48
- аспалы – мұздықтың
табаны тік кемермен бұзылады, жəне оның
үстіндегі мұзды ағыны уақыт өте келе көшкін түрінде төмен құлайды.
Жабынды мұздықтар көбінесе полярлы аудандарда пайда болады. Олар
үлкен
алаңдарды
қамтиды
жəне
мұздық
жабынының
едəуір
қалыңдылығымен сипатталады. Жабынды мұздықтардың беткейі көбінесе
орталық бөлігі көтерілген дөңес қалқанның пішініне ие.
Аралас мұздықтардың түрлеріне таулы үстірт (плоскогорье)
мұздықтары жатады, олар жалпақ (бағана тəрізі) немесе жалпақ-дөңесті
таулардың шыңында пайда болады. Аралас деп оларды жоғарыда аталған екі
түрлердің қасиеттерінің араласуымен сипатталады.
Жыныстарды бұзу жəне ұңтақту
бойынша мұздықтың бұзушылық
əрекеті
экзарация (жырту) немесе
мұздық эрозиясы деп аталады. Мұздықтар
жылжыған кезде ірі бұзушылықатарды жасайды. Олар жартастарды кесіп,
жыраларды жыртып, түйіршіктерді тегістейді. Сызаттың тереңдігі
миллиметрмен, ені – сантиметрмен, ал ұзындығы метрмен өлшенеді.
Сызаттардың орналасуына қарай мұздықтардың
жылжу бағытын білуге
болады. Нəтижесінде жер бедердің эрозионды пішіндері пайда болады.
Жалғыз тегістелген жартастарды
қоймаңдайлар деп атайды, ал олардың ұсақ
төмпештелген жəне тереңделген жиынтығын
бұйра жартастар деп айтады.
Достарыңызбен бөлісу: