41
1.6.2. Желдің геологиялық əрекеті
Желдің геологиялық жұмысы деп қозғалатын ауа ағысы арқылы өтетін
Жер беткейіндегі өзгерістерді айтады.
Желдің əрекетімен бірге жүретін барлық үрдістерді
эолді үрдістер деп
атайды, ал жер бедердің пішінің жəне шөгінділерді –
эолды.
Желдің бұзушылық əрекеті
дефляция мен
корразиядан тұрады.
Дефляция деп тау жыныстардың ұсақ бөлшектерін үрлеу мен
ыдыратып жіберу үрдісін айтады. Шөлдерде жəне таулардың үстінгі
бөліктерінде ауаның ағысы барлық жарықтар
мен терең жерлерге кіріп,
олардан физикалық үгілудің борпылдақ өнімдерін үрлеп шығарады.
Корразия (қажаймын) – ашылған тау жыныстарды механикалық
өңдеуінде; желмен бірге қатты бөлшектер жерден көтеріліп тау жыныстарға
соққан
кезінде қажалу, тырнау, тегістелу,
ойықтардың пайда болуы
қарастырылады. Осының нəтижесінде əртүрлі пішіндерді қарастыруға
болады, мысалы мұнаралар, қамалдар, ескертікштер түріндегі қалдықтарды.
Желдің жасампаз бен аккумулятивті əрекеттері
оның бұзушылық
əрекетімен бірге жүреді. Ауданның жер бедеріне қарай,
оның беткейін
өсімдіктер жабу сипатына жəне желдің жылдамдығына қарай желмен
əкелінген бөлшектердің аккумуляциясы (шөгілу жəне жиналу) болады.
Құмды-сазды жыныстар пайда болады – эолды түзілімдер:
құмдар мен
лесстер. Эолды құмдарға дұрыс емес,
қисық қат-қабатталу сипатты, ол
желдің бағыты бірнеше рет өзгеруімен байланысты.
Лёсс – ашық-сары, сұрлы-сары біркелкі емес борпылдақ жыныс,
шаңның бөлшектерімен құралған жəне олардың мөлшерлері 0.05 – 0.01 мм
(>50%) болады.
Эолды аккумулятивті бедерінің пішіндері – бархандар, дюналар.
Бархандар – орақ тəрізді
құмды төбелер, олар желдің бағытына
перпендикулярды орналасады.
Дюналар барханға ұқсасты пішіндерге ие, биіктігі 100 метрге дейін жетеді.
Бір-бірімен қосылған нəтижесінде дюналы валдар құралады. [4]
Достарыңызбен бөлісу: