100
қабатшылығы əлсіз көрінеді. Кизельгур, немесе диатомды жер – борпылдақ
ұнды, бор тəрізді диатомит.
Пайда болуы: диатомит жəне трепел теңіз жəне тұщы су бассейндерде
пайда болады, жəне пайда болуы органогенді болып келеді.
Көлді трепел
кизельгур немесе инфузорлы жер деп аталады.
Қолдануы: бояу, химия жəне керамикалық өнеркəсіпте, динамит
жасауда, ағарту материалы ретінде, жылу жəне дыбыс оқшаулау үшін
пайдаланылады. Сондай-ақ, кеңсе резеңкесіне, сургучқа, папье-маше, гипске
толтырғыш ретінде,
цементке қосымша ретінде, отқа төзімді жəне жеңіл
кірпіштерді дайындау кезінде, түтін шымылдығын, сұйық шыныны алу үшін,
сабынды жасаған кезде толтырғыш ретінде,
сіріңке өндірісінде, жұмсақ
тегістейтін материал ретінде пайдаланылады. Шарап жасауда жəне мұнай
өнімдері мен қышқылдарды тазарту кезінде сүзгіш зат ретінде, синтетикалық
каучук дайындау үшін,
сондай-ақ химия, тамақ, целлюлоза-қағаз
өнеркəсібінде, медициналық тəжірибеде жəне ауыл шаруашылығындағы
тыңайтқыш ретінде пайдаланылады.
Кенорындары:
Орта
Поволжьеда,
Донбасста,
Молдавияда,
Арменияның оңтүстік жағында, Исландияда (Миватн көлінің түбінде).
№2.4.14 тапсырма
Шөгінді жыныстар – аралас жыныстар
Жыныстың атауы:
Құрамында құм бар саздар. Құрылысы топырақты.
Саусақтардың
арасында жеңіл үгітіледі, үгіткен кезде кұм түйіршіктері сезіледі. Түсі ашық-
қоңырлы, сары. Саздың иісіне тəн. Сумен бірге иілімді массаны құрайды.
Суда ұю кезінде құмды, содан кейін сазды бөлшектер шөгеді.
Айырмашылық белгілері: топырақты құрылысы.
Алуан түрліктері: Дөңбектасты саздақ
– құрамында ірі дөңбектастар
болады. Пайда болуы мұзды –тасмалданған жəне шөгілген түйіртпекті
материал. Лёссты саздақ, түсі ақ, қоңырлы, сарғыш. Саусақтардың арасында
тез жеңіл ұңтаққа үгітіледі. Тұз қышқылымен жақсы əрекеттеседі. Суда тұну
кезінде құмның бөлшектері өте аз болады.
Қолдануы: құрылысты кірпіштерді жасау кезінде жəне силикатты
өнеркəсіптікте.
Достарыңызбен бөлісу: