А. МҰратқызы, А. Е. Бекшойнова, С. К. Серикова, М.Қ. ТӨлеуова отбасылық ТӘрбиенің негіздері


Балабақша  мен  отбасы  арасында  серіктестік  қарым-қатынас



Pdf көрінісі
бет128/157
Дата03.01.2022
өлшемі1.54 Mb.
#451283
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   157
Отбасылық тәрбиенің негіздері

Балабақша  мен  отбасы  арасында  серіктестік  қарым-қатынас 
орнатуда педагог келесі қағидаттарды басшылыққа алуы қажет:
1. Ата-аналарды балабақша өміріне қатысуға тарту, ата-аналармен және
балалармен бірге шешім қабылдау. Ата-аналардың өз балалары мен олардың 


84
қабілеттері, білімдері туралы, балаларын оқытуға қатысу құқығын мойындау 
тәсілдерін пайдалану.
2. Балабақшадағы  ынтымақтастық  пен  серіктестік  қарым-қатынасты
көтермелеу. Ынтымақтастық бойынша оқыту балаларға тұлға аралық қарым-
қатынастың жаңа білімі мен дағдыларын алуға мүмкіндік беру.
3. Балалардың  ойын  әрекетіне  және  топ  өміріне  қатысуға
отбасыларының оңтайлы қол жеткізуін қамтамасыз ету.
Жас ұрпақтың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайрымдылық, 
яғни  адамгершілік  құнды  қасиеттерді  сіңіріп,  өз-өзіне  сенімділікті 
тәрбиелеуде,  оқу  – тәрбие  процесінің  мазмұнын,  сапасын  және  тиімділігін 
жақсарту үшін отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның ынтымақтасып жұмыс 
істеулері аса маңызды болып табылады. Ынтымақтастық міндеттерді шешуде
педагогтар  ата-аналардың  психологиялық-педагогикалық  ағартуына  қатысу, 
отбасыларды,  олардың  тәрбиелік  мүмкіндіктерін  зерделеу,  ата-аналарды 
балабақшаның білім беру жұмысына тартуды талап етеді. Мектепке дейінгі 
мекеменің ата-аналарымен ынтымақтастықтың негізгі міндеттері мен үлгілік 
мазмұны  жылдық  жоспарда,  меңгеруші  мен  әдіскердің  жеке  жұмыс 
жоспарында  белгіленеді.  Балаларды  тәрбиелеуде  оң  нәтижелер 
ынтымақтастықтың  түрлі  формаларын  шебер  ұштастырып,  жұмысқа  осы 
мекеме  ұжымының  барлық  мүшелері мен  тәрбиеленушілердің  отбасын 
белсенді түрде қосқанда ғана қол жетеді. «Адамгершілік тәрбиесінің басты 
тәсілдері еңбекпен ата-аналарының үлгісі» - деп Ыбырай атамыз айтқандай, 
мектепке  дейінгі  жаста  балаларды  адамгершілікке  тәрбиелеудің  негізгі 
міндеттері:  ізгілік  бастамасымен  тәрбиелеу,  балалар  мен  үлкендер 
арасындағы  саналы  қарым-қатынас,  тұрмыстың  қарапайым  ережелерін 
орындау,  кеңпейілдік,  қайырымдылық,  жақын  адамдарға  қамқорлықпен 
қарау және т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет