42
Жауын-шашын тұнбалар болған кезде жəне олардың борпылдақ қабаттармен
құралған жазықтық участкелерде əсер етудің нəтижесінде, уақытша
сызықтық науалардан жыралар пайда болады.
Өзендер. Өзен бассейндері
Өзендер ірі, тұрақты жұмыс істейтін су ағындары.
Өзендердің
көріктенуі атмосфералық тұнбалар,
жер асту сулар, мұздықтар еріген
кезіндегі пайда болған сулар арқылы жүзеге асырылады (3 сурет).
Өзендермен тасмалданған барлық материалдар (малтатастар, кесектастар,
құм жəне басқа жыныстар) су ағысының
жылдамдығы төмендеген кезінде,
бір жерге жиналады, оларды аллювий деп атайды.
Аллювий деп өзен
шөгінділерін айтамыз.
Аңғар – жер бедерінде ұзын созылған ойыс.
3 сурет. Ертіс өзенінің оң жақ жағалауы. (ШҚО, Семей қ.)
Аңғардың келесі геоморфологиялық элементтерін ажыратады:
Арна – аңғардың бөлігі, əрқашанда сумен толған.
Жайылма - аңғардың бөлігі, бірақ тек су тасу кезінде толады.
Террасалар – бұрыңғы жайылмалардан қалған баспалдақ тəрізді
кемерлер.
Өзен аңғарының дамуы – судың қызметінің эрозиялық пен
аккумулятивті үрдісі. Эрозия екі түрде жүреді:
Тереңдік эрозия түрінде – аңғарлар тереңдікке шайылып бұзылады.
Бүйірлік эрозия түрінде – аңғардың ені бойынша кеңейілуі.
Уақыт бойы өзен келесі кезеңдерден өтеді:
жастық, кемелдік,
қарттық.
43
Жастық кезеңде өзеннің даму сатысында тереңдік (түпкі) эрозия өтеді.
Арнаның тез тереңделуі аңғардың пайда болуына əкеледі, олар V-тəрізді
пішінге ие болады.
Өзеннің тепе-теңдік профилі пайда болуына қарай келесі сатыға ауыса
бастайды. Осы сатыда бүйірлік эрозия басталады. Ағыстың жоғары жағында
тереңдік эрозия шамамен байқалады.
Қарттық сатыда су ағысының жылдамдығы төмендейді. Аңғар кеңейеді жəне
көпшілік көне көлшіктер мен меандірлер пайда болады.
Егер кемелдік жыраның түбі грунтты суларға дейін жетсе, онда
жас
(өзен) аңғары пайда болады, ал жетпесе, онда жыра осындай түрде көп
уақытқа
дейін қалады, нəтижесінде бүйірлері тегістеледі,
өсімдіктермен
жабылады жəне
сайға ауысыда (4 сурет).
4 сурет. Жыра
Достарыңызбен бөлісу: