Ата-аналарды оқу-тәрбие үдерісіне тарту. Ата-аналарды оқу-тәрбие
процесінде мына қызмет түрлеріне тартуға болады: балалар мен ата-
аналардың шығармашылық күндері; ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-
шаралар; сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру; мектеп пен сыныптың
материалдық-техникалық базасын нығайтуға көмектесу.
Ата-аналарды мектеп басқаруына тарту.Ата-аналардың оқу-тәрбие
үрдісін басқаруға қатысуын келесі қызмет түрлері арқылы ұйымдастыруға
болады: сынып ата-аналарының мектеп кеңесінің жұмысына қатысуы; ата-
аналардың ата-аналар комитетінің жұмысына қатысуы (4.1-кесте) [3].
4.1-кесте