А. М. Турлыбаева, М. С. Москальцева, А. С. Хажиякпарова, Ю. С. Махмутова жалпы геология



Pdf көрінісі
бет64/89
Дата31.01.2024
өлшемі2.9 Mb.
#490380
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   89
2 Жалпы геология (1)

 
Жыныстың атауы: 
Құмдақтардан айырмашылығы, оның құрамында құмның мөлшері сазға 
қарағанда көбірек болады. 
 
Жыныстың атауы: 
Саздың құрамында 50% ізбестас болады. Құрылысы тығыз
топырақты. Тұз қышқылымен жақсы əрекеттеседі, жəне əректетесу 
орынында кір дақ қалады. Түсі ақ, сұр, сарғыш, қоңырлы, қызғылт, жасылды, 
қара. Тез үгіледі жəне ұсақ бұрышты кесектерге бөлінеді. Егер жыныстың бір 


101 
бөлігін тұз қышқылында ерітіп, шайқаса, көп тұнба береді жəне балшық 
тұнбаларын түзеді. Саздың иісіне тəн.
Айырмашылық белгілері: мергельде тығыз, топырақты құрылым 
сипатты, тұз қышқылымен əрекеттесуі, сазды иіс.
Пайда болуы: мергельдің шөгілуі теңіздер мен көлдерде өтеді. 
Ізбестасты жəне сазды тұңбалар бірге шөгілген кезде пайда болады.
Қолдануы: цемент өнеркəсібінде мергель қолданылады жəне ауыл 
шаруашылығында тыңайтқыш ретінде. 
Кенорындары: Кавказда Черноморск жағалауында, осы жерлерде олар 
Новороссийсктен Геленджикке дейін созылады. Жəне Поволжьеда, 
Заволжьеда, Приуральеда. 
№2.4.15 тапсырма 
Метаморфты жыныстар 
Жыныстың атауы: 
Құрылысы топырақты-жіктасты. Құрамында кварц, далалық шпаттар, 
слюдалар, кейде мүйіз алдамшы. Минералогиялық құрамы жəне бояуы 
бойынша гранитке ұқсасты.
Айырмашылық белгілері: гнейске түйіршікті-жіктасты құрылыс 
сипатты, құрамында далалық шпат, кварц болады. Гнейс гранитке ұқсасты, 
тек құрылымымен ажыратылады: гнейсте түйіршікті-жіктасты, гранитте 
түйіршікті.
Пайда болуы: шөгінді тау жыныстардан пайда болса оларды 
парагнейстер деп атайды, магмалық жыныстардан пайда болса – 
ортогнейстардеп аталады.
Қолдануы: үшкіртастарды, тақтараларды, бутты жасауда.
Кенорындары: Карелияда, Оралда, Кавказда, Шығыс Сібірде, Орта 
Азияда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет