ПЕДАГОГПЕН АТА-АНАЛАР ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ
ҰЖЫМДЫҚ
ТОПТЫҚ
ЖЕКЕ
1.
Ата-аналар жиналысы
1.
Ата-аналар комитетімен
өзара әрекеттесу
1.
Әңгімелесу
2.
Ата-аналар дәрісбаяндары
2.
Шығармашылық топпен
жұмыс
2.
Рухани әңгімелесу
3.
Тәжірибе алмасу конференция
3.
Топтық кеңес беру
3.
Үйде бақылау
4.
Сұрақ және жауап кеші
4.
Ата-аналар үшін
тәжірбиелік сабақтар
4.
Кеңес-ойлау
5.
Пікірталас-ой толғау (тәрбие
беру мәселелері)
5.
Клубтар
5.
Жеке тапсырмаларды
орындау
6.
Мектеп әкімшілігі,
мұғалімдермен кездесуі
6.
Тестілеу
6.
Хат алмасу
7.
«Ашық есік күндері»
7.
Телефонмен хабарласу
87
Бұл формаларды жүзеге асыру жолдары:
- ата-аналар активі (сынып, мектеп);
- қызығушылықтарына қарай бірлестіктер, үйірмелер, секциялар;
- мектепте не сыныпта қандай да бір мәселелерді шешетін ата-аналар;
- балаларды тәрбиелеуде мәселелері бар ата-аналар;
- қыздарды тәрбиелейтін ата-аналар (ұлдар);
- бір баланы тәрбиелеп отырған ата-аналар (көп бала);
- дамуында және мінез-құлқында ауытқулары бар ата-аналар.
Ата - анамен жеке жұмыстың қосалқы түрлері:
1. Ерекше назар аударуды қажет ететін ата-анамен жұмыс (балалардың
оқу үлгерімі, тәртібі, мінез - құлқы, икемділік қабілеті).
2. Ата - аналардың жақсы істерін насихаттау, мадақтау.
3. Кеңес қажет ететін ата – аналарға кеңес беру, ескерту.
Сынып жетекші мен ата-ана ынтымақтастығының қосымша түрі:
1.Оқушыларды секция, үйірме жұмыстарына қатыстыру.
2. Сәтсіз отбасылар мен жасөспірімдерді қамқорлыққа алу.
3.Материалды - техникалық базаны нығайтуға көмек көрсету.
4. Ата - ана комитеті мүшелерімен байланысты нығайту.
Сыныптан тыс уақыттарда мектепішілік жүргізілетін жұмыстар:
1.«Қызықты адамдармен кездесу клубы»: негізгі идея – жеке және
кәсіби табысқа жеткен адамгершілік ізденістер арқылы белгілі адамдардың
өмірлік тәжірибесін тану және ұғыну;
2.«Екі жұлдыз» ән байқауы: идеясы-бірлескен ән шығармашылығы
арқылы таланттарды анықтау, көрермендерге тарту, өзін-өзі жетілдіру,
педагогикалық және оқушылар ұжымдарын біріктіру.
3.«Мейірімділік диалогы». Мақсаты - қызықты адамдармен кездесу,
оларды өз адамгершілік - рухани құндылықтарымен бөлістіру.
Ата-аналар мен баланың бірлескен қызметі, жалпы қызығушылығы,
істерге қатысу шынайы рухани жақындыққа әкеледі. Шешімдерді, үй және
отбасылық мәселелерді бірлесіп іздеу, шығармашылық тапсырмаларды шешу
және орындау, отбасылық салт-дәстүрлерді құру, бірлесіп серуендеу,
отбасылық мерекелер ата-аналарға өздерінің құндылықтар мен адамгершілік
сенімдер жүйесін беруге көмектеседі.
Қазіргі таңда мектептерде жас ата-аналар отбасылары көп. Сондықтан
мектептің әр буындарына бастауыш, орта және жоғарғы сыныптардағы жас
ата-аналар отбасына арналған клубтардың жұмысын ұйымдастыру өте
маңызды. «Жас ата-аналар отбасы» клубы сабақтарын әр түрлі формада
өткізуге болады. Бұл конференция, дебаттар, кездесулер, кештер, ата-аналар
семинарлары, рөлдік ойындар, диалог алаңы және т.б. болуы мүмкін.
Бірлескен іс-әрекет барысында ата-аналар өз баласына өзін ересек, өз
бетінше сезінуге көмектеседі. «Жас ата-аналар отбасы» клубында жоспар
бойынша 10 отырыс өткізуге болады (4.2-кесте)
88
4.2 -кесте
Достарыңызбен бөлісу: |