А. М. Турлыбаева, М. С. Москальцева, А. С. Хажиякпарова, Ю. С. Махмутова жалпы геология



Pdf көрінісі
бет67/89
Дата31.01.2024
өлшемі2.9 Mb.
#490380
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   89
2 Жалпы геология (1)

 
Жыныстың атауы: 
Құрылысы ірі түйіршікті, орта түйіршікті, ұсақ түйіршікті, жіңішке 
түйіршікті. Қальциттен құралған. Тұз қышқылымен белсенді əрекеттеседі. 
Шыныны сызған кезде ізді қалдырмайды. Түйіршіктердің беткейі тегіс 
(жымдастығы жетілген). Мəрмəр əртүрлі түстерге ие, көбінесе шұбарлы 
боялған жəне таңырқатқыш суреттерге ие. Мəрмəр қайталанбас суреттермен, 
түстермен таң қалдырады. Қара түсі құрамында графит болудың 
нəтижесінде, жасыл – хлориттің, қызыл мен сары – темір тотықтар мен 
гидрототықтардың болуы нəтижесінде. 
Айырмашылық белгілері: түйіршікті құрылым сипатты, кальциттің 
болуы, төмен қаттылығы (шыныда із қалтырмайды). Кварцитпен яшмадан 
айырмашылығы – олар тұз қышқылымен əрекеттеспейді.
Қолдануы: қаптау, сəндік жəне мүсіндік материал ретінде. Мəрмəр 
ғимараттарды, вестибюльдерді, метро жер асты залдарын əрлеуде, түсті 
бетондардағы толтырғыш ретінде пайдаланылады, плиталарды, ванналарды, 
қолжуғыштарды жəне ескерткіштерді дайындау үшін жүргізіледі. Мəрмəрден 
əсем кубоктар, шамдар, түпнұсқа үстел аспаптары жасалады. Тен пештерінің 
мəрмəрі, шыны, электротехникалық өнеркəсіптегі, сондай-ақ жол ісіндегі 
құрылыс материалы ретінде, ауыл шаруашылығындағы тыңайтқыш ретінде 
жəне əкті күйдіру үшін қолданады. Мəрмəр үгіндісінен əдемі мозаикалық 
панно мен плитка жасалады. 


104 
Кенорындары: Краснояр өлкесінде (Кибик-Кордонское), Оралда, 
Алтайда, Карелияда, Арменияда, Грузияда, Өзбекистанда, Тəжікстанда, 
Қырғызстанда, Əзербайжанда жəне Қиыр Шығыста.
 
Жыныстың атауы: 
Құрылысы ұсақ түйіршікті, жіңішке түйіршікті. Кварцит – кварцтің 
түйіршіктері, олар кремнеземмен байланыстырған. Кварцтан құралған. 
Түстері əртүрлі. Біртекті бояуға ие. Жоғары қаттылыққа ие (шыныны 
сызады). Берік, дыбысты. Түйіршіктердің беткейі тегіс емес. Сынған 
жерлерінде жылтыр.
Айырмашылық 
белгілері: 
мəрмəрдан 
жоғары 
қатталықпен 
ажыратылады жəне тұз қышқылымен əректетеспейді.
Қолдануы: тау жыныстарының арасында кварцит ұзақ уақытқа тең. Ол 
оттан, ыстық сілтіден, күйдіргіш газдардан, қышқылдардан жəне тіпті "патша 
арағынан" қорықпайды. Ол отқа төзімді кірпіштерді – динас, қайрағыш 
тастарды, диірмендерді, бөренелерді, плиталар мен шағыл тастарды (жол 
ісінде, бетон жұмыстары үшін қолданылады) дайындауға барады; сонымен 
қатар қаптау материалы ретінде пайдаланылады.
Кенорындары: Карелияда, Алтайда, Украина (Кривой Рог ауданында), 
Курск магниттік аномалия ауданында. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет