6. Сезімтал стиль. Мұндай стиль отбасының материалдық
жетіспеушілігі, тұрмыс жағдайы нашар, ерлі-зайыптылар арасында рухани
жақындық жоқ немесе толық емес отбасы жағдайларында туындайды.
Баланың ойыншықтары жоқ, құрдастарымен аз қарым-қатынас жасайды,
барлық уақытта ересектердің қызметіне қосылған. Ата-аналар үй істерінен
босағанда баламен қуана сөйлеседі, бірақ көп емес. Баланы жақсы көреді,
өмірдің барлық қиыншылықтарын онымен бірге бөліседі, оны табиғи,
психологиялық шамадан тыс күштерден қорғауға тырысады.
Достарыңызбен бөлісу: |