А. МҰратқызы, А. Е. Бекшойнова, С. К. Серикова, М.Қ. ТӨлеуова отбасылық ТӘрбиенің негіздері



Pdf көрінісі
бет132/157
Дата03.01.2022
өлшемі1.54 Mb.
#451283
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   157
Отбасылық тәрбиенің негіздері

Үшінші қағидат -полилог. Отбасы мен мектептің өзара іс-қимылының 
бірі субъект-субъект, полилогиялық, серіктестік қарым-қатынас. Бұл қағидат 
өзара  сенім  мен  құрметтеуді,  қолдау  мен  көмекті,  бір-біріне  қатысты 
жауапкершілікті,  ата-аналарды  өз  мүдделері,  қажеттіліктері,  өзінің 
ұстанымымен субъектілер ретінде қабылдауды көздейді.
Төртінші  қағидат -отбасымен өзара  іс-қимылды ізгілендіру:  ата-
аналар  мен  балалардың  жағымды  қасиеттеріне  сүйену;  ата-ана  беделін 
арттыруға бағытталған іс-әрекеттерді жүзеге асыру; әр отбасының өмір сүру 
жағдайын,  ата-аналардың  жасын,  тәрбиелеу  мәселелерінде  дайындық 
деңгейін  есепке  алу; ата-аналардың  тәрбие  мүмкіндіктеріне  деген  сенімі;
тәрбиесінің мықты жақтары, тұлғаның табысты дамуына бағдар беру.
Осылайша,  отбасы  мен  мектептің  өзара  іс-қимылының  белгіленген 
қағидаттары  педагогтар  мен  ата-аналардың  ынтымақтастық  қатынастарын 
неғұрлым  тиімді  орнатуға  бағытталған  педагогикалық  қызметті  жүзеге 
асыруға  мүмкіндік  береді  және  тек  олардың  тұтас  қолданылуы  қойылған 
мақсаттарға табысты қол жеткізуге ықпал етеді.
Отбасы мен педагогтердің өзара әрекеттестігінің мақсаты: білімнің 
білігін,  тәрбиенің  мәдени  құндылықтарын  тәлімдеп  бере  отырып  ұлттық 
үлгіден  әлемдік  білім  кеңістігіне  шығу.Мектеп  пен  отбасы,  жұртшылық 
ынтымақтастықта бала тәрбиелеуі соңғы жылдарда жазылған ғылыми зерттеу 
еңбектерінде білім беру сапасы отбасы мен мектептің әрекеттестігімен тығыз 
байланысты 
екені 
зерттеу 
нысанасына 
айналған.
Мәселен, 
Г.К.Байделдинованың  «Болашақ  ұстаздарды отбасы  мен  мектептің 
ынтымақтастығын  ұйымдастыруға  дайындаудың  ғылыми-теориялық  негізі», 
Қ.Т.Әтемованың «Оқушыларға гумандық қаситтерді қалыптастыруда мектеп 
пен  отбасының  бірлескен  жұмысы»,  А.А.Шарафадиннің  «Отбасында  ата-
ананың  балаға  тәрбиелік  ықпалын  арттырудың  педагогикалық  шарттары», 
С.С.Қоңырбаеваның  «Жоғары  сынып  оқушыларын  отбасылық  өмірге 
этномәдени  құндылықтар  негізінде  даярлаудың  педагогикалық  шарттары» 
Д.Ә.Нұрғалиеваның  «Тәрбие  процесінде  5-9  сынып  оқушыларының 
адамгершілік  құндылықтарын  қалыптастыру»,
Ш.М.Шүйіншинаның 


86
«Оқушылардың білім сапасын арттырудағы отбасы мен мектептің бірлігінің 
педагогикалық  шарттары»,  Ұ.Ә.Есімнің  «Қазақ  отбасында  халықтың 
педагогикалық  құралдары  арқылы  мектеп  жасындағы  қыз  баланы 
тәрбиелеудің  педагогикалық  шарттары»,  Г.Колесованың  «Оқу-тәрбие 
жұмысының  меңгерушісінің  отбасы  мен  педагогикалық  ұжымының  өзара 
әсерін  ұйымдастыру»  атты  ғылыми-зерттеу  еңбектерінде  бұл  мәселе  түрлі 
аспектілерде қарастырылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет