44
1.6.4. Жер асты сулардың геологиялық əрекеті
Жер беткей сулары тау жыныстардың əртүрлі қуыстарын (жарықтар,
кеуектер ж.т.б.) толтырып жəне жер қыртысының терең жерлеріне сіңіп жер
асты суларын құрайды. Кейбір жер асты сулары, магмадан бөлінген кезінде
су булары жиналу арқылы пайда болады.
Жер асты сулар пайда болу жолына қарай келесі түрлерге
ажыратылады:
инфильтрационды,
конденсациялық,
седиментациялық
(немесе реликтті), магматогенді (ювенильді).
Инфильтрационды сулар. Атмесфералық тұнбалар, өзендер мен
көлдердің сулары жыныстардың кеуектері жəне
жарықшақтары арқылы
сіңудің нəтижесінде пайда болады.
Конденсациялық сулар. Топырақтағы судың булары сұйық түрге
айналудың нəтижесінде пайда блады.
Седиментациялық сулар. Су қоймалардың түбінде шөгінділердің
ішінде жиналған сулар.
Магматогенді сулар. Жер асты сулары жер қыртысының терең
жерлерінен
қалыптасады, олардың пайда болуы балқыланған магма сумен
байланысты.
Жер асты сулардың жатыс жағдайлары
Жер қыртысы əртүрлі жыныстармен құралған. Су өткізетін
жыныстардың қабаттары су өткізбейтің қабаттарымен алмасып орналасады.
Атмосфералық тұнбалар ауырлық күштердің əсері
арқылы төменгі
қабаттарға сіңіп, бірінші су тірегіште жиналды, осылай сулы көкжиек пайда
болады.
Сулы көкжиектің құрылысында келесі элементтерді қарастырады:
Табаны.
Сулы қабат.
Айна немесе грунт суларының деңгейі.
Жер асты сулары жатыс жағдайларына байланысты келесі түрлерге
бөлінеді:
Топырақты.
Қалқымасу.
Грунтті.
Пластаралық.
Қалқымасу сулары. Аэрация зонасында терең емес жерлерде
орналасқан жер асты суларды айтады. Олардың пішіні линзалар жəне
астында су өткізбейтін жыныстар орналасады. Осындай линзалардың
қалыңдылығы 2-3 метрге дейін жетеді.
Грунтті сулар. Атмосфералық сулар үстінен астына сіңген кезде су
тірегіш қабатқа дейін жетеді, кейін көлденең бағытта орынын ауыстырады,
біртіндеп тау жыныстардың барлық қуыстарын толтырды. Осылай сулы
көкжиектер пайда болады.
45
Сулы көкжиек. Жыныстың
қабатында барлық кеуектер, қуыстар,
жарықшақтар сумен толған болады. Осында əр пласттың жабыны мен табаны
болады. Жер беткейінен бірінші тұрақты сулы көкжиек
грунтты сулардың
көкжиегі деп аталады.
Пластаралық сулар. Пластаралық
сулардың айырмашылығы, тек
олардың екі су тірегіштердің арасында орналасуында, яғни үстінен жəне
астынан шектелген болады.
Қысымсыз
гидродинамикалық
жүйелер.
Грунтты
сулардың
бассейндеріне сипатты, олар табиғи қысымға ие емес.
Су өткізетін қабат жердің беткейіне шыққан кезде, оны атмосфералық
сулар толтыра бастайды, осы жерді көріктену облысы деп атайды. Біртіндеп
атмосфера сулары төмең жылжи бастайды, нəтижесінде
барлық қабатты
толып бастайды. Қабат бойымен жылжу кезінде, су оның басқа жер беткейіне
шығысы бар участкелеріне жетіп, өздігінен құйылады,
осылай жер асты
сулардың қоймалары пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: