Тұздықтар тартысына құрылған позициялық ойындар. Бұл көбінесе ара салмағы теңдес тұздықтар тартысына құрылады.

Әрине, 82 құмалақ бірден жиналмайды. Бұл үшін ойыншы бұған дейін ойнап жинаған бай тәжірибесін пайдалана отырып, қарсыласының осал тұсын табуға ұмтылады.

Бүгінгі тоғызқұмалақ ойынының бастамаларында жүрістер жан-жақты талқыланып, мұқият есептеледі. Ойын басталар алдында ойыншы алдына арнайы бағыт-бағдар қойып, соған сәйкес өз ойын жүзеге асырады.

Тоғызқұмалақ ойынының бастамалары ішінде ең көп таралғаны Қандықақпан бастамасы. Себебі "Қандықақпан отауынан басталған ойын екі жақ үшін де күшті және күтпеген түрлі, шахмат тілімен айтқанда, комбинациялық мүмкіншіліктерге толы шиеленіскен ойын", – дейді Ә.Ақшораев[12.85]. Сондықтан кітапта бұл бастама ойындарына көптеу орын берілген. Әрине, қазіргі кезде тек бұл бастама ғана емес, басқа да бастамалардың мүмкіншіліктері де жан-жақты қарастырылуда. Ал бұл бастамалардың барлығын бір еңбекте таратып жазу мүмкін емес, сондықтан бастамаларды мысалдармен беруді жөн көрдік. Ал бастамалардың нұсқалары, өрістеу, таралу жүрістері туралы мәліметтерді Ә.Ақшораевтың "Тоғызқұмалақ даналығы" кітабынан оқуға болады.


6 Ойын ортасы
Ойын бастамаларын білгеннен кейін негізгі ойға алған жоспарды іске асыру үшін ойын ортасын мұқият зерделудің маңызы зор. Бұл екі кезең бір-бірімен тығыз байланысты болуымен қатар, ойынның соңына және нәтижесіне қатты әсер етеді. Ә.Ақшораев ойынның басы мен ойынның ортасы туралы: «…бұл кезде ойынның негізгі шарттары (тақта үстіндегі ойын күштеріне жауапкершілік, отаудағы құмалақтарға қолайлы позиция беру, осал отауларға қысым көрсету, т.с.с.) мен тактикалық тәсілдер қолданып, сайыс тақта үстіндегі позицияның өзгеруіне байланысты кезек-кезек аңдысу, жүрістерді мұқият есептеу сияқты жағдайларда өтеді» – дейді[12.161].

Көп жағдайларда ойыншылар негізгі жоспарды ойын бастамасында түзіп алып, ойын ортасын таңдап алған тактикасына сәйкес жүзеге асырады. Қазіргі кездегі ойындардың соңына дейін мұқият есептелетіні соншалық, ойыншының ойын соңында ұтылудан басқа мұршасы қалмайды. Және бұл жүрістердің барлығы мәжбүр жүрістерден құралатындықтан, сіз қай кезде қате жібергеніңізді де байқамай қаласыз. Сонымен қатар кейде ойын ортасында шеберлер ойға алған бағытынан ауытқып, ұтысты жүрістерді көрмей қалса, кейде қарсыластың өзі қарсы қорғаныс жүрістерін сәтті ойнап, ойға алған жоспарды іске асыруға мүмкіндік бермейді.

Ойын ортасының нақтылы шекарасы әлі анықталмаған. Ақшораев еңбегінде ғана бұл мәселе сөз болады. Онда да оның шекарасы – 8-14 жүрістер арасы деп көрсетілген. Бірақ әлі де болса, тереңінен зерттелуі қажетсінеді. Айтылғандарды нақтылы түсіну үшін, ойын партиясын талдап көрейік.
Комбинациялық ойын. Тұздықты құрбандыққа шалып, құмалақ жинау ойыны.

Шотай М. (Түркістан) – Қайыңбаев Н. (Қызылорда)

Алматы, 2001ж. Ақпан.

Ерекшелігі: Ақ жағы ойынның басынан тұздық беріп, ойын ортасында қарсыласының байлығы бар отауларына байлау қойып, құмалақтар ұту арқылы жеңіске жетті.

1. 32 (10) 87

2. 99 33Х (3)

3. 88 (14) 57х (16)

4. 57 (28) 14х (17)

5. 2-5 (32) 94х (19)

6. 49 (34) 81

7. 1-6 56 (20)

8. 12 78

9. 45 78


10. 2-5 81 (21)














21













2

1



18

1

18

8

8

5

1

1

Х

2

7

17

5

6

7













34












11. 12 15

12. 52(44) 56

13. 45 56

14. 73 (54) 89

15. 56 44х (22)

16. 56 14

17. 99 69х (23) Бастаушы екі жерден тұздық алу қаупін төндірді.

18. 91 (58) 67

19. 79 72

20. 2-6 97х (27)














27













1

5

1

1

3

5

4

5



4

2

Х

5

4

24



11

2













58













21. 1-4 91х

22. 89 37

23. 92 12

24. 91 (60) 91

25. 6-2 (70) 12 (31)

26. 59 71

27. 92 (72) 12

28. 82 (74) 12

29. 41 (76) 34

30. 71


Қалған құмалақтардан керекті құмалақтарды ұту оңай, есеп 90 –72 бастаушы ұтты.
7 Ойын соңы
Ойын соңы – ойынның басы мен ортасында туындаған түрлі тактикалық тәсілдерді жүзеге асырудың шешуші кезеңі. Бүкіл ойын барысын жақсы өткізіп, ойынның аяқ шенін қате ойнап, жеңіліп қалуыңызға да болады немесе ойын ортасында қиын позицияға тап болып, қате жүрістер жасап, жеңіліп отырып, ұтып кетуіңізге де болады. Бұл ойыншының шеберлігіне байланысты. «Сонымен қатар ойынның орта шенінде жеңіп алған басымдықты, жақсы позицияны немесе жеңіске жеткізетін кейбір мүмкіншіліктерді іске асыруға, жүрістерді анықтауда осы дәлдік қажет» – дейді Ә.Ақшораев[12.163]. Шынында ойын соңы мұқият есептеуді талап етеді. Бұл кезеңдегі басты мәселе – ойындағы құмалақтар саны, алған тұздықтардың күштілігі емес, тақтадағы жағдайдың тиімділігі және жеңіске жеткізетін жүрістерді таба білген ойыншының тапқырлығы. Әрине, қате жүрістер жасауға ойынның ұзаққа созылуы, ойыншылардың шаршауы және тағы бір маңызды фактор сағат тілінің құлауға жақындауы әсер ететіні рас. Міне, сондықтан ойын соңын меңгеру, дұрыс талдау – тоғызқұмалақ теориясындағы басты мәселенің бірі. Осы нұсқауда ойын соңын талдауға арналған партиялар арқылы – шебер ойыншылардың өздері де бұрын байқамаған соңғы жүрістерді байқауына болады.
Комбинациялық ойын. Тұздықты құрбандыққа шалып, құмалақ жинау ойыны.

Шотай М. (Түркістан) – Мырзабеков М. (Қызылорда)

ҚР президентінің кубогі, 10.12.03, Қызылорда

1. 43 (10) 98

2. 99 (12) 88 (12)

3. 91 (24) 91 (24)

4. 68 (26) 12

5. 57 (38) 68Х (27)

6. 2-4 12 (28)

7. 3-6 (40) 37 (29)

8. 12 34

9. 6-1Х (43) 29х (37)

10. 12 91














37













1

2

3

2

15

17

1

1

Х

1

4

2

7

5

2

19

Х















43












11. 4-1х (44) 91 (40)

12. 5-1х (45) 89 (41)

13. 91х (46) 79

14. 34 89

15. 45 67

16. 56 89

17. 34 78

18. 6-1х (47) 78 (42)

19. 91х (48) 5-1х (43)

20. 46 (49) 94 (45)














45













1

3

1

2

1

17

1

1

Х

2

6

2



3

3

23

Х

2













49












21. 91х (50) 4-2х (46)

22. 13 (51) 91 (48)

23. 36 82

24. 12 45

25. 2-2х (52) 24 (49)

26. 7-4х (54) 24 (51)

27. 6-3х (61) 79 (52)

28. 23 81 (54)

29. 67 89

30. 5-2х (62) 24 (55)














55













6



1

4

4

5

1

1

Х



1

4

4

1

1

5

Х

7













62














Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет